Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет176/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181
Айтыс II том
Қуаң – Қуаңдария – Сырдария алабындағы құрғақ арна, Сырдарияның ескі та-
рамы. Қызылорда облысындағы Қармақшы, Қазалы аудандарының жерімен өтеді. 
Қызылжар – Батыс Қазақстандағы елді мекен.
Қызылтау – Қазақстанда осы атаумен бірнеше жер бар. 1) Қарағанды обл. Шет 
ауданындағы ауыл; 2) Сарыарқаның орталық бөлігіндегі аласа тау; 3) ерте палео-
лит ескерткіші, ол Жамбыл обл. Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 24 
км жерде. 
Меркі, Мерке – Шу алабындағы өзен. Жамбыл облысында Мерке ауданының 
жерімен өтеді. 
Мысыр – Египет.
Нарын, Кемин – Қырғызстандағы өзен аттары.
Ойыл – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан об-
лыстары жерімен ағады. 
Омбы – бүгінде Ресей қаласы, Омбы обл. орталығы. Омбы бекінісін 1716 ж. 
Петр I патшаның бұйрығы бойынша генерал-губернатор М.П.Гагарин салдырған. 
1782 ж. қала мәртебесін алып, Тобыл (1782–1798) округінің, Тобыл губерниясының 
(1804–1822, 1839–1868), Омбы (1822–1839) және Ақмола (1868–1918) облысының, 
Батыс Сібір (1824–1882) және Дала губерниясының (1882–1917 ж.) орталығы 
болған. 
Ор – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Хромтау 
аудандарының жерімен ағады. 
Орал, Жайық, Теке – осы күнгі Орал қаласы (1775 ж. бастап қала), Батыс 
Қазақстан облысының орталығы (1932 ж.).
Орынбор – Қазақстанның бірінші астанасы болған. Бүгінде Ресей Федерация-
сына қарайды. 
Өтеген – Алматының солтүстік батысындағы тау аты, батырдың есімімен 
аталған.
Перовск – Қызылорда қаласының бұрынғы атауы, Ақмешіт атанған қала. Кейін, 
1853 ж. Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды 
сылтауратып, орыс әскерлерімен қоқандықтарды қуып шыққан, қала бұдан кейін 
Перовск атанған. 
Семей – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Семей әскери бекінісінің іргесі 
1718 ж. қаланды. 1782 ж. уездік қала болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет