272
Қазақ өнерінің антологиясы
Талпынып,
бала құстай ұмтыласың,
Еңбексіз ақ төсімнен жем жегелі.
Өзіңе қанша уақыт болып еді,
Жолына боз [бей]бастық ермегелі?
Жүзіңді [мен] манадан зорға көрдім,
Адамдай асық болған көрмегелі.
Бар ма еді араздығы бұл Әжектің,
Тұсыма
ерте басып, келмегені?
Әжек:
Дауысың, Шәріпжамал, таудан биік,
Жалғаннан кім безіп жүр нәсіп тиіп?
Қаңлының барлық қызы ақын шығып,
Тұсыңа жаңа келдім кезек тиіп.
Шәріпжамал:
Сен, Әжек, ой
жіберші бері қарап,
Сыймайды бір кеудеге екі талап.
Ұстаған екі кеме суға кетер,
Есіңде жоқ па сенің дейтін сабақ?
«Алыстан әдейі іздеп келдім мен», – деп,
Айттың сен оның несін сөзге балап?
Ер болсаң, уәделі сертке жеткіз,
Қаңлының не таппақсың қызын санап?
Әжек:
Болады кімге жолдас дүние деген,
Би, шешен жиын десең үймелеген.
Тұсыңа ерте-ақ басып,
келіп едім,
Бозбала жол бермейді кимелеген.
Қаңлының жігіттерін сұғанақ қып,
Жаратқан мен не дейін бұл иеден?
Шәріпжамал:
Көшкенде мінетінім таған керсін,
Алыстан іздеп келген, Әжек, сенсің.
Адамға
анау-мынау жолың беріп,
Жүретін жайбарақат қандай ерсің?
273
Айтыс II том
Алдыңда қайда барсаң, есік жабық,
Сен қашан тең құрбыңмен теңелерсің?
Бозторғай қой үстінде жұмыртқалап,
Боламыз
қай уақытта, Құдай білсін?
Әжек:
Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.
Әр іске асы болма сөз қуарлық,
Өмірің алдап кетер тұмандаған.
Достарыңызбен бөлісу: