Материалдық ресурстарды жұмсау – олардың өндірістік тұтынылуын көрсетеді. Өндірістегі шығындар өнімді шығару бағдарламасын орындауға кеткен материалдық ресурстардың барлық шамасын қамтиды. Материалдық ресурстарды тұтыну жалпы және үлестік шығындар бойынша сипатталады.
Бір тектес материалдық ресурстардың жалпы шығыны натуралды түрде көрсетіледі; әр түрлі материалдық ресурстардың жинақталған шығынын ақшалай түрде өрнектеп көрсету қолайлы.
Ресурстардың үлестік шығыны дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында бір өнім бірлігін өндіруге кеткен шығын. Оны табу үшін барлық шығын санын немесе оның ақшалай мөлшерін өндірілген өнім көлеміне бөлу керек.
Y=P/Ө. Мұндағы
Y - ресурстың үлестік шығыны
P – жұмсалған барлық шығын
Ө – өндірілген өнім көлемі
Кәсіпорында барлық материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтайтын маңызды көрсеткіш - материал сиымдылығы (Мс) және оған кері көрсеткіш - өнімнің материал қайтарымдылығы (Мқ).
Материал сиымдылығы (Мс) және өнімнің материал қайтарымдылығы (Мқ) тауары өнім көлемінде (Тө) есептегенде төмендегі формуламен анықталады.
Мс = Мш/Тө (7.1)
Мқ = Тө / Мш (7.2)
Осы екі көрсеткішті сатылатын өнім көлемімен есептейтін болсақ былайша өрнектеп көрсетуге болады:
Мс = Мш/Сө (7.3)
Мқ = Сө /Мш (7.4)
Кәсіпорында айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады:
айналым қаражатының айналым коэффициенті;
айналым қаражатының жүктелу коэффициенті;
айналым қаражатының айналыс коэффициенті;
Айналым құралының айналым коэффициенті (Ка) –бір жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипатталады; яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасын (ай, тоқсан, бір жыл) тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құралының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді: