79
Айтыс II том
Әйелше өсек ашпақ сөз айтасың,
Қожеке, солай ма еді сенің сырың?
Ризасыз неке харам деген қайда,
Жоқ па еді оқығаның оны бұрын?
Жарылқасын:
Жарқыным, жүзің көркем,
сұлу сыртың,
Қияды көрген адам не ғып ұлтың?
Білгенімді еш адам білмес дейсің,
Осылайша, Айымторы, пиғыл-құлқың.
Ризасыз
неке харам деген болса,
Қалды ма ризаланып қайын жұртың?
Айқын:
Қалдырма, қожа, бізді қасіретке,
Толады ішім менің қайғы-дертке.
Біз жүрміз сөзімізге жетелік деп
Бірнеше ерегесіп еткен сертке.
Өзінің
өз қылғаны келді алдына,
Дүниенің өші қалмас ақиретке.
Достарыңызбен бөлісу: