Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет23/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   181
Айтыс II том
Жарылқасын:
Құдай артық жаратқан Ай мен Күндей,
Жігітке дәулет бітсе, перзент гүлдей.
Пендеге туғаннан соң өлім – рас,
Білмейді бенде, байғұс, оң мен солды-ай.
Сұраған сауалыңа сөз айтайын,
Тоғыз жыл алты ай Әмір патша болды-ай.
Айқын:
Құдай артық жаратқан Ай мен Күндей,
Жігітке дәулет бітсе, перзент гүлдей.
Бендеге туғаннан соң өлім – рас,
Білмейді бенде, байғұс, оң мен солды-ай.
Әмірдің бұрынғы аты Әмір дейді
Фаруқ аты не себептен пайда болды-ай?
Жарылқасын:
Бұ дүние ойлап тұрсам, жалған екен,
Бұрынғы пайғамбардан қалған екен.
Әуелден таққа мініп, патша болмақ
Жігітке хакім болмақ арман екен.
Бір жөһит пасықпенен даулы болып
Алдына пайғамбардың барған екен.
Жөһиттің ойлап тұрса, ісі мақұл
Турасын әділдікпен берген екен.
Ол пасық разы болмай тұрғаннан соң
Әмірге бар деп, жарлық қылған екен.
Екеуі келіп, Әмірге арыз айтып,
Алдында тағзымменен тұрған екен.
Разы пайғамбарға болыңыз деп
Көп өтініш екеуіне қылған екен.
Ол пасық разы болмай тұрғаннан соң
Калласын Әмір патша алған екен.
Расулдың сол жерде көңілі бітіп
Фаруқ атын сол жерде қойған екен.
Сұрасаң осылайша, сұлу Айқын,
Фаруқ ат сонан пайда болған екен.
Айқын:
Өзіміз ағайыннан артық дұшпан,
Достықтан айрылмайды Құдай қосқан.


84
Қазақ өнерінің антологиясы
Қожеке, ұстазыңа көп рақмет,
Сөзіме жауап бердің тоқталмастан.
Жауап бер, бұл сөзіме ақылың кәміл,
Неше жыл патша болды хазірет Оспан?
Жарылқасын:
Ұласты сөзге сөзің айрылмастан,
Отырсың бөтен сөзге қайрылмастан.
Дұшпанды ағайыннан артық дейсің
Кісідей жат орынға бауыр басқан.
Қыз Торы, ағайыннан түңіліпсің
Кісідей залал көрген қарындастан.
Сұраған сауалыңа сөз айтайын
Он екі жыл патша болды хазірет Оспан.
Айқын:
Құдайға тәуекел қып, бел байлаған,
Өлем деп ажалынан қорықпаған.
Жауап бер, бұл сөзіме ақылың кәміл,
Неше жыл патша болды Шаһимардан?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет