307
Айтыс VI том
Балғынбек, жүрген жансың бата қонып,
Келеміз екеуміз де қатар өріп.
Шымкентке жаңалық боп кеп тұрсың,
оңтүстіктің тойына сапа болып.
Шымкент талай-талай шақырса да,
Шалқайып жатушы едің сақа болып.
талай-талай айтысқа шақырып ем,
Қонақ бол деген едім жата қонып.
Баяғыда бұл елге бір келіп ең,
Желкілдеп кекіліңіз бота болып.
содан кейін бес жылдай келмей кеттің,
Жоқ әлде жүр ме едіңіз қапа болып?
сол бес жылда жүн шығып бетіңізге,
самырсындай кетіпті сақал өніп.
сексен жылдық облысқа құрдас құсап,
селкілдеп кеп қалдың ба, ата болып?!
Достарыңызбен бөлісу: