о қы іі
,
1895 жылы
тамамдайды.
Алғашқы қадамын бала оқытудан бастаған Ахаң:
Адамдық диқаншысы - қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ, қүрға шықтым.
Түқымын адамдықтың шапггым, ектім,
Көңілін көтеруге қүл халықтың, -
деген өлең жолдары арқылы өмірлік мүратын паш етіп, өз
мақсаты бейқам жатқан халқын сауаттандырып, өнер-білімге,
мәдениетке жетектеу екенін білдіреді.
13
Әрине, бұл тұста қазақта Ахаң төрізді оқыған азаматтар
ін көбі, халық, ел
мүддесі деген сөздерден гөрі, ұлыққа жағынып, сол халықты
қалай қанап, қалай пайда тапсам екен дейтіндер болатын.
Олардьщ тілмаштыққа қолы жетіп, ғубернатор кеңселерін
жағалап жүргенде, Ахаң ағартупшлық жолына түсіп, «қайтсем
халқыма паидамды типзем, қалаи көзін ашам, ұйқысьшан қалай
оятам» деп, күндіз-түні соның амалын қарастырг
Төңірегіне қазақтьщ бірен-саран да болса көзі ашық оқыған
жастарын жинап, елшілдік үранын үдетіп, ел мүңы, халық қамы
деген күрделі мақсаттардың іске асуын көздей бастайды. Жалғыз
ағартушылық жолмен аса алысқа ұзап кете алмайтынын сезген
ол біртіндеп күрескерлік жолға түседі. Жан-жақты әрекет етуге
талпыну, ізденіс 1896 жылы Ахаңцы Алекторовқа алып келеді.
Оған бар>ъшың да өзшдік сыры бар еді: Алекторов ол кезде
Омбыда отырып, Ақмола, Семей оқу жүйесін басқарып тұрған
болатын Онымен қазақ даласындағы бала оқыту жайы туралы
кеңеседі. Бұл кездесу оған екі түрлі әсер қалдырып, көп нәрсеге
көзін аша түскендей болады. Ол жайында Мұхаң (М.Әуезов):
“Біреуі - Алекторовтың қазақ турасындағы отаршылдық
саясатының басын біліп, көздеп жүрген мақсатын сезген бо-
лар, атақты Ильминскийдщ жолымен қазақтың көзін ашу үшін
осы оқу керек деген саясатш тұтыньш жүргендігін сөздерімен
білдірген Алекторовтың ниетімен жақын келіп танысқан соң,
Ахмет халқынъщ халінің ауырлығын ұғып, ел турасындағы
түкпірлі ойы сол кезде ояна бастаған.
Алекторовпен
екінші әсері
Ахаңның
ашылып, пікірі ашылып, бүрынғы білім-өнер жүзіндегі шала
білініп, көмескілеу түсініп жүрген нәрселерін таза білуіне се-
беп болған”.
Мүхаңның өз кезінде ашып айтуға
жаиы бар сияқты
оқымыс
Ахаң зердесіне жетуі
14
содан тіксінуі. Олар қазақтарды орысша оқыту арқылы орыс-
тандыруды көздеген ғой. Осыдан секем алған Ахаң, ширыға
түседі. Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тек-
тес оқығандардың халық алдындағы парызы деп түйеді.
Ахаңның осындай мақсатты көздеп, саяси көзқарастарын
шьщдай түсуі Қарқаральща өмір сүрген 1896-1907 кезеңімен
байланысты. Осы кезде Ахаңның айналасына әлеумет өміріне
зер салып жүрген бірен-саран көзі ашық, оқыған қазақ зиялы-
лары және бүрыннан өмірдің өзекті мәселелеріне көз жіберіп,
ойын тайсақтамай айтатын білікті азаматтар топтана бастайды.
Қазақ елінің қазіргі жағдайы оларды да толғандыра бастаған
Әсіресе, талан-таражға түсіп жатқан жер мәселесі, оқу-білім
мәселесі, қазақ жүртына қажет земство жайы және орыстан-
дыру саясаты қазақтың ең дертті мәселелері болатын Осының
жай-жапсарын жан-жақты ойластыра келе, Ахаң бастаған
әлгі бір топ зиялы қауым, бастарьга бәйгеге тігіп, Ресей им-
периясының Министрлер Советі Председателінің атьгаа пети-
ция (тілек арыз) жазады. Дәл осы түста ол ақындық өнермен
шүғылданып, И.А. Крыловтың мысалдарын аударып жүрген
болатын “Қырық мысал” осы жылдар жемісі еді. Төңкеріс ру-
хында айтылған мүндай сөзді қазақ жүртыньщ түңғыш естуі бо-
латын Осыдан соң Ахаң атағы шартарапқа тарап кетеді. Алайда
жүртгы саналылыққа, еркіндікке үгіттейтін “Қырық мысалды”
берген, патшаға қарсы петиңия үйымдастырған адамдардын
бәрі де полициялық режимнің, үкімет адамдарыньщ қырын
қабағьгаа іліне бастайды. 1905 жылғы төңкеріс қьфғынға
үшьфатылған соң, патша үкіметі қайта тіріліп, оның жер-
жердегі жандайшаптары қүтырына түскен кезде өз еліқ өз жерін
шен мен шекпенге сатьпі, ардан безген кейбір тілмапггар мен
болыстар, “елді бүлдірер іс-өрекеттерге барды” деп, Ахаңдар-
дың үстінен доностар жаудьфады және олар дегеніне жетеді.
Қарқаральща ағартушылық жүмыспен айналысып жүрген
Ахаңды алты жолдасымен 1907 жылы түтқындап, абақтыға
15
жабады. Қарқаралыда олар ұзақ отырмайды, бірнеше айдан
соң оларды Семейге айдайды. Патша үкіметі жалдаіггарының
ғана емес, өз төңірегінің де өрге бастырмас опасыздықтарына
күйінген ол он екі жылдай өмір сүрген Қарқаралысымен
қопггасып, бүкіл қазақ баласының бойындағы арылмас дерт-
арсыздық пен арамдық атаулыға сес білдіргендей болып, мына-
дай жолдарды түзеді:
> ' ■
-
І Й ^ Ш І в І ^
Қош, сау бол, Қарқаралы жуылмаған,
Айдай бер, қалса адамың қуылмағаа
Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ
Жасырын дыбыс шықты шуылдаған.
Бүркеніп, арсыздардың шайнауына
Жем тапты пісірмеген, қуырмаған
Шыққан соң талғамайтын доңыздарың,
Қасыңа қиын болар жуу маған.
Семейде сегіз айдай ещқандай тергеусіз, сотсыз тас қамауда
жатқан Ахаң ақыры қазақ өлкесінен бір жарым жыл мерзімге
Орынборға жер аударылады. Сол кеткеннен мол кетеді. Ол
онда 1917 жылдың аяғына дейін тұрады. Жазалы адам ретінде
айдалған Ахаңның бұл сапары оның өміріндегі ең нәтижелі
де өнімді еңбек еткен жылдары деуге болады. Ол ғылым-
білімге бұрынғыдан да тереңірек үңіліп, әділетсіздік жайлаған
мына қоғамды бүрынғыдан да бетер ащы тілімен түйрей, ше-
ней түседі. Қазақ балаларын оқытудың әдістерін, қазақ тілі,
әдебиеті, өнері, тарихы, мөдениеті туралы өрелі ойлар айтып,
бастауыш мектептерге арнап оқулықтар мен оқу қүралдарын
жаза бастайды. Халық мүраларын, ауыз әдебиеті үлгілеріқ эпос,
ертегі, жұмбақтар жинап, бастыру ісімен айналысады. Ғылыми
зерттеу жұмыстарымен пгұғылданады.
А. Байтұрсынұлының қазақ елінің жоғын жоқтап, санасына
сәуле құюға байланысты жасап жүрген еңбектері елге тарай
бастайды. Әсіресе, сол кезде Уфадағы “Ғалия” медресесінде
16
оқып жүрген қазақ жастарына Ахаңның туындылары, елдік
істері қатгы әсер етеді. Сол жастардың үйғаруымен елден
қаржы жиналады да, газет шығару мәселесі қозғалады. Ол
бейресми газет “Қазақ” деп аталады да, оған редакторлыққа
А. Байтүрсьшүлы шақырылады. Міне, сол 1913 жылдың ба-
сынан 1918 жылға дейін бас редакторлық міндетін мүлтіксіз
атқарған Ахаң елге жеткізсем, үқтырсам деп жүрген көкейіндегі
көптеген мәселелерді хатқа түсіріп, жария етіп отырды.
Қазақтарды надандықтың шырмауынан шығарудың бірден-
бір жолы - ғылым-ілімге үмтылу, оқу-ағарту жүмысымен
айналысу деп үққан Ахаң енді осы идеясын нақты істермен
дәлелдей түседі. Сол кезде шығып түрган қазақ баспасөзінің
қай - кайсысы да осы мақсатты көздеді. Бүл жөнінде әсіресе
“Қазақ” газетінің рөлі айрықша болғаны мәлім. Бірақ ел
билеушілер, бәлеқорлар, полисайлар Ахаңның соңына түсуін
қоймайды. Газет бетінде жарияланған материалдардың
бәрін цензурадан өткізіп, үнемі ақшалай айып салып, қауіп-
қатерді төндіріп отырған Салынған айыпақының мөлшері
тым асқынып кеткен бір тығырықта Ахаңның үш ай мерзімге
абақтыға өз еркімен отыруға келісім берген кезі де болған.
Мүны естіген газет оқырмандары тиісті ақшаны жинап төлеп,
Ахаңды шығарып алып отырған.
Халықтың көзін ашып, санасьша сәуле қүюдан басқа мақсаты
жоқ бүл әрекеттерді қолдап, қуаттап отырудың орнына, көп
ағайынның қияс тартып, аяққа оралғы, игі іске кедергі бола
беретініне күйініп, Ахаң “Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ”
деген өлеңін жазады.
ТІТынт.шда, білімсіз ел теңізде жүзіп келе жатқан ескексіз
қайық сияқты емес пе? Сол кездегі қазақ елінің халы дәл осын-
дай мүшкіл еді. Сауатсыздық салдарынан өзін, елін, жерін кім
қалай саудалап, қалай иемденіп жатқанын түсінуге де мүршасы
жоқ сорлы халық. Бүл аз дегендей, оз жағдайын таразылап,
тығьфықтан шығару жолын бірлесе, қауымдаса ізденудің ор-
^
1
7
нына, алты бақан алауыздықты өрбітетінін қайтерсің. Ахаңды
күйзелткен қазақтьщ осы жағдайы.
1911 жылы Орынборда басылған “Маса” жинағы халықты
өз тағдыры үшін күреске шақырған, жүртшылықты шырт
үйқысынан оятқан дабылды топтама болатын
Сары маса болып ызыңдаған өзі екенін Ахаң 1909 жылы
Петербургте басылған “Қырық мысалындағы” “Малшы мен
масса” деген туындысында ашық айтады:
Мысалы, қазақ — Малшы үйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік аңдып баққан
Пәленің түрін көрген мен - Сармаса,
Халықты оянсьш деп сөзбен шаққан
Ойлаймын осы сөз де жетеді деп,
Қатты айтсам, сөзім батьш кетеді деп.
Үйқысы ашылмаған жүрт өзімді
Қорқамын Сармасадай етеді деп.
Өз тағдырының түбі не боларын алдын ала болжап,
көрегендікпен айтып кеткен Ахаңньщ түбіне жеткен, шыньшда
да, өзіміз емес пе едік?
Халық басына төнген қатерден қорғанудың амальш тым
қүрыса сауат ашу арқылы үйретпек болған асылымызды
үйқылы-ояу халімізбен аяқ-қолын байлап бердік қой. Осыны
бір ойланып, сабақ алсақ етті! Неге десеңіз, үлтгық сана мен үлт
мәдениеті жолындағы күресте осынау опасыздық пен алауыздық
салқыны әлі де жетерлік-ау деп сезіктенесің. 50,70,80-жыл-
дар ылаңы не ойлатпайды кісіге? Тәуелсіз ел болған қазіргі
күйіміздің өзі көп жағдайда көңілге жүбаныш әкеле қоймайды.
“Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос” /Абай/ екенін
түгел үғып біттік пе?!
Жаңадан тәй-тәй басьш, Ахаң сияқты бірен-саран оқыған
саналы азаматтардың арқасьшда оң-солын танып, енді-енді ес
жиьш келе жатқан қазақ елі үшін “Қазақ” газетінің атқарған
қызметі үшан-теңіз екенін тағы да айтсақ, артық емес. Бес
18
жылға таяу уақыт оқырманмен үзбей қауынщан бүл газет
кезіне лайықты көкейтесті мәселелерді бірінен соң бірін жа-
риялап, жүртшылық мағлүматын кеңейтумен болды... Кезінде
бүл газетті “ үлтшыл-буржуазияшыл орган” деп тыйым са-
лып тастамағанда, талай тарихи шындықтың көзін ашып,
халқымыздың төңкеріске деиінгі рухани, мәдени өміршен әлі
де мол мағлүмат беретін еді. Күні бүтінге дейін көмескі больга
келген көп жайттардан сыр шертетін бүл газет нені көздеп,
жүртшыльщты қайда бастағысы келгенін дәлірек байқау үшін
оның алғашқы санында жарияланған мына бағдарламасын еске
түсіруге тура келеді: “қазақ арасында ғылым, өнер тарауы-
на басшылык ету; басқа жүрттардың халінен хабар беріп, та-
ныстыру; сол мақсаттарды орнына келтіру үшін закүндерді,
хакімдердің бүйрық-жарлықгарын білдіріп түру; Г осударствен-
ная дума һәм Государственный совет жүмыстары турасында
жете хабар беру; ішкі һәм сыртқы хабарларды жазып түру;
қазақтың бүрьшғы және бүтінгі жайын жазу, күнелту, сауда,
кәсіп, жер-су, егін-танап, мал шаруасы жайынан кеңесу; оқу,
оқыту, мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, әдебиет ту-
расында жөн көрсету; адам һәм мал дәрігерлігі жайынан жазу”
/“Қазақ”, № 1,1913,2 ақпан/.
Газет әлденеше рет жабылыи, қайта тіріліп, шығынданып,
сотталып жатса да, көздеген мақсатын түгелімен орындады деп
түжьфым жасауға болады. Тіпті, кейде бүдан да шығыңқырап,
әлемдік ой-пікірге азық болар мәселені де қозғап кеткен сәті
бар.
Айта кетер бір жайт, осы газет және оның редакторы
А. Байтүрсынүлы жайында жазылған материалдардың қай-
қайсысында да әлгі “үлтшыл, буржуазияшыл” дейтін ала таңба
қалмайды. Тіпті, күні кеше ақталғаннан кейін де жазылған
мақалаларды қарап отырсаңыз, “марксизм-ленинизм идео-
логиясы түрғысынан қарағанда, ол қылықтары кемшіліктері
болып еді” деп, тағы да баяғы жаттанды қалыпқа салып,
19
түзетініміз
іі
өз көсемдеріміздің болмысы туралы сөз қозғағанда, “бұган
ана көрші қалай қарайды, мына көрші не дер екен” деп үрей
шақырмай, жалтақтамай, мәселенің ақиқатын ашық айта-
тын уақыт жетті. Өйткені Ахаңның о бастағы рухани өмірінің
байланысты
күрделі
қайғылы. Жан түршігерлік азапқа бола туылған
Жаңа үкіметтің мүшесі, Қазақ автономиялық республи-
касының оқу-ағарту халық комиссары, соның жанындағы
ғылыми-әдеби комиссия председателі, қазақ өлкесін зерттеу
қоғамының қүрметті председателі, Бүкіл-ресейлік ВЦИК-тің
мүшесі, Кирвоенкомның мүшесі, КазЦИК-тің мүшесі, сондай-
ақ Академиялық Орталықтьщ председателі ретіндегі аз уақытқы
шуақты күндерді басынан кешіргені болмаса, ең ауыр, ең
қасіретті, шегінен асқан сүмдық пен зүлым
тартқан қаралы кезең бүл!
надандық
жыл өткен сайын қүбылып, тәсілденіп, әлденіп алғандай
Ахаңның қыр соңынан қалған емес. Қайта, зүлымдық пеь
қорқаульщ, арызқойлық пен алауыздық дертін індетгей
үдетуші қаскүнемдер, жаңа заманньщ терісін айналдьфьш ки-
ген бөрісшдей боп, жақсыльщтың үрығын шашушы жандардың
соңына шам алып түскені мәлім.
Ахаң езілген ел өміріндегі қазан төңкерісін ойланьш-
толғанып барып қабылдап, армандай болып алғызбай жүрген
көп шаруаға аянбай-ақ араласты. Жоғарыдағы санамалап
шыққан қызметтің бәрі соны дәлелдейді. Бірақ Ахаңның ақ
ниетіне арамдық іздеуші, іс-әрекетінен контрреволюңиялық
бүлік күтуші қара ниеттілер оған аттап қадам бастырған жоқ.
Басқан ізін аңдумен болды. Ол бүрын патша чиновниктерінен,
болыстардан, тілмаштардан, жандармнан қаққы жесе, енді
бостандьщ туының астында бірге жүрген жерлестерінен, боль-
20
шевиктерден, қызыл жағалылардан көрді көресіні. Аңдыған
жау алмай қоймайды. Ол бір емес, бірнеше рет алды.
“Мылтықтьщ басуына қүланның қасуы” тура келгендей, дәл
осы кезде қазақтардьщ сорына Қазақстан тарихының қаралы
беттерін толтырып кеткен Ф.И. Голощекиннің “кіші октябрі”
басталады. Ал бүл “кіші октябрьдің қазақ халқына қандай
қасірет әкелгені тарихтан мәлім. “Асьфа сілтеу болмасын, аша
түяқ қалмасын” деп зіркілдеген Голощекин жендеттері негізгі
күнкорісі, тіршілігі, тынысы мал болып саналатын халықтың
сол жанды жеріне қанжар сүқты. Малын сыпыртып алды. Т ігерге
түяғы, ішерге тамағы болмай, қалжыраған қарапайым шаруа
адамы басы ауған жағына босып, діттеген жеріне жете алмай,
жол-жөнекей қырылып жатты. Ахаң сияқгы көреген адамдар
бүл сүмдықтың боларын алдын ала сезіл, дабыл қаға бастаған.
Бірақ бүлардың сөзіне қүлақ асудың орньша, “төңкеріс рухы-
на кері әсерін типзш, кедерп жасап отьфған оаишыл-үлтшыл
Алаш партиясының бүрынғы көсемінің бірі бүрынғысын
көксеп жүр” іспетті жаламен ақьфы оны 1929 жылдың 4 мау-
сымында 30 адаммен бірге қамауға алады. Мүның, әрине,
өзіндік себебі де жоқ емес. Г олощекинге әлгіндей жаппай қьфу
саясатын емін-еркін жүргізу үшін халықтың көзін ашып, сана-
сын оятып, көсемдік көрсетіп жүрген осындай ірі түлғаларды
алдымен жою керек еді. Ал Ахаң бүкіл қазақтың ақыл-ойы мен
ар-үятының бейнесіне айналып кеткен әйгілі қоғам қайраткері
әрі рухани көсемі болатын. Сөйтіп, Ахмет Байтүрсынүлы Голо-
щекин тырнағына ілініп, Мәскеудің Бутьфкасында 1929 жылғы
шілдеден 1931 жылдың қаңтарына дейін отырады да, содан соң
Архангельск облысының барған адам жолбасшысыз қайтып
шыға алмас алыс түкпіріне жер аударылады.
Бүдан ол Қызыл Крест үйымы арқылы /М. Горькийдің
жүбайы Е.П. ГІешкованың араласуымен/ мерзімінен бүрын бо-
санып, 1934 жылы қайтып оралады. Бірақ бүл бостандықтың да
өмірі қысқа болды. Небәрі үш жылға жетер-жетпес уақыттан
21
кейін, 1937 жылғы 8 қазанда қайтадан қамауға алыньш, ақыры
атьшады.
щ
ц .• ,
Жоғарыда ескерткеніміздей, Ахмет Байтұрсьшұлының
азаматтық болмысын, қайраткерлік қарымын, ағартушьшық,
ғалымдық қызметін, энциклопедиялық білік-білімін неғізінен
үш түрлі салаға бөліп әңғімелеуге болатын сияқты.
Әрине, мүның ең бастысы әрі сол кезеңдегі ең қасиеттісі
де - ағартушылық қызметі. 1895 жылы бар оқуын тамамдап
елғе келғеннен бастап, ол бүл іспен түбеғейлі айналысады.
1905 жылы жазылған петиңия хальщ тағдырын ойлап, үздіксіз
толғанудың серпіні сияқты шешім еді. Сауат ашар “Әліпби”
мен “Тіл қүралын” жазу үшін ғрафика және қазақ тілінің
дыбыстық жүйесін дүрыстап алу қажеттігін сезінеді. Әсіресе
“ Айқап” журнальшьщ 1912 жьшғы 9-12 сандарында жариялаган
“Шаһзаман мырзаға”, “Қазақ” газетінің 1913 жылғы 34-інші
және содан әрі қарайғы сандарында басылған “Жазу мәселесі”
деген мақалаларьшда ол қазақ жазуъш бір жүйеге түсіруге
түбегейлі кіріскенін байқатады. Бұл жерде алдымен ескертетін
нәрсе мынау: Ахаң қазақ жазуы дегенде, әу бастаа-ақ араб
графикасьша бейіл береді. Осының өзінде ұлы ойшылдың
түбірлі мақсатгары байқалады. Оның мүнысынан кезінде
“панисламдық, “арабшылдық” сарын іздеп сарсылғандар бол-
ды. Тіпті, кінәлады да, айыптады да. Сондықтан да, ол ең алды-
мен таза ғылыми принципті негізге ала отырып, қазақ жазуын
қалыптастырудың алғышарты ретінде: 1) қазақ тілі дыбыста-
рына қажеті жоқ араб таңбаларын алфавиттен алып тастау-
ды; 2) сөздің жіңішкелігін білдіретін: “дәйекші” деген белгіні
енгізуді; 3) қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, ү дыбыстарының әрқайсы-
сына жеке таңба белгілеуді, к, г дыбыстарынан басқа дауыс-
сыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін /яғни қазіргі
ә, і, ү дыбыстарымен айтылатындығын/ білдіру үшін сөздің
аяғынан дәйекше таңба қоюды ұсынды. Міне, осының бәрі
қазақ тілінің алфавиті өз табиғатына орай түзіліп, тіліміздегі
22
сингармонизм заңьгаа лаиықталып жасалуьгаың нәтижесіңде
қазақтъщ төл жазуы қалыптасты.
Бұл жазу 1912 жылдан былай қарай сол кездегі қазақ-орыс
мектептерінде, мұсылман медреселерінде қолданылып келді.
1915 жылдьвд өзінде осы жазумен, яғни осы емле негізінде
15-тей кітап басылған екен
Ахаңның аталған еңбектерінен және сол уақытта шыққан
қазақша кітаптардан тұңғыш терминдік қьвмет атқара бастаған
әріп, дәйекші, дыбыс, жуан дыбыс, жіңішке дьібыс, цагида,
түбіршектіл, жалгамалы тіл, қопармалы тіл, түбірсөз, туынды
сөз, ңос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар тәрізді байырғы сөздерді
табамыз. Біртіндеп өмірге жолдама алған қазақтың бұл ұлттық
графикасын А. Байтұрсынұлы жетілдіріп отырды. Қазақ тілінің
фонетикалық болмысына лайықталған араб таңбаларының әлі
де олпы-солпы жерлері бар болатын Баспа, полиграфия талап-
тарына байланысты кейбір сәйкессіздіктерді реттей келе, оны
ұлтгық жазуға айналдырады. Бұл жазу 1924 жылы ресми түрде
қабылданды да, 1939 жылға дейін бүкіл қазақтың сауат тірегіне
айналды.
Біздіңше, бүл жазудың ең басты екі маңызын айта кеткен жөн
сияқты: біріншіден, бүкіл қазақтьщ басын үйыстырып, ұлттық
жазу жүйесі бойынша жаппай сауат ашу шарасы жүргізілді. Осы
арқылы ұлтгық сана мен ұлттық мәдениетіміз арналы даму жо-
лына түсті деп айта аламыз. Екіншіден, дендеп еніп бара жатқан
орыстану саясатына кедергі қойылды. Осыдан былай қарай орыс
плінде, орыс әрпімен оқытылып келген мектептердің оәрінде
өзіміздің ұлттық төл жазуымыз бел ала бастайды.
1926 жылы 26 ақпан мен 6 наурыз аралығында Баку шаһарын-
да өткен тұңғыш түркологиялық съезде А. Байтұрсынұлының
араб алфавиті негізіндегі жаңа жазудың артықшылыгын
дәлелдеп, латынға көшуге қарсы шыққандағы бір себебі -
бұл жазудың Қазақстанда іс жүзінде қолданыс тауып, жаішай
сауатсыздықты жоюдағы атқарған нақтылы қызметі болатын.
23
Кейін “халық жауларын” аулаушылар Ахаңның бұл әрекетіне
жерден жеті қоян тапқандай қуанып, оны керемет пайдал анғанын
да білеміз. Әңгіме бұл жерде латын жазуында емес, Ахаң жанын
салған мәселенің түп мәнісі сауаты жаңа ашылып, білімді ел
қатарына енді-енді қосылып келе жатқан қазақ сияқты қауымға
жазуын қайта-қайта ауыстыра берудің мүлде тиімсіздігінде еді.
Мүның үстіне, бүкіл жүрт тез қабылдап, өзге де түркі тілдес
елдер үлгі ете бастаған бүл жазуды ауыстырып, латынға көшу
ертеңгі күні кириллицаға көшудің баспалдагы екенін сезгеньді.
Ақьфы солай боп шьщты.
Оқу-білім, мәдениеттің бүгінгі жеткен биігінен көз тастап
байқағанда, айналдьфған 14-15 жылдың ішінде үш жазуды ауыс-
тырып, қандай мүратқа жеттік деген сауал туындайды. Әрине,
соңғы елу жылдан астам уақыт бойы әжетімізді өтеп келе жатқан
орыс графикасына негізделген жазуымызды мүлде тиімсіз бол-
ды деп айта алмас едік. Сонымен бірге, біздің халқымыз үш рет
сауатсыздық шырмауында больш, үш рет қайта сауат ашқаньга
жасыра алмаймыз. Сонда бүл қайта-қайта жазу ауыстыру кімге
тиімді, кімге тиімсіз болды? Әңгіме осында. Бұл жағын қазір
зиялы қауым түгел шамалайды деп білеміз.
Сол отызыншы жылдар соңында, одан кейін де қазақ
халқының тіліне, мөдениетіне, тарихына қаншалықты нүқсан
келерін Ахаң күнілгері болжап біліп, өз тіршілігі үшін күресе
алатын болашақ қаһармандарын алдымен ана тілінде оқытуға
жанын сала кіріседі. Соңғы үш-төрт жыл бойы жүргізіліп келе
жатқан тіл күресі Ахаң даналығын, оның көрегендігін дәлелдей
түскендей. Өз тілімізді үмытып, орыстанудың аз-ақ алдын-
да қалған сәтте бүкіл ұлама-ғүлама болмысымен Ахаңның
ортамызға қайта оралуы олжа болды емес пе?
Барымызды үмытып, керегімізді іздеуден қалған 70 жылдан
аса мерзім ішінде кеңес өкіметі бүкіл бір үрпақты өз қағынан
жерінген құлан сияқты еткен екен Ана тілін білмейтіндөр
саны бұл күнде 25 пен 40 процент арасында ауытқи беретіні -
Достарыңызбен бөлісу: |