Дәулеткерей:
таратып әрі қарай әкет аңыз,
Жұртқа біз жыр сыбаға асатамыз.
Кассетаң біткен шығар деп бір айттың,
оған қалай енді сын жасатармыз.
өзіңізге шәкірт боп жүргеннен соң,
сіздікіндей бітпейтін кассетамыз.
Халқымның бар еді ғой затында ерлік,
Біз бүгін ақиқатқа жақын келдік.
мэлс аға, өзіңе іні болып,
Алдына елдің талай тату келдік.
Айтайын енді еліме сүйіншілеп,
екеуміз талай топтың сапын көрдік.
Жатқа тізгін бергенде жетпіс жылдай,
Арып-ашып азапты тақым көрдік.
дінің аман жүрекке тұнбағасын,
Құбыладан жаңылған кәпір болдық.
оңдырмай от көсеген көсеу құсап,
Қазақы салт-санадан тақыр болдық.
Әйтеуір көз жасымды Құдай көріп,
Қолға тізгін тигесін батыл болдық.
өткен күнге салауат біздер айтып,
Азат таңның нұрымен әтірлендік.
Астанада оқушылар сарайына,
махамбет бабамыздың атын бердік.
Болашақ жастарымыз рухтанып,
махамбеттей болса деп мақұл көрдік.
Храпунов қиса егер бір көшесін,
ұлы тойда болар ед татымды ерлік!
Ал, мэлс, айтысқанда шабытпен кел,
Жетеді ақиқатқа халықпен жол.
Кеудеңде тұнған жырдың ұясы бар,
Атадан асып туған даңқты ерлер.
Атырауда махамбетке айтыс қылмай,
өзіңе сызып алдың қауіп шеңбер.
егер де дұрыс пиғыл танытпаса,
Әкімдердің қылығын әдіптеңдер.
114
Қазақ өнерінің антологиясы
Алысқа қарайтұғын қыран құстай,
Батыста бар еді ғой байыпты ерлер.
махамбетке қимаған байлық құрсын,
Басқаның есебінен байып па еңдер?!
«Құдайдан айналайын мұнай берген,
мұнайдан айналайын құдай берген!»
деген сөз мэлстікі анық деңдер.
өнегелі іс қылмаса байларыңыз,
немене, ықыласқа жарып па ең дер?
Алтын сандық үстінде отырғанмен,
Кілтінен айырылып қалып па еңдер?
Мэлс:
Азаттыққа қол жеткен,
теңдік деген осы ғой.
сол теңдікті жырлайтын,
өлеңнің салып өрмегін,
өрлік деген осы ғой.
Батыс пенен шығысты,
Бөліп, дәулет, сөйлейсің,
Кемдік деген осы ғой.
махамбеттің бұл тойы,
Алматыда өткенге
Қалың халық қуанды,
Кеңдік деген осы ғой.
Бір қазақтың бір қазақ,
Бітпеген ісін бітірсе,
елдік деген осы ғой.
Арғымақтың баласы,
Аз оттар да, көп жусар,
талаудан татқан дәмі бар.
Азамат ердің баласы,
Аз ұйықтар да көп жортар,
дұшпанға кеткен ары мен,
Барымтаға түскен малы бар.
махамбет айтқан өлеңде,
өткен менен кеткеннің,
Бүгінге дейін жеткеннің,
ойласаңдар бәрі бар.
115
Айтыс VI том
Батырлардың ішінде,
Қайыңы бар, талы бар.
Айғыры бар, нары бар,
үбі батыр бастаған,
тәни балуан қостаған,
ғайса, Амантайы бар.
тұлпарын мініп, ту алған,
Және Шөмен байы бар.
Хан ордасын қоршаған,
Шұбатылған шаңы бар.
исатайды туарда,
нағимадай шешеміз
Жылан жұтқан екен деп
Айтатындар әлі бар.
сол жыланның жартысын,
түгел жұтпай құсыпты,
Бұл сөздің бір мәні бар.
Батыр туған баласы,
Бастаған ісін бітірмес,
Халық айтса, қалт айтпас,
деген сөздің жаны бар.
ішкі орданың сол кезде,
Жәңгір деген ханы бар.
тақылдаған татардың,
Қақылдаған қалмақтың,
Шақылдаған кәуірдің,
ойласаңдар бәрі бар.
Шыманұлы орманның,
Шөке деген лаңы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |