Қазақбай:
Домбыраға үн қоссам,
Әнге жырым жарасқан.
Алпысқа жасым келсе де,
Жерім жоқ бұрын адасқан.
Шүреннен шыққан жас бала
Меніменен таласқан.
Талай айтқыш егесіп,
Тозаңымнан адасқан.
Жыр қанаты қомдалған,
Жыр қымбаты таңдалған.
Етектен бала алды деп,
Арланбан да, шамданбан.
Дуа тиген Майлыбай,
Енді бастап сөйлейін
Ожырай, Кете елімнен,
Елімде өткен бай менен
Қайтпайтын жаудан ерімнен.
Дау дегенде желіккен,
Кілең мықты серімнен,
Дербісәлі, Сүлекең,
Кетенің биі – данасы,
Халқымның қорған, панасы.
Әулие өткен жан еді,
Үлгі болған халқыма
Керемет үгіт, санасы.
Ел бастаған ер еді,
Ерлер мен биім көп еді.
Ежелден-ақ Майлыбай
284
Қазақ өнерінің антологиясы
Мақтауыма сиятын,
Аузыма толы сөз еді.
Ақынды айтсам мақтанам:
Ожырай, Кете – астанам
Жастілеу мен Бақберген
Тасыған судай қаптаған,
Майлыбайдай ерім көп,
Елді берік сақтаған.
Білімі артық биім көп
Екіталай жерлерде
Елдің сөзін бастаған.
Малы өріске сыймаған
Сан жетпейді байларым.
Ақсүйектің ұлындай
Елден озған паңдарым,
Таршылықта жол тауып,
Орындаған арманын.
Осынымның бәрі рас,
Айтпаймын сөздің жалғанын.
Көпті көрген көнемін,
Біраз жерден қармадым.
Екіталай кезеңде
Қабады жайын қармағым,
Ежелден ақын үлгілі,
Мен – Майлыбайдың бұлбұлы,
Басады, балам, салмағым.
Қартайып, жасым жетсе де,
Батпай кетпес бармағым.
Жыршының сөз табады тіл мен жағы,
Майлыбай, Бақтыбайдың артық бағы.
Ерегіс екіталай сөз болған соң
Қартыңның айдын көлдей шалқыр шағы.
Аяма барың болса, қимылдап қал,
Жас бала, кезегіңді бердім тағы.
Нұрпейіс:
Ақылмен ойлап, сөз табар
Адамзаттың данасы.
Өзіңе аян, Қазеке,
Әлімнің алты баласы:
285
Айтыс II том
Біреуі – Кете Майлыбай,
Терістаңбалы Ожырай.
Ән мен жырым сайма-сай,
Ата тектен жырласаң,
Бола алмассың, маған сай.
Ерлерімді екшесем,
Сонда менің көңілім жай.
Біз – баласы Әлімнің,
Өзімнің атам – Жаманақ,
Жыр жырлаймын саралап,
Жөн білмейтін олақтай,
Сөз айтпаймын қаралап.
Қаймығып, кімнен қорқайын,
Кім қымбат та, кім арзан,
Атадан бастап айтайын.
Тұқым, текте кемім жоқ,
Айтыстан неге қашайын?
Орыстан өрген үш бала:
Есенәлі, Айдарбек,
Есенәлі баласы,
Жетеу екен шамасы.
Шектінің шексіз ерлігіне
Болмаған ешкім таласы.
Құрманай мен Құттық,
Жиеншора, Жолшор,
Асан, Үсен, Кішкене –
Осылар туған баласы.
Өзімнің атам – Бөлек-ті,
Бөлектен туған кім десең,
Шамаң келсе, Қазеке,
Айта бер бетке мінімді.
Тіл найзаңды салып көр,
Аяма жас деп ініңді.
Сендерді жерге қаратсам,
Сұрама, жұртым, құнымды,
Тілеу-Қабақ мың айдап,
Қай жауынан сүрінді?
Оқпен атып шіркейді
Мергендігі білінді.
Алысқанмен алысып,
286
Қазақ өнерінің антологиясы
Әділдікке жүгінді.
Сөзбен егеп, Қазеке,
Шығарма сыртқа түгіңді.
Тілеуімнің ішінде
Әулие өткен Мөңке би,
Дәулет пен баққа асқандар,
Қайырын судай шашқан бар.
Халқыма жаққан бар,
Халықты қорғап, баққан бар,
Түрлентіп салған әнім бар,
Әнде көркем сәнім бар.
Өркешті туған нарым бар,
Ұзынсақал, Қарақұл,
Батақтан туған Сарым бар...
Жайнап туған жас жанмын,
Аруағым бар ар, намыстан,
Айтуыма сыймай ма,
Көтібар мен Арыстан?!
Шектінің туын шыңға ұстап,
Талай жаумен алысқан.
Дұшпанын жерге жанышқан,
Ерегескен жерінде,
Табан тіреп қарысқан
Жауды көрсе, ақырған,
Ұрысқа елін шақырған,
Егескен жауын қашырған.
Қарсыласқан қалың жау,
Аяғына бас ұрған,
Сол секілді ерлерді
Халыққа айтпай, жасырман.
Көтібардың алты ұлы
Алтауы да – берен ер,
Дұшпанын басып, жеген ер
Бәрі айтулы кемеңгер,
Ерінген күнде би болып,
Еріккен күнде ер болып
«Жау табылса» деген ер.
Есет ер елде бас болған,
Ерлігіне елі мас болған.
287
Айтыс II том
Хандарменен қас болған
Хан алдына келгенде,
Қаймықпас қара тас болған,
Есет емей кім еді,
Ақсүйекті жылатқан
Айқайлап салған ұраны,
Кетпейді әлі құлақтан.
Тоғыс арыс Назарым,
Назарымды жырласам,
Кіреді сонда ажарым.
Өлең – жырдың, Қазеке
Қыздырамын базарын.
Бес Шүреннің ішінде
Елубай, Жарас ерім бар.
Туғаннан туға таласқан,
Туы күнге жанасқан,
Ешкім мықты болған жоқ,
Елубай мен Жарастан.
Айтысардан бұрын, Қазеке,
Көзіңді сал еліңе.
Қаратаңды мақтама
Қоңсы қонған жеріне,
Қатынымен екеуі,
Жылап барған кешегі,
Дәрібай, Есет еріме.
Батырлары Есеттің
Ат жаратып, баптаған,
Қарағай найза саптаған.
Елге келген қонақ деп,
Дәрібай, Есет ерлерім
Қаратауды сүйген ер,
Талай жерді кезген ер,
Талай жауын езген ер.
Сол ерлерді кемітпей
Тарлан тартқан, Қазеке,
Тіліңізді тарта көр.
Достарыңызбен бөлісу: |