Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет73/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162
Балғынбек
ринат, шындықты айттың қаша алмайтын
мүгедек болдық алға баса алмайтын. 
Кешегі Әз тәукенің заманында, 
Шалағай шала заңдар жасалмайтын. 
Жалпыға «Жеті жарғы» жетіп жатыр, 
мәңгілік қартаймайтын, жасармайтын. 
Ал бізде жетпіс жеті депутат бар, 
заң толы қағаздардан бас алмайтын. 
Жеті жүз жетпіс жеті заңымыз бар,
Қоғамға еш өзгеріс коса алмайтын. 
мемлекеттік тіл болып жазылса да, 
Қазақ тіл тамыр жайып өсе алмайтын.
Әйтпесе не болыпты он бес жылда, 
өзге тілден өзіне көше алмайтын. 
үнсіз депутаттар бар парламентте, 
сканвордтан басқа еш нәрсе шеше алмайтын.


195
Айтыс VI том
Қандастар келіп жатыр арғы жақтан, 
Азаттық олар үшін мәңгі мақтан. 
өз елім өзегімді талдырмас деп, 
үміт қып көкірекке шамды жаққан. 
Қазақтың кәсіпкері оразымбай, 
Қытайда іскерлікпен тау құлатқан. 
Шыңжанда алтын тағып ардақтапты
Шыққан соң бар мақсат пен бар мұраттан.
Біріккен кәсіпорын ашамыз деп, 
Қаржыны тартқан екен әлгі жақтан. 
Кәсіпорын түгілі сайтан да жоқ, 
сақалын саудаға сап салбыратқан. 
мол қаржыны қалтаға басып алып, 
Қаңғыртып қандасымды қалжыратқан. 
Әділдікті табам деп орекең жүр, 
Көз ілмей әрбір атқан танды баққан. 
ринат сөзден сабақ ала білді, 
мен сенің қайтармайын талабыңды. 
серттен тайған кезі жоқ елбасының, 
Байқап ат, билік жаққа садағыңды. 
елбасы оның бәрін көрмейді ғой,
Әйтпесе қақ жарар еді қара қылды.
Айтысқан он алты ақын «дорогойың», 
ішінде ринат еді «молодойың». 
Басталды жекпе-жегің «один-один», 
Көрдіңдер «без правил супер бойын». 
Қарлығаш, сарам-ай, 
серіктей ағам-ай, 
Аманжол, мэлспен, 
Шырынбек, рүстем, 
мұхтар-ай, ермек-ай, 
Айбек-ай, Арман-ай. 
дәулеткерей дауылпаз, 
оразалы ортеке, 
Әбілқайыр арғымақ, 
Балғынбек бар имаш-ай 


196
Қазақ өнерінің антологиясы
Шамаң жетсе сыйлас-ай. 
«А я тебя убью ринат-ай». 
Қарағым, айналайын, «черный көзім», 
Аман ба, семей менен Аякөзің? 
мен едім ақындарда «тяжеловес».
таяқты жейсің бүгін жалғыз өзің.
Қарлығаш сарам-ай, 
серіктей ағам-ай.
Аманжол, мэлспен, 
Шырынбек, рүстем,
мұхтар мен ермек-ай, 
Айбекпенен Арман-ай.
дәулеткерей қимас-ай
оразалы сыйлас-ай,
Әбілқайыр ринат-ай, 
Балғынбек бар имаш-ай,
«все равно тебя, люблю, ринат-ай».
Ринат:
Айтысқа қосар ақын үлесің бай,
Бұл көрсеткен ринатқа күресің қай?
орысша қосып сөйлеп өлеңіңе,
миықтан паң қарап та күлесің жай,
Ағайын көрдіңдер ме тіл қорғайтын,
Астана ақынының түрі осындай.
тіл жағын осы ақындар қорғай ма елім,
Күтті ғой талай-талай құла белің.
Астанада жүрсің ғой Парламенттің,
Жанында мен өзіңді сынар едім.
Байқаймын өзіңде де бір қуыс бар,
Әйтпесе бойға таққан тұмар едің.
Қасыңа бес ағаңды ертіп алып,
Алдына Парламенттің шығар едің.
дегенде, Балғын көкем, алғыр көкем.
саудалап шиновниктер алдыма екен.


197
Айтыс VI том
сен жаңа жайын айттың оралманның,
ұғады әр нұсқасын әрбір мәннің.
Балғынбек ендеше атап мен айтайын,
елім деп кеше күні оралған кім?
Жерім деп бауырларың сағынып кеп,
дырдай боп туған жерде тоналған кім?
егер де басы істесе біздің үкімет,
соларға ерекшелеп сый бөлмей ме?
ең болмаса мұстафаның анасына,
Алматыдан дені дұрыс үй бермей ме?
Әр нені қозғай бергіш, қайран жездем.
Шындықты ринаттан үйренбей ме? 
Балғынбек тағы біраз толғайсың ба, 
Алмақсың енді мені, қандай сынға? 
Жаңағы орысшаңа өкпем бар-ау
сен осы әр сөзіңді талғайсың ба? 
Жат тілді әкелем деп сахнаға, 
Жағам деп бұл қазаққа ойлайсың ба?
немене бояушы деп айтқан сайын, 
Бір күні сақалыңды бояйсың ба? 
Шығарсың жүрегімнен бір ырғақ жыр, 
Болса егер ел дегенде үнімде нұр. 
тілім деп нұртай менен Амангелді, 
Ағалар айтыс жасап зырылдап жүр. 
тұрсынбек Кәкішов пен Құл-мұхаммед, 
тілді қалай көтерем деп шырылдап жүр. 
Ал жездем болса келіп бір-екі ауыз
Білетін орысшасын шығындап жүр. 
Білмеймін бұл алаштың ақынының, 
Ауызын кімдер бүгін тығындап жүр? 
ел аман, жүрт тынышта айтысқа әкеп, 
Жаманды бұл Балғынбек ырымдап жүр. 
Біз бүгін сөз айтайық есті-есті, 
Қосқымыз келсе егер көшке үлесті. 
Бас иіп алғыс айттым азаттыққа, 


198
Қазақ өнерінің антологиясы
Біздің ел еркіндік деп көп күресті. 
Бірақ та бүгініне бір қарасаң
Көміліп көнелерің, ескің өшті. 
себебі бізге құдай кеше күні, 
Амалы көп айлалы досты қосты. 
Ал олар кеп атына атамыздың, 
Қайдағы «ев»-ті қосты, «ов»-ты қосты. 
ілесіп молдаларға поп кресті, 
соңына төрт түліктің шошқа ілесті. 
онан соң қолымызға стакан беріп, 
денсаулық үшін деген тосты қосты. 
Білдірмей сұңғыланың жүрісімен, 
Жаулады олар бізді өстіп-өстіп. 
санаңнан тазарса екен арда қазақ, 
Басқалар төгіп кеткен осы қоқсық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет