Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Қармақшы аудандық білім бөлімінің Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Тасбулатова Индира Булатбековна Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Тапсырмаларды электрондық кестелердің көмегімен шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7.2.2.2. Электрондық кесте элементтерін пішімдеу
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: электрондық кесте элементтерін пішімдей алады.
Басым көпшілігі: электронды кестенің элементтерімен жұмыс істей алады.
Кейбірі:Электронды кестеде пішімдеу әдістерін қолдана алады.
Бағалау критерийі
- электронды кестеде пішімдеу әдістерін қолданады.
Термин сөздерді пайдалана отырып, пішімдеу жолдарын ауызша түсіндіруге баулу.
Түйінді сөз: электрондық кесте, жол, баған, пішімдеу
Диалогқа қатысты сөз тіркестері:
...... пішімдер сізге Excel бағдарламасындағы сандардың пайда болуын реттеуге көмектесетін кішкенен кодтар.
Пішім ұяшықтары ашылмалы терезесінде бекітілген .... саны бар.
Таңдалған сандық пішім өңдеу ... пайда болады, ол жерде сіз оны қажетінше реттей аласыз.
Құндылықтарға баулу
- шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау;
- қарым – қатынас жасау қабілеті;
- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
- жауапкершілік;
- денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
- өмір бойы оқуға дайын болу.