B типі – бәсекеге қабілеті төмен, аз жұмыс істейтін және баяу әрекет ететін адамдар.
B типті адамдар А типті адамдарға қарағанда айтарлықтай табысқа қол жеткізбегенімен, олар А типті адамдар сияқты стреске ұшырай бермейді.
Стресс қарапайым құбылыс емес. Оның себеп салдары әртүрлі. Ұйымдардағы жұмыс стресінің бірнеше себебі бар.
Ұйымдық стрестің төрт жалпы жиынтығы:
Тапсырма талаптары
Физикалық
Рөлдік
Тұлғааралық талаптар.
Тапсырма талаптары оның өзімен байланысты. Тез арада шешім қабылдау, толық ақпаратсыз шешім қабылдау немесе салдары біршама қиын болатын шешімдер қабылдау кейбір стресс жағдайларына әкелуі мүмкін.
Физикалық талаптар – жұмыс орнымен байланысты стрессорлар. Өте ыстық немесе суық температура кезінде далада, тіпті жылытылмаған немесе салқын кеңседе жұмыс істеу стреске әкелуі ықтимал.
Рөл – топтағы немесе ұйымдағы жағдайға байланысты күтілетін мінез-құлық жиынтығы. Стресс рөлдердің жанжалына немесе адамдар топта жүргенде сезінетін рөлдердің бірмәнді еместігіне байланысты туындауы мүмкін.
Тұлғааралық талаптар – ұйымдардағы адамдарда болатын қарым-қатынастармен байланысты стрессорлар. Мысалы, өндірісті шектеумен және нормативтік сәйкестікпен байланысты топтық қысым да стреске әкелуі мүмкін. Жетекшілік стильдері де стресс тудыруы ықтимал.
Мысалы, мінез-құлықтық стресс темекі шегу, алкоголь ішу немесе есірткі пайдалану, артық мөлшерде тамақ жеу сияқты зиянды немесе қауіпті әрекеттерге әкелуі мүмкін.
Стрестің салдарынан туындайтын басқа мінез-құлық – өз-өзіне қол жұмсауға бейімдік, өз-өзіне немесе басқа адамдарға күш көрсету, тәбеттің бұзылуы.
Нашақорлық та – стрестің ықтимал салдары.
Стресті басқару
Стресті басқарудың тағы бір әдісі – жаттығу жасау. Әрдайым жаттығу жасап жүретін адамдар шиеленіс пен стресті аз сезінеді, өз-өздеріне барынша сенімді болады. Физикалық жағдайы жақсы болғандықтан, олардың ағзасы кең тараған ауруларды оңайлықпен қабылдай қоймайды.
Стрестен сауықтыру бағдарламасы – оны еңсеруге көмектесу үшін арнайы құрылған ұйымның ерекше бөлігі.
Осы мақсатта ұйымдар стресс-менеджмент бағдарламаларын, денсаулықты нығайту бағдарламаларын және олардың басқа түрлерін қолданады.