Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет90/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162
ЕРКЕБҰЛАН МЕН НҰРЛАН
 Еркебұлан:
Бісміллә, ер сап мініп ескен желге,
Күтіп ем бұл айтысты көптен мен де.
Ассалаумағалейкум, сәлем бердім,
Ауылдастың тайы озсын дескендерге.
Айтыс деген ақындар керуені еді,
сол керуен қонды бүгін сексен көлге.
мырзатай, Жүрсін ағам бастап келді-ау,
ие боп иен қалған көш керуенге.
иен қалды деуімнің себебі бар,
Азырақ көз салайық өткендерге.
Кешегі рымғали, Ақселеудей
Ағалар айтыс десе жеткен демде.
тұманбай ағамды енді таба алмаймын,
сұрасам да өткеннен де, кеткеннен де.
Қасқайып қазы болып отырар ед,


237
Айтыс VI том
Қадыр ағам да түспеді көптен көзге.
Біздердікі салауат айту ғана,
Бақиға мәңгі сапар шеккендерге.
Жаратқаным жәннәтын нәсіп етсін,
Қазақ үшін қара тер төккендерге.
Бастысы құтты болсын айта келдім,
тірі жан боп тіршілік еткендерге.
Көрген де, көрмеген де армандаған,
Басынан бақытты күн кешкендерге.
Жиырма ғасыр аңсаған арманына
Жиырма жылдың ішінде жеткендерге.
Ассалаумағалейкум, нұрлан абыз,
нұр қалаға сен келсең нұрланамыз.
Ағайын, жағаласып бірге туған,
менімен түйдей құрдас бұл балаңыз.
Біз туған дәуір бірақ біртүрлі еді,
Алмағайып заманда туды анамыз.
Коммунист, не комсомол боламыз деп,
Армандап көзімізді жұмбағамыз.
Пионер боламыз деп, мойнымызды
Қып қызыл галстукпен бумағамыз.
Бізге дейін туылған бүкіл ақын
осылай Ксро ны қылған аңыз.
Ал енді бізден кейін туылғандар
Айтыста боп шығады тұлға нағыз.
Кейбірі «желтоқсанмен жастымын» деп,
Айтыс сайын алады жүлде нағыз.
Кейбірі «азаттықпен құрдаспын» деп,
Айтқанда кәдімгідей қызғанамыз.
Қос дәуір арасында туып қалған
Біз байқұс бұндай сөзден құр қаламыз.
Бірақ біздің орнымыз ерекше екен,
мынадай кереметке бір қараңыз.
тұп тура тоқсан бірде мектеп барып,
Білімнен басқаға бет бұрмағамыз.
«Пионер вожатыйды» бажылдатпай
зиялы ұстаздарды тыңдағамыз.
«ленин біздің бабамыз» дегенді емес,
«Жаралған намыстан..» деп шулағамыз.
Құлап жатқан көсемнің ескерткішін


238
Қазақ өнерінің антологиясы
Ат қып мініп, атой сап тулағамыз.
Ақындардың ішінде ең бірінші
«октябрят» болмаған біз ғанамыз.
Айтыстың айдынында тербеліп бір.
Қалжыңымды айтайын елден ұтқыр.
Қырық ақынның ішінен қарсылас боп,
Құрдасым кездескені жөн болып тұр.
ертектегі Асан мен үсен құсап
екі түрлі құрдастар кез болып тұр.
ұзындығым ұзындау болғанымен,
менің енім нұрланнан кем болып тұр.
нұрланның ені жалпақ болғанымен,
Бойы құрғыр өзіне сор болып тұр.
Бір ұзын, бір домалақ қосылғанда,
Қазыларға керегі сол болып тұр.
Ақындардың бағасын бер дегенде,
ойланбай көрсететін он болып тұр.
екі бөліп қараса екеумізді
мен бірмін, нұрлан нөлге тең болып тұр.
нұрлан ау аузыңды ашып, неғып отсың,
осымен есеп бір де нөл болып тұр. 
Арасы қосылмайтын аяғыңның 
Арқасында әп сәтте ақ гол болып тұр.
тәңірім қосып қойған тойда басын,
сен өзің цифрларға сай баласың
нөл деген теңеуіме ренжіме,
Қалжыңды көтеретін қайманасың.
тағы да сол аяғың аман болса,
сен әлі талай шауып, бәйге аласың
отырғанда нөл болып көрінгенмен,
тұрған кезде сегізге айналасың.
Нұрлан:
Ауруың кеткенменен әдет қалар,
торғайды торға айдайтын дәнек болар.
Жеті атадан аспаса қыз алыспас
Қазақта бекзадалық әдеп болар.
Ассалаумағалейкум, мұсылман ел,
Жүректе иман, бойында дәрет болар.


239
Айтыс VI том
Аулына ақын келсе ұл қызының 
«Аузына түкірші» деп әлек болар.
Жапырақтай көктейтін ылғалменен,
Адам да қуаттанар жырларменен.
Қисайған аяғымды сөз қылдың ғой,
Атымды да сыйламай нұрлан деген.
Әр қисықтың бір түзу ниеті бар,
мен оны Астанадай қырдан көрем.
елордамның еңсесін тіктеп тұр ғой
Ханшатыры қисайып тұрғанменен.
маңғыстау атажұрттың мекеніме
Жетпейді шекара асқан шетелі де.
Ассалаумағалейкум, ақ құрдасым, 
Кезіккен бетердің де бетеріне.
тышқан жылы туылған төлдер едік,
Әңгімесін тыңдатқан жетеліге.
мырзатай ағам сізге қамқор болып,
еріпсің жақсы ағамның жетегіне.
Қызметті беріпті, шапан жауып,
маңайынан ұзатпай екі еліге.
тәуекел деп мен келдім тас жұтуға
Көз жетсе де беліңнің бекеміне
Бастығым қазыларға бастық демей,
өзің жеткен жөн құрдас жетеріңе.
Бір Алла несібесін берер кезде
Қарамас кімнің ұлы екеніңе.
Жаза білсең қарымды қаламгерің,
Арам ойың көрінді ау адал көршім.
Әр цифрға ұқсатып мазалама,
Әңгіме осыменен тәмам болсын.
Күнге тосса өкпеңіз көрінуші ед,
Құдайым қоңдылықты саған берсін.
Аласа ағаш жемісті көп береді,
серейіп сенің қайдан шамаң келсін.
тышқандай болсам дағы өкінбеймін,
Жағдайым жақсы болсын, жаман болсын.
төбесін тышқандарға төсек қылған,
ұзын бойлы түйелер аман болсын.


240
Қазақ өнерінің антологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет