278
Қазақ өнерінің антологиясы
Кешегі ер Қожабек өткеннен соң,
Тентіреп, сенің аулың кетті тозып.
Әжек:
Сұрасам, Үкібайды Арғын, – дейді,
Қаңлыға мұра болып қалдым, – дейді.
Сен тұрмақ,
мен ойласам, құса болам,
Нәубетін әкеңіздің алдым, – дейді.
Шәріпжамал:
Құдайдан жүргін, Әжек, түбін сұрап,
Береді,
тәубе қылсаң, анық жылап.
Кешегі ер Қожабек өткеннен соң,
Басыңды тұрған жоқ па Ораз құрап?
Әжек:
Көпбайың құсаменен қалған өліп,
Кетті екен кейінгі елін кімге беріп?
Еліңде бас көтерер адам бар ма?
Соңынан бір Арғынның жүрсін еріп.
Достарыңызбен бөлісу: