Айтыс II том «КҮлтегін»


Мәшһүр-Жүсіп пен бір қожа



Pdf көрінісі
бет157/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   181
Мәшһүр-Жүсіп пен бір қожа. Айтыстың қай жылы болғаны және қандай 
жағдайда орын алғаны туралы мәлімет сақталмаған. Мәтін ОҒК қолжазба 
қорындағы 1176-бумадан алынған. Антологияға ақынның коп томдық шығармалар 
жинағынан (6-том, 177-б.) алынды.
Үкілі Ыбырай мен Құдайберген. Бұл жұмбақ айтыстың дәл қай жылы болғаны 
белгісіз. Айтыстың шығу тарихы: Атығай Қожақмет отыз кісімен Көкшетауға 
құдалыққа бара жатып, өлең айтқызуға бала болса да, Құдайбергенді арбаға 
мінгізіп, ала барыпты. Жас та болса, ақын аты шыққан Құдайберген ақын, өлеңді 
айтып-айтып, домбыраны қасына қойып отырғанда, Көкшетаудың елу жастағы 
Ыбырай деген ақыны естіп, қолында үкілі домбырасы бар, есіктен кіре, айқай сала 
кіреді, – деп баяндалады.


374
Қазақ өнерінің антологиясы
Айтыстың қолжазбасы ОҒК қолжазба қорындағы 256, 2396-бумаларда сақтаулы. 
«Айтыс «жинағына (1965, 1 том, 256 – 259-б.) енген. 
Антологияға «Гәкку» жинағы (156 – 158-б.) бойынша берілді.
Құдайберген мен Қадиша. Бұл айтыстағы Құдайберген – Әлсейітұлы. Айтыс 
бұрынғы Көкшетау облысының «Қызыл Ту» ауданына қарасты Үлкен Қараой мен 
Кіші Қараой аралығындағы Аққұдық деген жерде өткен. Өзге мәлімет белгісіз. 
Алғаш рет «Айтыс» жинағында 1965 ж. (448 – 453-бб.) жарық көрген, антологияға 
сол басылым бойынша ұсынылды.
Оңғар мен Ырысты қыз. Айтыс 1885 ж. шамасында болған, Қызылорда экс-
педициясы кезінде 1964 ж. Мардан Байділдаев жазып алып, ӘӨИ қолжазба қорына 
тапсырған. 
Антологияға «Айтыс» (1988, 1 том, 144 – 148-б.) бойынша берілді. 
Қызыл жыршы мен Әкімгерей. Мырзабек Байжанұлы (Қызыл жыршы) 1916-
1917 жылдары Ақтөбе өңірінде үш жылдай тұрған. Ашаршылық болса да, ел ішінде 
ақындығымен танылып, қиындық көрмей, тұрмысы түзелген. Осыдан соң туған 
еліне қайтпақ болған кезде Ақтөбедегі белгілі дәулетті Шайқыслам деген бай оны 
бірер күнге тоқтай тұруын өтініп, Әкімгерей Қостановпен айтыстырған. Бұл айтыс 
сол кезде болған.
Антологияға «Қызыл жыршы» жинағынан (52 – 65-б.) алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет