Қайшылықты, күзелісті және өзгерістерді басқару


Қайшылық жағдайларын басқарудың бірнеше әдістері бар. Оларды екі категорияға бөлуге болады: құрылымдық, жеке адамдар стилі арқылы басқару әдісі



бет2/3
Дата08.12.2022
өлшемі83,11 Kb.
#55885
1   2   3

Қайшылық жағдайларын басқарудың бірнеше әдістері бар. Оларды екі категорияға бөлуге болады: құрылымдық, жеке адамдар стилі арқылы басқару әдісі.

Қайшылықтарды құрылымдық әдістер арқылы шешудің төрт түрі бар.

Олар:

- жұмыс талабына түсініктемелер беріу әдісі. Мұнда әрбір қызметкердің және бөлімшеден қандай нәтиже күтілетіні түсіндіріледі

- интеграциялық механизмдер қолдану әдісі. Мысалы: егер екі немесе одан көп бағыныштылар бір сұрақты шешу барысында көзқарасында таластар тудырса, ортақ басшы шешім қабылдау арқылы қайшылықты болдырмауға тырысады.

- жалпы ұйымдық кешендік мақсаттарды орнықтыру әдісі. Мақсаттардың тиімді түрде іс жүзінде асырылу үшін бір немесе бірнеше қызметкерлердің, сондай-ақ бөлімшелер мен топтардың күштері бірігіуі қажет. Мысалы: өндірістік бөлімшелердегі үш смена арасында шиеленіс пайда болса, мақсатты бір бөлімшеге ғана емес, барлық бөлімшелер алдына қоя білу керек.

- марапттау жүйелерінің қолданылуы әдісі. Адамдардың қылықтарына, іс-әрекеттеріне марапаттау әдістері арқылы әсер ету қайшылықтарды басқару әдісі ретінде қарастырылады. Марапаттау жалпы ұйымдық мақсатқа жетуге, оның ішінде адамдар өздерін қалай ұстауларына, әрекет жасауына бағыт беріп отырады.

Стресс және жеке мінез-құлық

  • Ұйымдардағы мінез-құлықтың тағы бір маңызды элементі – стресс (күйзеліс).
  • Стресс – адамның стрессор деп аталатын күшті стимулдарға жауабы.
  • Жалпы бейімделу синдромы – біз стресс жағдайларына жауап беретін қалыпты процесс:
  • 1-кезеңде: қорқыныш – үрей мен қорқынышты сезінеміз, сәйкесінше стреске қарсы тұру деңгейіміз төмендейді.
  • 2-кезең: қарсыласу – стресс жағдайларына қарсы тұруға және оны бақылауға бағытталған күш-жігеріміз. Сәтсіздікке ұшырасақ, біз
  • 3-кезеңге – жүйкенің жұқаруы – қиындыққа жай ғана берілеміз немесе жұмыстан кетеміз.

Стресс туралы ойлаудың маңызды бір бағыты А типті және В типті тұлғаларға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет