«Аллитерация(латын. Ad-litera – дыбыстас) – шығармаларда бірыңғай дыбыстардың үндестігі, дәлірек айтқанда, дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл.
Қызыл іңір. Қызғылт қыр. Атты қойшы,
Қыжым аспан. Қызыл жел. Ашуы қатты қойшы.
Қызыл көйлек, қыз бала Түйелі қойшы
Қызылбауыр бұлттарға, Тұрған қойшы
Қыр басында қызығып, Төбесінен ұрған қойшы,-
Қолын бұлғап қарап тұр. (Ауыз әдебиетінен)
(Ұ.Есдәулетов)
дегендегі екі жол «А» дауыстыларынан басталған да, соңғы үш жолдағы дыбыстар «Т» дауыссыздарынан басталған, осы өлеңдегі ассонанстар мен аллитерациялар өлеңге көркемдік сыр-сипат берумен қатар, өлеңдердің музыкалылығын күшейткен. Балаларға жаттап алуына жеңілдік жасалған. Мұның өзі балаларға арналған халық өкілдерінің көбіне ән сазын, әуен сазын, музыкалық ырғақтарға бейімделіп құрылатынын дәлелдейді.
С. Негимов ассонанс туралы: «Ассонанс (латынша assono –үйлесім) - өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Мұның өзі суреткердің шеберлігіне тығыз байланысты. Орнымен үндескен сөздер әдеби тілдің өрнек-кестесіне әдемі ажар, айшық қосады.
Ассонанс сөздің интонациялық-музыкалық мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады. Мысалы:
Еңсесі биік ақ орда, Ернеуі жұқа сары аяқ,
Еңкейіп сәлем бер сана. Ер сарқытын бер сана.
(«Ер Едіге»)
Достарыңызбен бөлісу: |