Айшықтаудың көркем шығармаларды қолданылуы. Айшықтау (фигура) түрлері. «Әдебиет сөз өнері. Ендеше «тіл әдебиеттің бас мүшесі.»



бет4/5
Дата31.12.2021
өлшемі21,69 Kb.
#23249
1   2   3   4   5
Антитезашендестіру. 1)Кереғар ұғымдарды бетпе-бет қоятын айшықтаудың (фигураның) бір түрі.екі затты не құбылысты шендестіру арқылы басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суреті, сыр-сипаты, кескін-кейпі аңғарылады. Шендестіру қазақ әдебиетінде фольклордан бастап қазіргі қазақ әдебиетіне дейін қолданылады. Мысалы, «Қара жерге қар жауар, Қарды көр де етім көр» («Ер Тарғын»), «Қар –аппақ, бүркіт –қара, түлкі –қызыл. Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» (Абай). 2) қазіргі әдебиеттанудағы қарама-қарсылықты (контрасты) айқындау, көбінесе ашық, антоним сөздер арқылы да беріледі. Мұнда автор ойы ол қолданған сөздерден тереңде жатуы да мүмкін. «Күлемін де жылаймын, Жылаймын да күлемін» (Қ.Аманжолов), «Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» (Ә.Тәжібаев). Антитезаның бір түрі – антиметабола деп аталады.»/2/

Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде ақын жеке өз басындағы қасірет пен көлдегі қызғыш құстың тағдырын салыстыра отырып мұң-шерін көрсетеді.Мұны әдебиетет егіздеу деп те атайды.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Ел қорыған мен едім, Сені көлден айырған

Мен де айрылдым елімнен . Лашын құстың тепкіні

Көл қорыған сен едің, Мені елден айырған

Сен де айрылдың көліңнен. Хан Жәңгірдің екпіні.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет