Айтжанова А. Б. Инклюзивті білім берудегі өлшемдік бағалау пәнінен студенттердің Өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемелік нұсқау



бет13/17
Дата12.05.2023
өлшемі490,19 Kb.
#92702
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
363283 (1)

Топқа бөлудің әдіс-тәсілдерді:
Қағаз қиындылары арқылы топқа бөліну.Жыл мезгілдері,жануарлар,құстар немесе басқа да суреттерді үшке,төртке,беске (неше топқа бөлуді жоспарлауыңызға қарай) қиып,араластырып оқушыларға таратылады.
Оқушылар сол қиындылардан суретті құрастырып,сол сурет бойынша бірігіп,топқа бөлінеді.Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну.
Ойындар арқылы топқа бөліну Тұрғын және үй ойыны,т.б
Қорытындылай келе айтарым, әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді екенін түсіндім .Бұл ұстаным – құрастырылған білімнің басты идеяларының бірі. Осы бағытты ұстанған оқу/үйрену жобаларының барлығы да бірлескен әрекеттерді үйренудің негізі деп танимын. Ж.Пиаже бұл туралы былай жазады: «Адамның ақылы өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда, басқа заттармен немесе басқа ақылдармен қатынаста ғана болады».Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым – қатынаста ғана дамиды, тек қарым – қатынас әрекеттері ғана бізді жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым – қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға (олардың пікіріне, идеяларына, көзқарасына, мінезіне) бейімдеу деген сөз. Топтық жұмысқа барлық дерлік оқушылар қатысады, өйткені берілген тапсырма бірлескен жұмыс арқылы ғана орындалуы тиіс. Әр оқушы идеяларды келтіру мен оларды талқылау, таңдау және шешім қабылдау ісіне белсенді қатысады: топтық жұмыста әрбір пікір мен көзқарас құнды.Топтық жұмыс оқушыларға сезім бірлескен жұмыстың қызықты әрі тартымды әрекет екендігін көрсетеді, оқушылардың жалпы еңбекке деген ынтасын арттырады.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Топтық жұмыстың мақсаты неде?

  • Топтық жұмысты ұйымдастыруда қандай кедергілер кездеседі? Олардан шығу жолдарын ұсыныңыз.

  • Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылығы неде? Мысал келтіріңіз.

  • Топқа бөлудің әдіс-тәсілдерін ойластырып, ұсыныңыз



Тақырып 13. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды жеке траектория бойынша оқыту


БӨЖ тапсырмасы

  1. Тақырып мәселелерін ауызша талқылауға дайындалу.

  2. Төмендегі кез-келген тақырыптарға презентация дайындау:

  • Жеке білім беру траекториясы

  • Оқытудың жеке білім беру траекториясын құру алгоритмі

  • Дарынды оқушыларды жеке траектория бойынша оқыту

  • Үлгерімі төмен оқушыларды жеке траектория бойынша оқыту



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет