Айтыс II том



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата16.02.2017
өлшемі0,96 Mb.
#4186
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Кеншімбай:
Ақсұлу, артық бала сөйлер сөзге, 
Ақынсың дара туған көрер көзге. 
Мүләйім сөзің жатық жан екенсің, 
Жасанып, шыға берме аса дүзге. 
«Ақынды пәлен түрлі жеңуші ем!» – деп, 
Кісіге айт бұл сөзіңді менен өзге.
Мақтаншақ жігіт емен мақтанатын, 
Ешкімнен қорқып-сасып сақтанатын. 
Дегенді: «Пәлен айтқыш!» мен де көрдім. 
Олар да жауап таппай, тоқталатын. 
Бәйгіден озып жүрген наз бедеумін, 
Көңліне жабылардың дақ салатын. 
Ішінде Қаракөздің Құрманаймын, 
Бес Жаппас Сыр бойында бар-ды халқым. 
Жетіру Жағалбайлы таң көреді, 
Жаппастың көрсе көркі-салтанатын. 

174
Қазақ өнерінің антологиясы
Жақсысын сіздің елдің көріп жүрмін,
Білмейді сыпайылықтың ешбір парқын. 
Парықсыз істеріңді баян етсем, 
Тартпай ма мәлел келіп көңлің салқын. 
Тең құрбым өнеріме тең келмеген, 
Бұл жаққа келген жоқ па менің даңқым?! 
Жүйрікпін өрге шапқан өнеріммен 
Белгілі Кеншімбай ғой менің атым.
Ақсұлу:
Кеншеке, айтар сөзге кен екенсің. 
Еліңнен шығып жүрген ер екенсің. 
Арамза, аңқау елге заңқой болған, 
Кеншімбай деген ақын сен екенсің. 
«Кенді төкпе, елді сөкпе» деген қайда?» 
Байқадым ақылыңды, кем екенсің.
Атадың Иса менен Қаракөзді, 
Айтасың маған неге жаман сөзді? 
Еліңе сыймай жүріп жалғыз басың, 
Осының лайық па көрер көзге?!
Сен, үйтіп, біздің елмен болма қасты. 
Қас болсаң, салар жөнге сендей масты. 
Парықсыз деп ешбір адам айтқан емес, 
Аралап жүрген жігіт алты алашты. 
Жаппастан біздің елдің байлығы асты, 
Садақа, қайыр-зекет болмаған соң, 
Береке сіздің елден Қыдыр қашты. 
Еш мінді біздің елден таба алмассың,
Болмаса, сендей Жаппас жалғыз басты.
Кеншімбай:
Ақсұлу, мұнша сөзді айтпа тасып, 
Мен саған сөз таба алмай қалман сасып. 
Көрген жоқ, қанша айтсаң да, Жағалбайлың 
Жаппастан бұрын-соңды байлығы асып.
Таласпа біздің Жаппас баласына, 
Айтар ма мұндай сөзді ағасына? 
Үйлер бар Мырқы салған өз күшімен 
Ақмешіт, Перовскі қаласында.

175
Айтыс II том
Ол үйдің әр бөлмесі біткен деді, 
Отыз бес-қырық мың теңге шамасына. 
Үйлерін сіздің елдің көріп жүрмін, 
Жаппастың жете алмайды қорасына. 
Еліне бес Жаппастың асып айтпа, 
Жаратқан Құдай артық о басында.
Жаппастың сап-сары алтын жиған мүлкі 
Меймандос келеді оның барша жұрты. 
Шығады қыз-бозбала серуенге 
Үстіне масаты мен киіп құлпы.
Нүреке, Жүсіпбегім жүйрік заңға,
Бұл күнде жол бермейді жүрген жанға. 
Тәрбие неше түрлі дәрежесін, 
Көргенде салтанатын қалар таңға. 
Меймандос мырзалығы асып кеткен 
Бөгейді қонақ қонса, жал-жаяға. 
Жақсысын Жағалбайлы көріп жүрмін, 
Пар келер осыларға кісің бар ма?
Ақсұлу:
Жаппасым, мақтай берме Мырқыңызды, 
Алдымен Мырқы бұзар шырқыңызды. 
Байлықпен бар адамын әлек қылып, 
Неше жыл бүліндірген жұртыңызды. 
Етпейді бір-біріне ешбір рақым, 
Аударып арамдыққа құлқыңызды.
Нүреке, Жүсіпбек пен Әлім болыс,
Біздерге үшеуі де мәлім болыс. 
Сүгір мен Батырбайды ұстап берген, 
Ары жоқ адамдықтан зәлім болыс.
Мақтама Нүрекедей дөң жігітті,
Мақтайсың қайдағы бір кем жігітті.
Жаппасың адасқан жұрт ақылынан, 
Ақылға таппадың ба мол жігітті?
Жігерлі – қатарынан асқан жігіт, 
Мақтасаң, әні, мақта сол жігітті.

176
Қазақ өнерінің антологиясы
Жарастың болыс қойдың Нүрекесін, 
Әкім ғып Нүрекені тұр екенсің. 
Қай күні Нүреке болыс болғаннан соң, 
Еліңнің алған жоқ па берекесін?! 
Қашанда желіккенді адам санап, 
Ақылсыз Жаппас деген ел екенсің.
Жаппасым, сен мақтама пәс адамды, 
Мақтайсың қайдағы бір нас адамды. 
Ысырап қайта малын шашып жүрген, 
Мақтама дәулетіне мас адамды. 
Берәлі, Дербісалы, Есқожаны, 
Сен, Жаппас, білмеймісің осы адамды?!
Үйінде кім болса да, кет демейді,
Ешбір жан қайратына беттемейді. 
Кем емес әділдігі Наушаруаннан, 
Біреуден алып пара, ептемейді. 
Жүз кісі маған десе қонақ келсін,
Ұлыққа тапсырма деп, өктемейді. 
Сүгірді, Батырбаймен ұстап берген, 
Нүреке, Жүсіппегің көктемейді.
Сұрасақ ишандар мен молдалардан, 
Тегінде ол кісіні тек демейді.
Кеншімбай:
Ақсұлу, айтар сөзді аңдамадың, 
Аузыңа келген сөзді талғамадың. 
Әкесін, шешесімен нандырады 
Көп болса өтірігі қыз баланың. 
Қыз бала елдің жайын қайдан білсін, 
Білмесе қыз бен жайын біз баланың.
Ақсұлу, қайыспайтын жас баласың, 
Тәңірі алғыр, болмашыны еске аласың. 
Патшаға Қоран болыс ұстап берген, 
Кінәсіз Боранқұлдың бес баласын. 
Айдатқан қысастықпен алты адамын,
Еліңнің білмейсің бе масқарасын?! 
Балтамен шапқандай мін басында тұр, 
Мініме пышақ жонбас көз саласың.

177
Айтыс II том
Мініме назар салма пышақ жонбас, 
Сіздің ел біздің елдей, сірә, болмас. 
Патшаға өз жақсысын ұстап берген, 
Екі бірдей дүниеде Қоран оңбас.
Жазылып молдалардың хаты қалған,
Өзі өлсе, жақсылардың аты қалған.
Білемін Дербісәлі, Есқожаңды, 
Әр шендерін ер құнына сатып алған. 
Кісі бар сіздің елде Мәмбет деген, 
Ол шенді беделі елден асып алған. 
Есепсіз қайраты да асқан адам, 
Жылқысын Қазыбектің тартып алған. 
Бұларға ешбір адам таласпайды, 
Бәріне орыс, қазақ даңқы барған.
Емберген, Шілдебай мен Қалыбай да, 
Бұл елде ол байлардың малы қайда? 
Байларын сіздің елдің көріп жүрміз, 
Қыс – қызыл, жаз қымызға жарымайды.
Алады ағаш кесіп, авансы деп, 
Он сомға сатады оны базарға әкеп. 
Шанаға екі мәстек жегіп алып, 
Жүргені ол ақшаға арақ іздеп.
Мас болып, тапқан пұлмен арақ ішіп, 
Балықтай торға түскен жатады ыршып. 
Қалпыңа қазақшылық бұл дұрыс па? 
Кетеді көрген адам мазақ қылып, 
Тоқтарсың осыныма санаң болса, 
Қайтеміз бұдан әрі ұзаттырып.
Ақсұлу:
Жаппасым, өтірік айтпа, дінің күйер, 
Халқымды жамандасаң, тілім тиер. 
Баласы бес Жаппастың жайы мәлім, 
Сенің де мінезің жоқ Құдай сүйер. 
Сыр бойлық, сен ежелден ғарып едің, 
Сен қашан қыр еліндей жарып едің? 

178
Қазақ өнерінің антологиясы
Бір жылы сіздің жақтан дәм бұйырып,
Мен-дағы Сыр бойына барып едім.
Жағалай Сырдың бойы халық екен, 
Ішкені су, жегені балық екен. 
Кәсібі болғаннан соң балықшылық 
Кигені аяғына шарық екен. 
Кедейлер Сыр бойында толып жатыр. 
Жаппасты бай ел деген дәріп екен. 
«Бәленің мыңы Сырда, бірі – қырда», – 
Деген сөз, көзім көрді, анық екен.
Келеді күн шыққан соң арығына, 
Барады түстен кейін балығына. 
Бір тыным қысы-жазы көрмейді екен, 
Жаппастың көңілім қайтты қылығына. 
Жаққаны кешке дейін қамыс екен, 
Өткізіп шуда жібін шарығына.
Тары көже ішеді тұзын салып, 
Ішіне сапырады мұзын салып. 
Жабады нақақ жала бір-біріне, 
Отырар жақынына көзін салып.
Жаппастың штаты бар және қызық,
Штатқа жиналады өңшең бұзық. 
Біреуі біреуіне бәле салып, 
Жатқаны күні-түні қағаз сызып. 
Патшаға мақтанбаққа ұстап берер, 
Айдатып, азаматын қойдай тізіп.
Болыс болдым дегені мал береді, 
Жаямен, кім барса да, жал береді. 
Ақшаға он сөлкебай дінін сатып, 
Нақақтан бір-біріне жан береді. 
Бұл жақта ондай істер болмаған соң,
Біздің ел сіздің елді таң көреді. 
Қоймаса, егер халықтың өзі қалап, 
Әкімдік сатып алғанды ар көреді. 
Мақтанғаның Қалыбай мен Шілдебайың, 
Білемін мақтасаң да, оның жайын, 

179
Айтыс II том
Арқадан бір теңгеден алып келіп,
Сатады үш теңгеден Сырға шайын. 
Секілді сусыз арық қайыры жоқ, 
Бермейді қонақасы, аттың майын.
Баласы Меңдіқұлдың Ермағамбет, 
Нияз бен жұртқа мәлім Меңдібайым. 
Жеріне Жаманқала мешіт салып, 
Бір мың сом қайыр берер әр жыл сайын. 
Байлығы, мырзалығы, әділдігі, 
Алашта жан бар ма екен солардайын? 
Жаппастың түрлі міні толып жатыр, 
Бұл жерде бәрін айтып, не қылайын?!
Шығады не жақсылық Есбергеннен, 
Келеді сараңдықпен ес білгеннен. 
Үйіне жалғыз қонақ қондырмайды, 
Жұрт бар ма оның жайын естімеген?
Кеншімбай:
Ақсұлу, Жағалбайлы, Жаппас қандай, 
Жаппастан ел өтпейді мақтасқандай. 
Әлемге әл білмеген таң болады, 
Сен – бота, ойнақтаған от басқандай.
Ор менен мен де көрдім Жайығыңды, 
Саласың Жайығыңа қайығыңды.
Артық мін айта берсе, толып жатыр, 
Жимаймын айтты екен деп айылымды. 
Сен кімге теңгересің Байұлымды, 
Сөзіңді өзің айтқан қайырмалап, 
Білгенше мен де айтармын айыбыңды.
Жағалбайлы – Жетіру – арпа ішеді, 
Шамалап, тақыл-тұқыл тарта ішеді. 
Қаспағы қазанының екі елі боп, 
Жумай-ақ, кір ыдыстан қайта ішеді.
Белгілі Жағалбайлы бойдақтары, 
Қызы көп, кірлі мойын бейбақтары. 
Жүреді алтай жазға пішен шауып. 
Қап-қара балшық болып сирақтары.

180
Қазақ өнерінің антологиясы
Таласқан Нияз бенен Меңдібайың, 
Шашылған ысырап боп қанша малың?
Екі айда үш қайтара штат құрған, 
Тынымбай, Қоранменен болар мәлім, 
Ант беріп, он бес кісің судьяға, 
Бекерге олардың да күйді жаны.
Меңдіқұл, Ермағамбет, Төлемісің, 
Соларды мақтайын деп келемісің?
Еліңде мен білмейтін кісің бар ма 
Айтпасаң, өтірікті өлемісің?
Меңдіқұл мешіт салса, бір қалаға, 
Ол үшін сен мақтанба құр далаға. 
Мекке мен арғы шеті Мәдинеге 
Салдырған Мырқы мешіт әр қалаға. 
Мың сомдық әрқайсының дағбыры бар,
Сауабы пайғамбардың аруағына.
Жылгелді болыс болды он бес жаста, 
Жайылған оның даңқы алты алашқа. 
Халық билеп, он екі жыл әкім болды, 
Тиген жоқ еш залалы қарындасқа.
Тағы асқан оның жұрттан салтанаты, 
Көргендер өнеге ғып, алған нұсқа.
Бұл ерді ешбір адам қылмайды өсек, 
Жақсыны күнә болар жаман десек. 
Үйінде алтын аяқ, күміс табақ,
Жинаған қазынада болмас есеп. 
Тай сойып, қозы орнына қонағына, 
Төсейді қалы кілем, қымбат төсек. 
Бұларға ешбір адам таласпаған, 
Болмаса Қара Мәмбет, Қабақ Есет.
Айрықша Жылгелдінің салтанаты, 
Нашарға және қандай мархабаты. 
Байлығы, мырзалығы – бәрі сай кеп,
Патшаға Петрборда білінді аты.

181
Айтыс II том
Әкесі бай Тұрғанбай Мекке барған, 
Жаппастан байлықпенен жеке барған. 
Дабысы Орынбор мен Теке барған, 
Жырауға бірлі-жарым ат мінгізіп, 
Сонымен жақсымын деп кете барған. 
Байлығың, мырзалығың, әділдігің,
Жоқ екен біздің елге жете қалған.
Ақсұлу:
Жаппасым, біздің мекен – Құмақ пен Ор, 
Екі су – Еділ, Жайық – онан да зор. 
Әлемге әл білмеген таң болады, 
Ер жігіт әлін білген болмайды қор. 
Кеншеке, бұл жерлерде не ғып жүрсің? 
Ер жігіт елден шықпас ақылы мол. 
Болмаса, ел қыдырған сыншымысың, 
Сапарың осы жүрген не деген жол?
Еліңде бар шығар ғой жақсы адамдар, 
Зейін сап, менің айтқан сөзімді аңғар.
Қорғалап қойыныма күн көреді, 
Елінен қашып шығып жүрген мұндар.
Жаппасым, маған мәлім барлық ісің, 
Менімен ерегіске шығармысың?
Еліңде қадірің бар жақсы болсаң, 
Ол жақтан не ғып келдің қашып түсің?
Қаштым деп Ақмешіттен Арқа келдің, 
Алыстан арып-ашып, зорға келдің.
Арамза аңқау елге заңқой болып, 
Келдің де, біздің елге күнің көрдің.
Қадірлі жігіт болсаң, нешік қаштың? 
Жазғы су жалаң аяқ кешіп қаштың,
Өкіметке орасан жазықты боп 
Патшаның палитсасын кесіп қаштың. 
Еліңе жарты тиын қадірің жоқ, 
Келдің де, біздің елге көзіңді аштың.
Білмедің ел қадірін, сыйлағанын, 
Көз салдың қайда сұлу ажарлыма. 

182
Қазақ өнерінің антологиясы
Бұл елде болыс та жүр, мырза да жүр, 
Мас болдың жазған қағаз-қаламыңа. 
Мен сенің бұл мініңді айтар ма едім,
Отырсаң әлің біліп манағы да.
Барады басымыздан дәуір өтіп,
Жат елді жүрдің қанша бауыр етіп?
Елінен ауып жүрген мүсәпір деп,
Сыйлаған халқым сені тәуір етіп. 
Сырыңды жасырынды білсе-дағы, 
Патшаға көрсеткен жоқ зәбір етіп. 
Баласын Сопекемнің алып қаштың, 
Бірталай қыздың басын әуре етіп. 
Масқараң бұл сияқты болса-дағы, 
Бөтенге білдірген жоқ дабыра етіп. 
Әшейін бір қаталық іс болды деп, 
Сыртқа жұрт шығарған жоқ дабыл етіп. 
Сопы мен қадірлі еді Тынымбай да. 
Аузыңнан шыққан сөзің қабыл етіп. 
Жарымес екеніңді және айтайын, 
Отырсаң бір азырақ сабыр етіп.
Жаппасым, осы қылған мақұлың ба, 
Болмаса, біліп қылған ақылың ба? 
Бір үйдің баласындай болып жүріп, 
Көз салдың қызы менен қатынына. 
Бар ма екен сопылардың әдетінде, 
Жақсы адам көз салатын жақынына? 
Жетіру Жағалбайлы мінін айт деп, 
Еліңнен сені мұнда шақырды ма? 
Қоймасаң бұл сияқты әдетіңді, 
Табарсың мұнан кесел ақырында.
Песір боп тұрдың тәулік Тынымбайға. 
Болып ең мұндай адам бұрын қайда? 
Біреудің ақ некесін айырыпсың 
Берер ме ақыретте мұның пайда? 
Білмедің ел қадірін, сыйлағанын, 
Жүрмесін кесір болып өз басыңа. 
Білмейтін ел қадірін есер болсаң, 
Бұл елде, қолыңды әкел, тұрмасыңа!

183
Айтыс II том
Кеншімбай:
Ақсұлу, маған таққан мінің сол ма? 
Айтқаның соны мін деп, бұл да жол ма? 
Кемітер ерді әйел деген сөзбен, 
Бұл жерде өтірік айтып, дұшпан болма! 
Қолымнан Тынымбайыңды болыс қылдым,
Өнерлеп, арыз жазып Орынборға.
Мереке жүрген жерім, күнде сауық, 
Нәсібін теріп жүрген мен бір тауық. 
Ақсұлу, сенікі рас бола қалсын, 
Жастар жақын болмай ма, көңілі ауып?
Ұстаған Нияз бенен Меңдібайың, 
Нақақтан бір-біріңе жала жауып. 
Арызын олардың да өнерменен, 
Қолымнан жазып бердім, закон тауып.
Ағайын, туысқаным жоқ болса да 
Жүремін жатырқамай таныспенен. 
Елімнен кісі өлтіріп шыққаным жоқ, 
Бұл жаққа келіп едім ақ іспенен. 
Екі жыл елдеріңе мейман болдым, 
Кешегі өткен сиыр, барыспенен.
Басы уйез барша халықтың тілін алмай, 
Кездестім, ерегісіп бір іспенен, 
Ұстасып, уйезбен де беріспегем. 
Құдайым, жалғыз көрген бір бұл емес, 
Айқастым мұнан гөрі зор іспенен. 
Айырған елде жесір жалғыз мен бе? 
Өзің де күйеуіңмен дұрыс па едің? 
Мен-дағы бастан-аяқ баян етсем, 
Мінің бар, шапса кетпес, қылышпенен.
Ақсұлу, көп баладан келімді едің, 
Айтуға өтірік сөз ерінбедің. 
Жетіру, Жағалбайлы мақтаса да, 
Білгір қыз онша маған көрінбедің.
Қанықпын көрмесем де, хабарыңа, 
Адайға Есерқожа келін бе едің? 
Болсаң да өзің тәуір, жарың жаман, 

184
Қазақ өнерінің антологиясы
Оңбаған жолдас бопсын көрімменен.
Теңіңді жалпақ елден таппағандай, 
Жолдас бопсың бір жырық ерінменен. 
Еріні күйеуіңнің жаман екен,
Қоймасаң жабыстырып желімменен. 
Әр түрлі масқараңды шығарармын, 
Жарқыным, ерегеспе меніменен.
Даңқымыз шыққан жүйрік баяғыдан, 
Ат міндім, жылқы айырып саяғынан. 
Ертерек, уақытың өтпей, теңіңді тап, 
Айтамын бұл сөзімді аяғаннан.
Осыны айтып болған кезде, бұрынғы жеңіліп жүрген жағы қызға 
сөз  кезегін  айтқызбай,  Кеншімбайды  жеңді  етіп  көтермелеп,  алып 
кеткен.
САУЫТБЕК ПЕН СЫБАНБЕК
Сауытбек:
Сыбанбек, жүр дегенде қалдың неғып,
Өте ме жас өмірің жылқы бағып?
Бола ма тәуір жігіт деп ойлаушы ем, 
Жүр дейді Жеріндіктің отын жағып.
Қатын алсаң болмай ма қаңғығанша,
Тамағын Жеріндіктің аңдығанша.
Жігітке бір тіршілік болмай ма екен,
Отын жоқ дегеніме тарынғанша.
Бар тапқаның мал бағып жалғыз бөрік,
Соған да шіренесің амал бар ма?
Сыбанбек:
Атамыз малға бастан жарыған ба?
Сен жүрсің қошемет қып малы барға.
Айтасың әйел ал деп, жаның ашып,
Бересің неменеңді қалыңмалға?
Аз уақыт күнелтейік, уақыт болар,
Ыза боп неғыласың тарынғанда?
Басыма шаруа боп кидім тымақ,
Ауылым Майтүбектен кетпейді ұзап.

185
Айтыс II том
Баққаным менің жылқы зиян емес,
Бөркімді киіп жүрсің тойға сұрап.
Түйелі сиырлымен жанаспайды,
Сыбанбек жылқы бақса, адаспайды,
Бөркімді қара бұйра киіп жүрсің,
Кигенмен көзің соқыр жараспайды.
Сауытбек:
Домбыра өлеңімен біткен бағым,
Талмайды күн-түн айтсам, тіл мен жағым.
Қорламай біздің ауылды алысқа кет,
Атаның төмен баспа аруағын.
Ата жөнін істелік біреуміз-ақ,
Сен түбін ойласаңшы шаруаның.
Шырағым, неғыласың мені қинап?
Қинасаң, айтысармын өлең жинап.
Бетіме бір бөркіңді еттің салық,
Көріп пе ең бұдан бұрын аға сыйлап?
Бетіме бір бөркіңді еттің салық,
Оныңды қимай жүрсең, қалғын алып.
Мен саған міндет қылып неге айтпаймын,
Жасыңда асыраттың жетім қалып.
Мал бағып, не боласың қаңғып жүріп?
Ауылды иесіз қалған аңдып жүріп.
Құрай берсең бірталай мал болмай ма,
Ақыңды төрт-бес жылғы алып жүріп.
Сыбанбек:
Той десе, домбыра алып аттанасың,
Мәз болып, әйел күлсе, шаттанасың.
Екі қыз тұсыңа кеп, өлең айтса,
Қалдырмай ішіңе өлең ақтарасың.
Бес жылқы бесеуіңе бітпей қойды,
Үлкенсіп, неменеге мақтанасың?

186
Қазақ өнерінің антологиясы
Рас, сен жас күнімде асырадың,
Намыс қып, оның несін жасырамын?
Отын жақ Жеріндіктің дегеніңе,
Терезем тең болғасын ашынамын.
Жел тұрса, шөптің басы селкілдейді,
Жақсы адам айтқан сөзге серпілмейді.
Өтіпті бізден бұрын талай жетім,
Құдайым қуат берсе, өлтірмейді.
Сауытбек:_Өзіме_өз_обалым_шыдамасам,_Көзден_бұл-бұл_ұшасың_шыдамасаң._Сауытбекті_өлдіге_санай_бергін,_Жақында_сенен_сұлу_қыз_алмасам._Майса'>Сауытбек:
Салмақты болар деуші ем қорғасындай,
Кісіге өнер бітпес, жол ашылмай.
Көреміз әніңменен бір қыз алсаң,
Есектің китіңдеген жорғасындай.
Басымда ән де, өлең де жеткілікті,
Мың қойдың көлемі үлкен қорасындай.
Сыбанбек:
Түсінде үлкен атам өлең алған,
Өнерін маған қаптап бере салған.
Анадан сені тапқан мен де тудым,
Маған да бір қой сойып қалжа жеген.
Ауылдың бәрі кедей, бәрі күйші,
Малсыз боп біреуі жоқ аштан өлген.
Өлеңім аз болса да, әнім сұлу,
Қайғыңды қайтып алғын маған деген.
Сауытбек:
Шешеңді жалмап туған жетім едің,
Он жасқа келгеннен соң жетіп едің.
Жетімді есіркеме деген екен,
Қарашы, міне, алдыма келтіргенің.
Сыбанбек:
Бір гүлім он екіде ашылмаған,
Дәуірім өлең айтпай, басылмаған.
Өтіпті не жақсылар жетім болып, 
Сен бе едің соның бәрін асыраған?

187
Айтыс II том
САУЫТБЕК ПЕН МАЙСА
Сауытбек:
Келіп ем, Майса, сізге амандаса,
Қалмайды тойдан Күнту хабарланса. 
Жігіттің бағы ашылар деген екен,
Танысып, ағайынды араласа.
Майса:_Өлеңші_келіп-қайтқан_талай-талай,_Артына_қашып_кеткен_бір_қарамай._Атаңызды_мына_жұрт_Абыз_дейді,_Ұқсаттың_адамзатты_итке_қалай!_Сауытбек'>Майса:_Көктемде_сиыр_қашар_оқырадан,_Ауылым_күнде_жиын_топырлаған._Ақын_деген_мақтан_ғой,_әнге_кедей,_Бәріміз_ақын_қызбыз,_соқыр_адам._Сауытбек'>Майса:_Бойыма_біткен_өлең_айтсам,_дайын,_Саған_мен_байлық_айтып_неғылайын._Сауытбек,_шіренесің_неменеге,_Келіпсің_сұрап_мініп_тайдың_майын._Сауытбек'>Майса:_Қай_жақтан_айтысам_деп_келдің_жортып_Кетесің_бай_ұлындай_толқып-толқып._Бойың_қысқа,_көруге_түсің_солғын,_Жеңер_деп_сескенбеймін_сенен_қорқып._Сауытбек'>Майса:_Хантауын_мен_бір_ерке_жайлап_жатқан,_Бауырында_жаздай_бие_байлап_жатқан._Айтысуға_келгеннің_аузын_буып,_Үйіңе_аман_бар_деп_айдап_жатқан._Сауытбек'>Майса:_Келгенің_жақсы_бопты_нәсіп_ауып,_Сәмбетті_іздеп_келдің_қайдан_тауып_Сарқымастан_шықпайтын_кедей_Күнту,_Келіпсің_бір-бір_сайман_жалта_шауып._Сауытбек'>Майса:
Келгенің жақсы бопты нәсіп ауып,
Сәмбетті іздеп келдің қайдан тауып?
Сарқымастан шықпайтын кедей Күнту,
Келіпсің бір-бір сайман жалта шауып.
Сауытбек:
Аман ба, ақын Майса, елдегіңіз,
Тамаша ойын-сауық ермегіңіз.
Хантауын жайлап жатқан сұлу бар деп,
Ізденіп, айтысуға келгеніміз...
Майса:
Хантауын мен бір ерке жайлап жатқан,
Бауырында жаздай бие байлап жатқан.
Айтысуға келгеннің аузын буып,
Үйіңе аман бар деп айдап жатқан.
Сауытбек:
Хантауы біздің ауыл бауырында,
Арнайы іздеп келдім ауылыңа.
 Бес, он ауыз айтысқанда сұлу қыздың
Талайын тартушы едім бауырыма.
Майса:
Қай жақтан айтысам деп келдің жортып?
Кетесің бай ұлындай толқып-толқып.
Бойың қысқа, көруге түсің солғын,
Жеңер деп сескенбеймін сенен қорқып.
Сауытбек:
Оншалық қортық емес, аласамыз,
Бәйгеге бай ұлындай таласамыз.

188
Қазақ өнерінің антологиясы
Әнім зор, өлеңім мол, өнерім көп,
Зор байлық – өлең, сауық, тамашамыз.
Майса:
Бойыма біткен өлең айтсам, дайын,
Саған мен байлық айтып неғылайын.
Сауытбек, шіренесің неменеге,
Келіпсің сұрап мініп тайдың майын.
Сауытбек:
Келгенім рас, Майса, тайды мініп,
Отырсың сұрамастан жайды біліп.
Айтыссам, сұлу қызбен таңдамалы,
Талайы беттен сүйген қайырылып.
Майса:
Көктемде сиыр қашар оқырадан,
Ауылым күнде жиын топырлаған.
Ақын деген мақтан ғой, әнге кедей,
Бәріміз ақын қызбыз, соқыр адам.
Сауытбек:
Тұрмысың бүгін көріп Сауытбекті,
Бір көзім бір көзіме ауып кетті.
Атақты Балта атаның тентек қызы
Бетімнен оңдырмай-ақ қауып кетті.
Майса:
Өлеңші келіп-қайтқан талай-талай,
Артына қашып кеткен бір қарамай.
Атаңызды мына жұрт Абыз дейді,
Ұқсаттың адамзатты итке қалай?!
Сауытбек:
Сен менің неғып едің бір көзімді,
Мен сенің ұнатпадым мінезіңді.
Екі жас дос болуы қиын емес,
Ұстасаң от боп тұрған білегімді.
Майса:
Сауытбек, есте бар ма, түнеу күнгі,
Кетіп ең көрместей боп бұл өңірді.

189
Айтыс II том
Кедейдің қара қасқа өзі екенсің,
Шыдамай, жарып алма жүрегіңді.
Сауытбек:
Өзіме өз обалым шыдамасам,
Көзден бұл-бұл ұшасың шыдамасаң.
Сауытбекті өлдіге санай бергін,
Жақында сенен сұлу қыз алмасам.
Майса:
Өлең қызық болмайды сөз болмаса,
Қисық ағаш көбейер тез болмаса.
Кедейге қыз тимейді біле тұрып,
Байы өлген жесір қатын кез болмаса...
Сауытбек:
Айтайын саған бір сөз мақұлдасаң,
Қыздар жақсы көреді, жақындасам...
Дүниеден бос өткенім жақсы емес пе,
Қыз алмай, жиырма үште қатын алсам.
Майса:
Сені жігіт деуші ем білерлікті,
Сұрап, мініп келіпсің бір көлікті.
Тойға барса, ауысып киеді дейді,
Алтауың кезек-кезек бір бөрікті.
Сауытбек:
Ау, қамыс күрке өзіме,
Сәмбеттің аппақ үйіндей.
Сауытбектің өнерін
Жүрмісің, Майса, түсінбей?
Қамыс үйде ән салсам,
Кетпейді сұлу керілмей.
Басылмайды дауылым,
Жүз деп кісі үйірмей.
Таң қалады әніме
Бұлбұлдың сұлу үніндей,
Айналып тыңдап қыздар тұр
Төңіректен сыртымнан,
Реңі жұпар гүліндей...

190
Қазақ өнерінің антологиясы
 ӘСЕТ ПЕН ЫРЫСЖАН 
 
Ырысжан:
Бір таудың жан салмаған тағы кері, 
Шыдайды егес жерде ердің ері.
Сыпайы, сынық қылмай, келтіріп айт,  
Болады өлеңнің де оқа-зері. 
Сіз – Әсет, мен – Ырысжан, әлем білген. 
Екеуіміз тартысалық әрі-бері. 
Қорғалап не қып отыр, бойын бағып, 
Жұрт бұлдап, тұмарлаған белгі тағып. 
«Адырға атар киік» дегендейін, 
Атпасаң, нысанаға келдің не ғып? 
Аянып өлеңіңді отырмысың, 
Жұрт көңіліне құмардың отын жағып. 
Бара-бар Ырысжанмен деуші еді жұрт, 
Жүр екен өсекшілер босқа лағып. 
Осы ма атақтыңыз Әсет деген, 
Бере ме өнер пайда көрсетпеген?! 
Топастау тор шолақтың біреуі ғой, 
Мұны кім сөз білгішке есептеген? 
Үрейің мұнша неге ұша қалды, 
Бұл жерде жалмауыз жоқ кісі жеген. 
Шаппайтын, желмейтұғын жорға десем, 
Семірген ақша майға екен көбең.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет