Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет156/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   181
Сарышолақ пен Тоқсұлу. Айтыс 1905 жылы өткен. Ұсынылып отырған нұсқа 
«Сарышолақ Боранбайұлы. Шығармалары» атты жинақтан ( 280–293-бб. ) алынды. 
Сарышолақ пен Бақи сұлу. Айтыстың қай жылы өткені белгісіз. Айтыстың 
орын алу тарихы: Елдің алды жайлауға көшіп жатқан кез екен. Астында Қарагер 
аты, қасында қасқыр алатын Топжар атты тазысы бар Сарышолақ келе жатса, ал-


373
Айтыс II том
дынан көшкен елдің жұртында жүрген бір топ қыз кездеседі. Қыздар жұрттан бір 
нәрсе іздеп жүргенге ұқсайды. Олар Жекей руынан екен. Топ ішінде Жекей елінің 
ақын қызы Бақи сұлу бар екен. Іздегенге сұраған дегендей, жас Сарышолақ топқа 
жақындап, тиісе сөз қозғапты. Содан айтыс басталған. 
Антологияға «Сарышолақ Боранбайұлы. Шығармалары» атты жинақтан ( 294–
300-бб.) алынды.
*Ескерту: «Сайрап қал бұлбұлдайын, замандасым»,деп басталатын шумақта 
бір жол жетпейтін сиякты әсер береді, бірақ сілтеме жасалған кітапты 
басшылыққа алып, осылай қалдырылды. 
Сарышолақ пен Тама қызы. Айтыс 1884 жылы өткен. Айтыстың шығу та-
рихы: Сарышолақ жолаушылап, Жем өзені бойындағы бір үйге ат басын тірейді. 
Жақындай бергенде, үйден бір бойжеткен қыз шығып, қайта кіріп кетеді. Хабар-
ласса, үйден жаңағы қыз шығып, есіктің жақтауына сүйеніп тұра қалады. Дәстүр 
бойынша, үйден ер адам шығуы керек. Үй иесі сараң болса керек. Сондай келеңсіз 
көріністі тілге тиек етіп, Сарышолақ өлеңдетіп жібереді. Қыз да өлең сөзге қара 
жаяу емес екен. Айтыс осылай басталған.
Ұсынылып отырған нұсқа «Сарышолақ Боранбайұлы. Шығармалары» атты 
жинақтан (301–303-бб.) алынды.
Сарышолақ пен Құлый. Айтыс 1907 жылы өткен. Айтыстың шығу тарихы: 
Қазыбай тайпасының Қуат бөлімінің атақты байы Тотан жылқылы болған. Көп 
жылқысын үлкен қос қылып ұстаған. Тілеу руының Мөңке тайпасының Әбу атты 
пысық жігітін бас жылқышы еткен. 
Әбу Сарышолақтан бір зергерлік бұйым алып, қысқа қарай ат берем десе ке-
рек. «Сүтті көлде» отырған жылқышылар қосына Сарышолақ шайыр мініске ат 
сұрап барады. Сарышолақтан құтылғысы келген Әбу тұғыр ұстап береді. Әбудің 
жақтырмағанын сезген Сарышолақ сол арада айтысты бастайды. 
Айтысты Шалқар қаласының тұрғыны, журналист Мұханбетәли 
Есмағамбетовтен филология ғылымдарының докторы Ж.Асанов 1997 ж. жазып 
алған.
Ұсынылып отырған нұсқа «Сарышолақ Боранбайұлы. Шығармалары» атты 
жинақтан ( 306–326-бб.) алынды.
*Ескерту: Бұл айтыстын екі жерінде бір-бір сөзден жетіспей тұрған сияқты, 
бірақ айтыскердің өзіндік сөз қолданысы, т. б. жағдайларды ескеріп, өзгерту жа-
самауды ұйғардық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет