Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет142/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   181
Молда Бәйім:
Бір үйде көрдім төрт есік, 
Біле алмадым бұл нешік?
Әр есікте үш қыз бар, 
Әр қыздың отыз ұлы бар, 


353
Айтыс II том
Әр ұлының басында, 
Шанышқан бес гүлі бар, 
Мұны тапқан адамның 
Айнымайтын діні бар, 
Басында кетпес бағы бар, 
Жұмбағым айтсам, тағы бар.
Сейдәлі: 
Бәйеке, үйің жыл болар, 
Төрт есігің – төрт уақыт –
Баһары, қысы жаз болар, 
Әрқайсысы үш айдан, 
Айың отыз күн болар, 
Отыз ұлы сол болар; 
Әрқайсысы үш айдан, 
Шанышқан бес гүлі сол болар.
Жұмбағыңды айта бер, 
Таба алмасам, қалғаным, 
Тапсам шығар жалғаның. 
Қанатбайдың тойы емес, 
Бәйеке, менің жүйрік болғаным.
Біраз кідіріп болған соң, Сейдәлінің жеңгенін біліп, сол елдегі 
Асан батыр деген, киіп кетпе кісі, жиылған жұртқа: «Әй, Бәйім, көп 
оттамай, Табынның жолдығын беріңдер!» – деп, жолдығын бергізіпті.
Төр жақта отырады ақсары қыз, 
Ақ емес, көгілдірлеу, сап-сары қыз. 
Жасынан мерекеңді көрген талай, 
Бетінің қаны қашқан нақ сары қыз.
Бәйімнің айтқан сөзі ұнамады, 
Болған соң ұлы жүйрік шыдамады. 
Ақынға өлең айтып қоя берді, 
Аз емес, азырақ кем шыдағаны.
Бәйім кідіріп, самсөз болып, тынып отыр. Қарындасы Ділдә ол да 
ақын екен, жұрт: «Айтыс», – деп қоймапты. Қасына бір қызды ертіп 
алып, қосылып, ән салып, өлеңін қоя береді.
Ділдә:
Ағалар, сөз бастайын бісмілда деп, 
Кешірген бір Жаратқан, кінәйім көп. 


354
Қазақ өнерінің антологиясы
Айтекем еш еркіме қоймай отыр, 
Ақынға бір-екі ауыз сөз сөйле деп. 
Айтайын бес-алты ауыз мен де өлең, 
Молдекем біразырақ берсе кезек. 
Тақсыр-ау, құлағыңды бері маған сал, 
Алдыңда бұлаңдайын тілім безеп. 
Шалқыған жанған оттай сөз сөйлейін, 
Келеді сөздің өзі бөлек-бөлек. 
Молдеке, жұрттан озған болсаң жүйрік, 
Соңымнан жетші қуып, кеттім жөнеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет