Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет2/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
«Күлтегін» баспасы, 2014
© 
М. Жолдасбеков
©
Ш.Қойлыбаев


3
Айтыс VI том
БІРІНШІ БӨЛІМ
(2001-2008)


4
Қазақ өнерінің антологиясы
МҰХАМЕДЖАН МЕН АЙБЕК
Мұхамеджан:
Асыл да жұртым аман ба?
Асыға күтіп айтысты,
Ас ішпей келген «хабарға».
Асығың алшы түскендей,
Асқақтап келсең жаман ба?
Асқардай биік сіздерді,
Аспандай ұшып жер шарын,
Алты айналсам табам ба?
теңізден сүзген маржандай,
Құрыштан соққан қанжардай,
Белгілі қымбат бағаңда.
таңғажайып өнерді,
таратып жатсың ғаламға.
тайға тартқан тартпадай,
тарылып тұрған заманда.
Жекпе-жек айтыс сөзбе екен,
Желкілдеп тұрған адамға.
Алланың атын ұран ғып,
Құранның сөзін тұмар етіп,
Жеке шапқан бабамда.
Жерден ауыр наз айтып,
Жебеден ұшқыр сөз айтып,
дабысым қалсын араңда.
суытылған торы аттай,
суғарылған болаттай,
суырып айтсам табанда.
Жалбыздай жұпар шашайын,
Жарылып сырымды ашайын,
Жар бола гөр жаратқан,
Жаратқан пендең маған да.
Қазақ деген ел едік,
Қазығында мал тұрған.
Қазынасы іштегі,
Қазылған қымбат алтыннан.
Қазанаттың үйіріне,
Қаз мойын тұлпар салдырған.


5
Айтыс VI том
Қазымыр дұшпан келгенде,
Қаздиып батыр елдерді,
Қозы жауырын жебе алдырған.
Ақсақалдары ақылмен,
Адасқан жұртты түзетіп,
Ақиқат жолын қалдырған.
Аналарды хан туған,
Азаматтарды ар қуған,
Қас сұлуды жар қылған.
Білімдар өткен не түрлі,
Бірінен-бірі артылған.
Кешегі өткен қазақтың,
дәулеті бақпен шалқыған.
Қазақтың қорқып сұсынан,
Халықтар небір қам қылған.
Қытайдың өзі сескеніп,
Қабаттап қорған салдырған.
Айрылып қала жаздадың,
Айбынды осы даңқыңнан.
Бодандағы пенде боп,
Бостандықтан кенде боп,
таразға тағдыр тартылған.
сынаққа бүгін түстік ғой,
өтейін деп алдыңнан.
Азаттығыңның жолында,
Азаматтарың аз емес,
Жасап бір кеткен жан құрбан.
ұғыстырған ұлттарды,
Жұғыстырған жұрттарды,
елбасы бүгін нар тұлғаң.
ертіп жұрттың артынан,
Жақсылық көрген сый-көрген.
Жамандыққа да үйренген,
түгесілмеген тұқымы,
түссе де қанша диірменнен.
Айнымаған қалпынан,
Айналайын халқымнан.
Ассалаумағалейкүм!
Аманбысың, Айбегім.


6
Қазақ өнерінің антологиясы
Аянып бүгін қалмассың,
Айтыста қозғап ой-кенін.
Алдырмай топта жүруші ең,
Аламанда көсіліп,
Алдын бермей бәйгенің.
Жекпе-жекте кез келіп,
өзіме бүгін сай болдың.
Көзіңді маған сал енді,
Көңілдің сүртіп әйнегін.
сымдай тартылып келіпсің,
сындырардай тай белін.
інім едің зиялы,
тимеген ешбір зияны.
өскенді жердің ұлы едің,
Көрген бір тұнық ұяны.
өзіңді Айбек байқатқын,
Қай жерге жетер қиялың?
Қанатымдағы қияғым,
табанымдағы тұяғым.
өзіме тартқан жігітсің,
туыс та мінез ұяңым.
саудырап босқа қалмайсың,
сауытындай сияның.
тереңнен тәлім тартқайсың,
тамырындай мияның.
Айтыста бүгін Айбекжан,
ыңғайымды дәл тауып,
ырғасқалы келдің бе?
Жамбыл менен майкөттей,
дидарласып ағаңмен,
сырласқалы келдің бе?
сезіммен айтып шекерді,
Жырласқалы келдің бе?
Буырқанып Бұқардай,
Бұлданса торпақ жұтардай,
мұңдасқалы келдің бе?
Көкпаршыдай тақымдап,
Көкбөрідей сақылдап,
Көптің ойын мақұлдап,


7
Айтыс VI том
өнердегі өкшемді,
Шын басқалы келдің бе?
Алматының жұртымен,
Қауышқалы келдің бе?
Алтын айдар ағаңмен,
табысқалы келдің бе?
Арыстандай алысып,
Жолбарыстай жұлысып,
Айқасқалы келдің бе?
Келсең де қалай Айбегім,
сөзіңді баста ендеше,
Айызы қансын елдің де.
Айбек:
Бісміллә, аманбысың бар қазағым,
тәттi жыр таңдайдағы талғажауың.
Армысың, Алматының арайлы белi
Басталсын iзгiлiкпен таң намазың.
торқалы тойын жасап жатырсыздар,
Қасымдай қайсар рухты ханзаданың.
өлгендердiң аруағын аспандатқан,
Көргендi елдiң кiргiзсiн Алла ажарын.
Әншi жоқ Қараөткелде менен асқан,
деп ғазиз әуелеткен ән-ғазалын.
Арқада ардақтысы Құлтуманың,
Жырлары жүрекке-дем, жанға-жалын.
иманынан басқаға иланбаған,
өткен ғой иманжүсiп нар қазағым.
Қажымұқан бабамызда қарт есiлде,
танытқан талантының таңғажабын.
осындай ерлер өткен ереймен мен,
Әкелдiм Қараөткелдiң қан базарын.
иншала, бiзге бұйрық тек Алладан,
Кесiмдi сөз айтылсын кең арнадан.
сарыарқа сағым ойнар сары белде,
сексен көл сексен жанар көл аунаған.
Кешегi хан Абылай тұғырында,
Бүгiнгi бiрлiктi елдiң төрi орнаған.
Қараөткел қан базары қайта қызып,
ерей мен де шалқытқан ел арман ән.


8
Қазақ өнерінің антологиясы
Ал, менiң Алатауым алтын тұғыр,
Жетiсу жаратқан ғой шебер қалам.
Жекпе-жекке бетпе-бет келiп қалдым,
Әйтпесе, Алматыда не бар маған.
ендеше ел сәлемiн жеткiзейiн,
еңселей бой көтерген ел ордадан.
Бақ құсы бастарыңа қона берсiн,
Жетiсу бақ жұлдызың жана берсiн.
егемендi ел болған осы он жыл,
мәңгiлiк азаттықты ала келсiн.
Ағайын алашымда арман бар ма,
Бүгiнде далам еркiн, қалам еркiн.
тек қана қазағымның рухы өлмей,
сарабдал салихалы сана берсiн.
мұқажан мұзға салса мұқалмайтын,
Жұма сайын жүлде алған қарагерсiң.
Көрейiн қажыменен қапталдасып,
Жеңсем-дана, жеңiлсем бала дерсiң.
Армысың, мұхамеджан алтын адам,
Белгiлi жырларыңның нарқы маған.
сүйiнбай сүресiнен желi тартып,
Арынды арғымақтай арқыраған.
Қарт-Қабан қара өлеңнiң қара нары,
Қара тұрмақ, ханың да қалтыраған. 
Бақтыбайша бабымен сөз суырсаң,
тыңдарманда жан қалмас балқымаған.
Құлан аян Құлмамбет кәусар бұлақ,
Хантәңiрдiң шыңынан сарқыраған.
Жамбылды жер жаhанда жан жеңбеген,
есiмiн әспеттейдi жалпы ғалам.
осындай асылдардың сынағасын,
нәр алған буырқанған бал тұмадан.
исламның ибалы имамысың,
дұға ғой талғамыңа тәнтi далам.
Қабысып қажылығың қара өлеңмен,
түспесiн тұғырынан даңқың әман.
таңдайыңда құранның қуаты бар,
маңдайыңда жұлдызың жарқыраған.


9
Айтыс VI том
Құбылып құба белде құмай жалған,
Жел естiрiп жүр дейсiң кiм айдардан.
Атымызды паш етiп алты алашқа,
Бұл жайлы Жүрсiн ағам мың ойланған.
Көз жүгiртiп қарасақ тамырына,
Бұл айтыстың тарихы былай болған.
Қырғыз барып айтысып сүйiнбайлар,
ұлт бейнесiн сомдаған ұлы ойлардан.
Бiржанды Жетiсуға жетелеген,
сара жайлы шұғыла-шұрайлы арман.
Жанақ, түбек, Шөже мен орынбайлар,
Жұрт көңiлiн тазартты лайланған.
Әсет пен Кемпiрбайдың айтысында,
Бақилық жарастықтың шырайы болған.
Айтыстың аспанында Құлманбетпен,
Жамбылдың бiрi – жұлдыз, бірi – ай болған.
дүниенiң кезегi бiзге жеттi,
диiрменнiң тасындай шырайналған.
тозақтан керек дейсiң тұрақ кiмге,
түстi ғой сын сағатта сынақ тiлге.
менiң де тау қопарар талабым бар,
Бола алсам бауырыңа қуатты iрге.
Алла бiр, пайғамбар – хақ, кезек – екеу,
екiншi рет жолықтық сынақ күнде.
тiлiмiз жорғасынан жаңылмасын,
Жұбымыз жарасқан соң жұмақ күнде.
ғаламзаттың ғазалы ғибрат қып,
Адамзатқа сыйлайық шуақ күндi.
Жиырма бесте жасындай жарқ етпесек,
тұрақ жоқ сырғақтаған сынап күнде.
Қуықтай қусырылған қу дүние,
Құдықтай суалады бiр-ақ күнде.
үмiтi – сәуле шашып үркерiмнiң,
ықыласына бөленсем жұрт елiмнiң.
Хантәңiрлi Алатау жөнiң бөлек,
Қадiрiн кiм бiлiптi бұл төрiңнiң.
Ажары Астананың айға ұмтылған,
табылғандай бұл күнде кiлтi өмiрдiң.


10
Қазақ өнерінің антологиясы
Күнi туып келедi, күлi батып,
түбi – түркi, түлiгi жылқы елiмнiң.
Астананың төрiнде қасқайып тұр,
Көк тасы, көне жыры – Күлтегiннiң.
Көк түркiнiң рухы елге жеттi,
сондықтан менде алысқа сiлтер ұлмын.
додаңыздан мен де ендi бас тартпаспын,
Жырым-жырым болғанша жыр тебiнгiм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет