Балғынбек:
Бұл салған ел алдында әнім еді,
ринатжан, сен бастадың тағы нені?
204
Қазақ өнерінің антологиясы
Әу бастан уызыма жарығанмын,
толықтығым халқыма мәлім еді.
Қыз берген Шұбартауға соғым деген,
Білесің не тұрады жаным енді.
Білесің мына отырған ел-жұртым да,
теңізді тамшысынан танып еді.
Балғынбек доп-домалақ доп болғанда,
ринаттың добы мынау жарық еді.
Бағана бірдемелер көшті дедім,
Әр жаққа бұра берме әңгімені.
ринат басқа жаққа бұрып кеттің,
ол көшіп бара жатқан «бәдік» еді.
Бәдік көшіп барады некесіне,
Көшейін мен елімнің төтесіне.
Білмесең көштің жайын мен айтайын,
Барда жабыс шенеуніктің шекесіне.
Көш «бәдік» сайтандардың соңына көш,
сайтанға ергендердің жолына көш.
Халықтың бар байлығын тонап алған,
Пара алған жемқорлардың қолына көш.
Көш бәдік, тұра бермей тағы да көш,
Пәрменсіз парламенттің заңына көш.
Бұл жерде орысша айтқан ештеме емес,
тіл білмес қазақтардың жағына көш.
Көш бәдік, ел қонбайтын құздарға көш,
Қазақтың салт-санасын бұзғанға көш.
Қазақтың бәрін сатқан үкіметпен,
Көшеде арын сатқан қыздарға көш.
өленде бәдік, бәдік, бәдік, бәдік,
Жібердім адреспен табыт салып.
ринат, енді саған көшіп едім,
отырмын бір бәдікті алып қалып.
Ринат:
Айтайыншы Балғынбек,
Көшіре берсең бәдікке,
205
Айтыс VI том
Қазақта мынау уайым көп.
Айтысында еліңнің,
Жекпе-жегіңде төріңнің,
Парламент пен үкіметті
Айта беретін жайым жоқ.
өлеңнің мініп жүйрігін,
талай жерді өтейін.
Қанаттанып айтыста,
Шыңдарға биік жетейін.
зарлатқан талай ақынды,
заманды енді не етейін?
Жекпе жектегі финалды-ай,
Көк бөрішелеп қиналмай,
мына отырған қазаққа,
Бір рух беріп кетейін.
Жалпақтама жүрдім деп
Жамандардың қасында.
тәуелсіздік алдым деп,
тасыма жұртым, тасыма.
еңкеймес еңсең және бар,
үкіметтен жасыма.
осылай болса лайым-ей,
Бақыт та қонар басыңа.
мен қазақ деген өр елдің
Бүгінде көші түзелді.
опасыз дұшпан енді кеп
Бүктіре алмас тіземді.
Көрместті көрген қазақпыз,
Берместі берген қазақпыз,
Бақытты ғұмыр кешуге
міндеттіміз біз енді.
мен мен едім-ай мен едім,
Көзі бір өткір жебемін,
мәскеуде айтыс болса егер,
Жүрсін аға мені алып бар.
Айтайын оның себебін.
орыстарға сәлем айтыңыз,
206
Қазақ өнерінің антологиясы
Жетпей жатса бәйгесі.
Бас жүлдесіне айтыстың,
Басын тіксін Кененің.
сол айтыста бас жүлде,
Алам деп уәде беремін.
Бабамның басын алып кеп,
еліме қайта келемін.
зарлап жатса хан-бабам,
мен оған қалай көнемін.
Ал, Балғынбек, жездеке,
доғарғын бәдік сөз енді.
ұнатпайды мынау ел,
Көп сөйлейтін ездерді.
Қазағым деп жырлайтын,
ғажабым деп жырлайтын,
Көтеретін еңсемді,
осы айтыста кез келді.
Балғынбек:
сен өзің арлан ба еді, тарлан ба едің,
ринат биік екен барған жерің.
Қуанып отыр бүгін Аякөзің,
Бала боп сенің асыр салған жерің.
мәскеуге алып бар деп отырсың ғой
Жүлдені осы бастан қамдар ма едің.
ринаттың талабынан айналайын,
Қайтарам деп отырған хандар кегін.
Қарағым, айналайын, бағың жансын,
Қыз сағақ, бота тірсек, сандал керім.
2004 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |