Айналым. Төрт мүмкін жауаптың біреуін ғана таңдауды қажет ететін тест тапсырмалары ұсынылады.



бет1/6
Дата15.02.2023
өлшемі33,32 Kb.
#68108
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8 кл олимп


8 – сынып. Биология пәнінен мектепшілік олимпиада тапсырмалары.
І айналым. Төрт мүмкін жауаптың біреуін ғана таңдауды қажет ететін тест тапсырмалары ұсынылады. (әр дұрыс тест тапсырмасы үшін 2 балл).
Бір ғана жауапты таңдаңыз .

1.Гүлдің ең негізгі бөлімдері:


A) аналық мойны және аналық аузы B) аналық және аталық
C) гүлсағақ және гүлтабан D) күлтежапырақшалар
E) тостағанша жапырақша

2.Жемістің түзілуі :


A) аналық жатынында B) аналық мойнында C) аналық аузында
D) аталықтарда E) тұқымбастамада
3.Жүгерінің жемісі-:
A) Жидек. B) Тұқымша. C) Бұршаққын. D) Бұршаққап. E) Дәнек.

4.Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны-


A) Көң (қи), қарашірік. B) Шымтезек. C) Күл. D) Саңғырық. E) Құм.

5.Жемісінде органикалық қышқылдар бар өсімдік -


A) жүгері. B) арпа. C) қарабидай. D) асбұршақ. E) қызанақ.

6.Бұршақтұқымдас өсімдік тұқымдары өте бай:


A) Ақуызға(нәруызға) B) Майларға. C) Минералды затқа.D) Крахмалға. E) Суға.

7.Сүйекті шырынды жеміс-


A) Картоп B) Қарақат C) Алхоры D) Алма E) Жүзім

8.Кактустың түрі өзгерген сабағы:


A) Пиязшық B) Тамырсабақ C) Шырынды D) Сояу E) Түйнек

9.Жапырақтары параллель (қатар)жүйкелі өсімдік:


A) Астық тұқымдастар. B) Алқа тұқымдастар. C) Бұршақ тұқымдастар.
D) Раушан гүлділер E) Мүктер
10.Органикалық заттар түзіледі
A) тамырда B) жемісте C) пиязшықта D) жапырақта E) гүлде

11.Қынаның денесінде селбесіп тіршілік ететін балдырлардың саңырауқұлақтардан алатын заты


A) Ауа. B) Көмірсу. C) Органикалық заттар. D) Майлар.E) Минералды заттар және су.
12.Ішекқуыстылардың денесі-
А) екі қабатты. B) көп қабатты. C) бір жасушалы. D) бір қабатты. E) үш қабатты.

13.Қосжарнақты класының өсімдіктері:


A) Жүгері. B) Бидай. C) Інжугүл. D) Лалагүл. E) Үрмебұршақ.

14.Актинияның тіршілік ететін мекені-


A) мұхиттар. B) топырақ. C) көлдер. D) теңіздер. E) тұщы су.

15.Энцефалит ауруын жұқтырушы жәндік:


A) Тарақан. B) Тайга кенесі. C) Өрмекші. D) Бүйі. E) Шұбалшаң.

16.Адамның бүйенінде тіршілік ететін жұмыр құрт:


А) ішексорғы B) қылдырықбас C) суыртқы D) үшкірқұрт E) қылқұрт

17.Жасушалық құрылыс тән


A) Тек бірнеше вирустарға. B) Вирус пен фагтарға ғана. C) Барлық өсімдіктерге.
D) Полиомиелитке. E) Бактериофагтарға.
18.Ағашқұлақ (трутовик) саңырауқұлағының ағаштарды зақымдауы:
A) жіпшумақтарымен B) жекеленген жіпшелерімен
C) қалпақшасымен D) спораларымен E) жемісті денесімен
19.Улы безі болмайтын жәндік:
A) Қыршаян. B) Қарақұрт. C) Бүйі. D) Шаршылы өрмекші. E) Өзен шаяны.

20.Полиптер:


A) Көп қармалауышты жәндіктер. B) Көп симметриялы жәндіктер. C) Көп кірпікшелі қозғалмайтын жәндіктер. D) Көп табанды жәндіктер. E) Көп бүршікті жәндіктер.

21.Адреналин гормоны бөлетін без:


A) Эпифиз. B) Қосалқы без (гипофиз). C) Бүйрек үсті безі .D) Ұйқы безі. E) Қалқанша без.

22.Жасушадағы бейорганикалық қосылыстар:


A) Су, тұздар. B) Көмірсулар, су. C) Май қышқылы. D) Майлар, ақуыздар (нәруыздар).
E) Глюкоза, кальций фосфаты.
23.Бірыңғай салалы бұлшықеттен құралған
A) жүрек B) аяқты бұғып жазатын C) тұлғаны қимылдататын
D) қан тамырлары E) қабырға аралық
24.Ми бағанасына кіретін бөлігі
A) Мишық. B) Соматикалық жүйкелер. C) Шеткі жүйке жүйесі.
D) Сопақша ми. E) Үлкен ми сыңарлары.
25.Aдамдағы рудименттерге жататын
A) көкеттің болуы. B) түктілік. C) үшінші қабақ. D) құйрықтың дамуы. E) көп емшектілік.

26.Жасушадағы түрлі реакциялардың жүру жылдамдығы ақуыздың ... қызметіне байланысты:


A) тасымалдау. B) құрылыс материалы. C) қозғалысты қамтамасыз ету.
D) катализаторлық. E) хабар беру.
27.Микседема ауруының пайда болуы
A) Өсу гормонының жетіспеушілігінен.
B) Қалқанша безі қызметінің жетіспеушілігінен.
C) Адреналин гормонының артық бөлінуінен.
D) Қалқанша безі қызметінің шектен тыс болуынан.
E) Тимозин гормонының артық мөлшерінен.
28.Әрбір нейрондағы аксон саны:
A)1. B)3. C)7. D)4. E)5.

29.Мидың торлы қабықшасының қабынуы


A) гайморит B) арахноидит C) энцефалит D) менингит E) полип

30.Адам тепе-теңдігі бұзылуы байланысты


A) ортаңғы миға B) үлкен ми сыңарына C) жұлынға D) аралық миға E) мишыққа


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет