94
Қазақ өнерінің антологиясы
Сарышолақ:
Сөзімнің түйіні бар зергердей,
Қаңғуға біздің қазақ ерінер ме-ей?!
Тыншулап
бір жерлерді мекен етсе,
Бір пәле барлығына көрінердей.
Тоқсұлу:
Қазақтың жері ұшан, шексіз қиян,
Қоныс тепсең болады құстай ұяң.
Маңғазсып мал жиғанға мәз боласың,
Мақтаншақ сол мінезді қалай тиям?
Сарышолақ:
Айтқаның
әр қазақтың қанында бар,
Көбінің жақсылыққа іштері тар.
Орыстар мекен салып, қарашекпен иемденді
Қол жая сұрағанды етпейді ар.
Тоқсұлу:
Құдайым сақтасын тілемсектен,
Не күттің жарымаған келімсектен?
Басында
ақылы бар тау қопарар,
Ісі жоқ сақтасыншы өзіңдей еріншектен.
Сарышолақ:
Жердің де ат жүрдірмес кебірсегі,
Адамның басын жұтар еріншегі.
Елімде батырлар көп, жауға шабар,
Қазақтың озып жүр ғой көңілшегі.
Тоқсұлу:
Көңілшек пен еріншек –
ағайынды,
Не айтып, өзіңізге жағайын-ды?
Батырлықты не қыласың бас кететін,
Егін салып, сынасайшы талайыңды.
Сарышолақ:
Салар ем егініңді сынар болсаң,
Отырып, жай салмаққа құмар болсаң.
Жер жайын сен білерсің дән егетін,
Көңілден топ алдында шығар болсаң.