Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет159/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   181
Кеншімбай мен Ақсұлу. Айтыс, шамамен, 1890 ж. болған. Айтыстың мәтінін 
және екі ақынға қатысты мәліметтерді ел арасынан іздестіріп, жинаған ӘӨИ 
ғылыми қызметкері Мардан Байділдаев. Антологияға «Айтыс» жинағы (1-том, 
1965, 326 −340-бб.) бойынша берілді. 
Сауытбек пен Сыбанбек. Айтыстың қай жылы болғанын анықтауда әркелкі 
пікірлер айтылған. Дегенмен филология ғылымдарының докторы, профессор 
М.Жолдасбековтің зерттеуінше, ағайындылар ақын болғандықтан, олардың ара-
сында айтыстар жиі болып тұрған. Ал бұл айтыс 1895–1897 ж. болған. Айтыстың 
шығу тарихы: Сауытбек алты ағайынды: Зәуірбек, Күсебек, Сауытбек, Іңкәрбек
Тәтелбек, Сыбанбек. Сауытбек бес жасқа келгенде әке-шешеден бірден айрылып, 
жоқшылықтың кесірінен Жеріндік деген бай әйелге жалданады. Сауытбек бұған 
қатты намыстанады да, кенже інісі Сыбанбек екеуінің арасында айтыс туған. 
Қаттылау сөздер айтылғанымен, ағайындылардың бұл сөз сайысында бір-біріне ой 
салу бар. Антологияға «Айтыс» жинағынан (1-том, 1988, 158-160-б.) алынды.
Сауытбек пен Майса. Айтыс 1890 ж. болған. Мәтінді 1974 ж. халық ақыны 
Смайыл Қалипановтан жазып алған Әбді Шынбатыров. 1977 ж. «Мәдениет және 
тұрмыс» журналына жарияланған. «Айтыс» жинағына (1-том, 1988, 158–160-бб.) 
енген, ұсынылып отырған мәтін осы басылым бойынша берілді.
Әсет пен Ырысжан. Айтыс 1849 ж. мамыр айында болған. Қарқаралы – Қызылжар 
жолының бойындағы Қоянды бекетінде, орыс саудагерлері мен қазақтардың съезі 
ашылған. ...Атақты Қоянды жәрмеңкесінде болып, әсіресе, Хамитжапар байдың 
ақыны Ырысжан қызбен айтысып, оны жеңуі Әсеттің есімін елге танытқан. 
Бұл айтыс «Қазақ әдебиетінің нұсқалары» (1931), «Айтыс» (1942, 1964, 1965) 
жинақтарында басылған. Антологияға соңғы басылым (1-том, 341–356-бб.) бойын-
ша ұсынылды. 
Мәулімбай мен Мұғлипа. Айтыстың нақты қай жылы болғаны белгісіз. 
Айтыстың шығу тарихы: бастапқыда қыз бен жігіт айтысы ретінде басталғанымен, 
сол замандағы әлеуметтік мәселелер көтерілген. Айтыстың, ақыры, қыздың намы-
сын қорғамақ болған мырзалар Мәулімбайға ұмтылғанында, айттырылған жері ан-
дас болғандықтан, олар осы сәтті пайдаланып, Мұғлипаны алып қашқан. Ұсынылып 
отырған мәтін «Ақтөбе - шұрық мекенім» атты жинақтан (151-159-б.) алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет