346
Қазақ өнерінің антологиясы
Алтын отырып қалады, Сейдәлі өлеңін жалғап:
Алтын қыз, білмедің бе айтарымды?
Бұл тойдан айтып өлең қайтарымды.
Бағана «Жеңілмеймін» деп едің ғой,
Шаба бер тарбаңдатып байталыңды!
Қыз осымен тоқталып қалған соң, қасындағы жеңгесі өлеңді
қоя береді:
Айтамын айт дегеннен арма, қайным,
Тассаң да, төгілерсің, толма, қайным.
Құрбыңды
көп ішінде сонша ұялттың,
Кегіңнің біткен жері сол ма, қайным?
Сейдәлі:
Ар қандай, ақыл қандай,
намыс қандай,
Жүйріктің бірі озады жарысқанда-ай!
«Алтынды жұрт жеңбеген жеңді» деген,
Шашылған әрбір елге дабыс қандай?
Басыма менің киген төбетейім,
Өлең айтсам келеді елекейім.
Тапқанша алты бала әйгілі боп,
Жүр ме
едің айтып өлең, жеңгетайым?..
Достарыңызбен бөлісу: