390
Қазақ өнерінің антологиясы
«Уазифа» атты медреселер ашылып, қазақ балалары көптеп қабылданды. Алғашқы
қазақ баспасөздері: «Қазақ» газеті (1907−1918), «Айқап» журналы (1911 – 1915)
осында шығып тұрды.
Үргеніш –
ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің астанасы. Орны
қазіргі Түрікменстан Республикасындағы Ташауыз уәлаятындағы Көне Үргеніш
елді мекенінің жанында.
Хабар асу – ақ патшаның Хабаров деген генералы 500
әскермен осы асудан
асқандықтан, «Хабаров асуы» атанған. Кейін ел «Хабар асу» деп кеткен.
Шоқпар – Шу өзенінің шығысындағы жер аты.
Шу − Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен.
Шыршық – Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі, территориялық жағынан қазіргі
Өзбекстанға
тиесілі болғанымен, Сырдарияның оң сағасы.
Шідерті – Шідерті өзенінің, Ертіс-Қарағанды каналының оң жағасында, Павло-
дар облысындағы Екібастұз қаласынан 50 км жерде орналасқан кент.