Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет82/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162
Жандарбек:
Қашты деп жала жаппа дидар маған,
осылай сөйлей ме екен иманды адам?!
сен айтқандай той болса ғана келіп,
Жаркентімді жатырқап қиналмағам.
Астана да қазақтың жері емес пе,
сен осылай тиіседі деп ұйғармағам.
Қазақтың даласына сыймай ма екен,
Ананың құрсағына сыйған балаң.
дидар-ау, күшейді ғой тіпті арының,
Халыққа жоқтай менің түк қадірім.
Жаркентті өтірік сағынды деп,


220
Қазақ өнерінің антологиясы
Жексұрын ғып көрсетті-ау жұртқа бүгін.
үшаралдың ұшсам да ұясынан,
үш жүзбен ортақ ұлмын жұртқа бүгін.
Алатаудай арманға қолын созды,
Алақандай ауылдан шыққан ұлың,
Алып-ұшқан көңілмен келіп отыр,
сағыныштан сарғайып сырттағы ұлың.
табаным Жаркентімнің топырағында,
төбем тиіп жүрсе де бұлтқа бүгін.
Бәйтеректей кетсем де биікке өрлеп,
туған жерге байлаулы түп тамырым.
Бос белбеу, бота тірсек қатпа бала,
ойыңа келгеніңді шатпа бала.
Жандарбек қашты ғой деп Астанаға,
Бұл дидар жаға салмақ аққа қара.
мен түгіл қызыметпен сонда жүр ғой,
Қуаныш сұлтановтай атпал аға.
Астана бар қазақтың жүрегі ғой,
Бар қазақ елордамен мақтана ма?
Балғынбекпен еліме мен де қайтам,
дәм-тұзын бұйыртқан күні Хақ тағала.
елордаға барғандар жаман болмас,
сен өзі бас қаланы жат санама.
ХХі ғасырдың мақалы бар,
сол мақал бүгін маған жақ бола ма.
өлер бала жүгірсе мола жаққа,
өсер бала жүгірер Ақмолаға.
туған жер перзенті үшін асқар мәңгі,
сондықтан көксемеймін басқа арманды.
орынсыз қашқынсың деп қаралайсың,
сөз күтіп ем өзіңдей достан мәнді.
Шен қуып, шетел асып кеткен жоқпын,
Білім іздеп табанымды тас жарғанда.
Қашқын деп керісінше айтар едім,
Халықтың қазынасын шашқандарды.
төрім мынау төремдей қонам десең,
Бел жайлаудың белінде шабам десең.
дидаржан мен де саған тілектеспін,


221
Айтыс VI том
Бақытыңды біздің жақтан табам десең.
суанның бір аруын қияр едім,
Жел мен күнге тигізбей бағам десең.
Әй бірақ, оны қалтаң көтермейді,
Пікіріңді өзгертші одан да сен,
сары майдан дәметкен кеудең құрсын,
ұйғырдың қыздары бар алам десең.
дидар саған әдемі шанс боп тұр,
үкілетке күйеу бала болам десең.
одан кейін біз жаққа бет бұрасың,
Жаркентке жиі жиі кеп тұрасың.
Қайнағаң үкіметте отырған соң,
Ақырын билік жаққа еп қыласың.
Шалқайып қазы-қарта шайнай бермей,
гуйру-суйру лағыманнан жеп тұрасың.
Жаркенттік құдаларым деген сөзді,
иарканттық тухаларым деп тұрасың.
Дидар:
ұйғырдан апарайын үйге келін,
менің одан танылар милы екенім.
мейлі ол суан болсын, ұйғыр болсын,
Жаркентке сапарымды жиілетемін.
осында кеп естідім алғашқы рет,
лағыманның суйру және гуйру екенін.
Бұларды ұйғыр қызға ұмыттырып,
ет астырып, қамырды илетемін.
Аппақ, аппақ тучкалар деп билетпей,
Қазақы қамажайға билетемін.
иарканттік тухалар деп шүлдірлемей,
Қайынға ана тілін сыйлы етемін.
Билік жаққа бір табан жақындасам,
тілімнің мәселесін сиретемін.
үкілетке күйеу бала болып жатсам,
мәсімді қонышымнан сүйретемін.
Қайнаға деп арқадан қағып қойып,
Қатырып қазақшаға үйретемін.


222
Қазақ өнерінің антологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет