Қайнар шағын жинақты жалпы орта мектебі



бет2/9
Дата17.06.2022
өлшемі1,24 Mb.
#36977
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2. Тапсырмаларды жазу.
  • 3. Тапсырмаларға сараптама жасау.
  • Тест сұрақтарын дайындаған кезде кейбір тақырыптар (тіл білімінің салалары) мөлшерден тыс беріледі де, кейбіреулері мүлде қамтылмай қалады. Қарапайым дәлелдерді еске сақтауды қажет ететін тапсырмаларды даярлау оңай болса, күрделі, әр түрлі дәлелдерді қамтитын тапсырмаларды даярлау қиын екені түсінікті. Сондықтан жобалаусыз құрастырылған тесте маңызы төмен, жаттанды тапсырмалар жиі кездеседі де, оқушылардың қызғушылығын төмендетеді. Осындай кемшіліктерге ұрынбас үшін тесті құрастырудың ерекшелігін білу керек. Ол үшін тест сұрақтарына негіз болатын тақырыптарды мұқият саралау қажет. Осы тақырыптарға сәйкес келетін тапсырма түрлерін таңдай білу керек. Өз бетінше тест даярлаудың көп жылдық тәжірибесі негізінде нәтижелі сұрақтар даярлаудың ережелері пайда болады.
  • ҰБТ-ға дайындаудың тестік бақылау кезінде білім деңгейінің төмендігінен, не ойын жинақтай алмай, амалы қалмағандықтан, «мүмкін дұрысы осы шығар» деген үмітпен белгілей салатын оқушылар да баршылық. Ойланбастан жылдам орындап шығуды үрдіске айналдыру да бар. Мұның өзі тест нәтижелері талдаусыз
    • қалса, еш нәтиже бермейтінін дәлелдейді. Сондықтан ҰБТ-ға дайындау барысында тестік бақылау алып қана қоймай, оқушыларға қосымша тестік талдау жұмыстарын жүргізу керек.
    • Тест тапсырмаларын талдату үлгілері:
    • 1. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсет:
    • а) Қарыздар
    • в) Бөлінгіш
    • с) Табыс
    • д) Балгер
    • е) Алатау
    • Дұрыс нұсқаны табу үшін оқушы үндестік заңының түрлерін, буын үндестігінің ерекшеліктерін, үндестік заңына бағынбайтын қосымшалардан хабардар болу тиіс. Әр нұсқаны осы талаптарға сай саралағанда «Д» нұсқасы дұрыс болып шығады.
    • 2. Құрмалас сөйлемді тап:
    • а) Әкесі баласына сүйсініп те, мақтанып та қарады.
    • в) Оқушылар ұлттық бірыңғай тестіге дайындалуда.


    • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет