192
Қазақ өнерінің антологиясы
Қуандықов біліпті қулығынды,
түлкінің құйрығындай бұлаңдайсың.
өскен
елің семеймен кіндігі бір,
өскеменді аузыңа бір алмайсың.
Баламер сахариев ағаңыз бар,
Шыңымен талас өскен шынардайсың.
оралхан өр Алтайдың Кербұғысы,
Қарайсың күмәнменен бұған қайсың.
Атбегі Кітапбаев Бошайың бар,
сен қазір сол баптаған құнандайсың,
Қалихан қара сөздің боз жорғасы,
Әр сөзін таң асырып тұмарлайсың.
Қасым
ағаң қайсарлықтың қолтаңбасы,
Қолда барда қадірін біле алмайсың.
төлеген тоқтаровтай батырың бар.
Қылышы болсаң оңай сына алмайсың.
Кешегі Көкжал Барақ бабаңыздай,
Қолыңа неге, қалқам, ту алмайсың?
Академик Ахметов, Аманжолов,
ғылымын зерделесең суалмайсың.
сөзіңе ұлыларды қосып айтсаң,
Қияны көзбен шолар қырандайсың.
Әй, саған, айтты не, бір айтпады не?
той үшін толғау айтар жыраудайсың.
Байқаймын балдызыма білім керек,
Айқаймен айды аспанға шығармайсың.
Балдызжан, ар
дейтін бір ұғым бар ғой,
семейдегі балдыздар құлындар ғой.
семейің 2005-те ашылады,
Айтатын әр сөзімде шыным бар ғой.
семейге бұл Балғынбек бөтен емес,
менің де жүрегімде мұңым бар ғой.
сен-дағы түсті жоры деп отырсың,
Алдын ала жасаған жырың бар ғой.
Айтақын шапан жауып жатса егер,
ринат үйленетін түрің бар ғой.
193
Айтыс VI том
Ринат:
Әр сөзін бұл Балғымбек сүйгізеді.
Байқатпай ринатқа да тигізеді.
Шапан жапса үйленесің деп айтасың,
Бұл ойыңыз байқасам шын ізгі еді.
Бірақ та түсінбедім онда маған
неге Айтекең темір етік кигізеді?
Болғандай
әрбір айтқан сөзі нұсқа,
өзі мәнді сөйлейсің, өзі нұсқа.
өскеменді жырламасам айып етпе,
онсызда жалтақтаймыз облысқа.
Бар қазақтың даласы менің елім,
Жарар еді бұл Балғынбек соны да ұқса.
ұлылардың семейімде мерт қылғаны,
ұлықтарың қорқақтау қолы қысқа.
Бәрібір сол семейге оралады,
Кейбір қазақ тарих іздеп сабылысса.
дейсің бе уәдемен ел алдаймын,
мен өзім сөз аңдысам демалмаймын.
2005-дегенді
айтып өттің,
дегендей төрт тұяқты тең алмаймын.
елбасының аузынан естіп пе едің,
мен бірақ ондайыңды көре алмаймын.
2030, 2005 қаптап кетті,
Шынымды айтсам, цифрларға сене алмаймын
ер бар ма бұл қазақтың көшін ұстар,
Жіберген қателерден шошыныс бар.
мысалы, көтерілмей казақ тілі,
Болмай қалды оған ешкім осы құштар.
тіл көтеру үш-ақ
жыл демеп пе еді,
үкімет уәдесінде тосылыс бар.
тегінде бұл заманда қазағының
Қанында зерттелмеген қосылыс бар.
Әйтпесе қарға болып қарқылдай ма,
таранып төрде отырған тоты құстар?
махамбетше шыңғырып
Шындықты айтар күн туды.