ие болды. Ол бұрын бос тұрған алып
тепкен. Бұрынғы жылдарда азық-түлік
орын тапшы болатын. Соның салдарынан
мүмкіндік бола бермейтін. «Қызылорда»
шылық үшін тиімді.
қамтамасыз ете бастады. Сақтау қоймасы
ған. Онда желдеткіш жүйесі, булануға
істейді. Облыс басшылығының қол дауы-
рандумға қол қойды. Тағы бір айта кетер
сату туралы ұсыныс жасады. З.Иса-
босатуға бірауыздан келісім берді. Демек,
белгілі. Кәсіпорынның материалдық
еді. Оның 3,5 млрд теңгесі түсіп, балық
сатып алынды. Облыс әкімінің орынбасары
қажеттігін айтады. Өңдеу цехын салып,
кіндіктері бар. Ал әзірге өзгергенді көз
көрер емес. Бір ғана мысал – білдей ак-
аулады. Ал шілде айынан бастап тіпті
алмай қалды. Тек құзырлы органның
терлерінің өтеміне қол жеткізді. Сөйтіп,
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№2 (684) 12.01.2012 жыл, бейсенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
ҚОҒАМ
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Баланы басқа бір текке жаздыруға бола ма?
Р.S.
Редакциямызға келіп түс кен
мына хатты оқып шығып, бей-
жай қала алма дық. Иә, біздің
бұған еш алып-қосарымыз
жоқ. Алайда шыбын жаны
шырылдап жүрген жанның
жанайқайы тиісті орындардың
құлағына шалынып, хат
иесі айтпақшы, олар барлық
тараптарға тиім ді болатындай
шешім шы ғаруға атсалысып
жатса, игі іс болар-ақ еді. Со-
нымен қатар қарыздарын
талап етіп отыр ған азаматтар
адамгершілік та нытар деген
ниет бізде де бар.
ЖШС куәлігін жоғалтқаным үшін айыппұл төлеймін бе?
МӘСЕЛЕ
ОҚЫРМАН Х
А
ТЫ
Инженер болуға неге икеміміз жоқ?
ҰБТ-дан кездейсоқ жоғары балл алып,
грантқа түскен, бірақ техникалық ма-
мандыққа ебі де, құлқы да жоқ үміт керлер
топ-тобымен ЖОО-ға түсіп, еш құл-
шыныссыз, ұмтылусыз-ақ қолына диплом
алып шығады. Мүмкін, техникалық, әсіресе
инженерлік мамандықтарға тапсырған та-
лап керлердің сол салаға қызығушылығын,
шығармашылық қабілетін анықтау үшін
қо сымша емтихан алған дұрыс шығар.
Сон дай-ақ көптеген ЖОО-да, тіпті ұлттық
университеттердің өзінде техникалық ма-
ман
дықтарды оқытатын оқу құралы,
толық
қанды жазылған оқулықтар жоқ.
Көбі – ескі, 70-80-жылдары шыққан оқу-
лық тар. Енді техникалық университеттердің
материалдық базасын, оқу құралдарын
толықтамай жатып, қалай білікті маман
даярламақпыз? Әрине, оқулықтарда фи-
зи ка, математика, химияның заң ды лық-
тары әрқашан сақталады. Бірақ оны іске
асыру технологиясы үнемі өзгеріп тұ рады
емес пе? Қазір техника, технология де ген-
деріңіз күн сайын өзгеріп отыр. Мәселен,
таяуда техникалық университетті бітіруші
бір топ жас маман өндірістік тәжірибеден
өтуі үшін зауытқа барғанда, ондағы тех ни-
каны көріп таңғалған. «Біздің кітаптан
оқыған бірде-бір техника мұнда жоқ», –
дейді олар. Сондықтан ЖОО-лар көп те ген
өндіріс орнымен, зауыттармен, ғы лы ми-
зерттеу институттарымен келісімшартқа
оты рып, студенттердің тек теориялық жа-
ғынан емес, тәжірибе жағынан да
шыңдалуына көмектескені қажет-ақ болып
тұр. Оның үстіне, білікті кадр дайындау
үшін білімді ұстаз қажет. Алайда біздегі
ЖОО-ларда жаңа техникалық маман дық-
тарға бейімделген білікті ұстаздар өте аз.
Қазақ стан ғылымында кадрлардың қар-
тайып бара жатқандығын халықаралық
сарап шы лар да айтып жүр. Енді 60-70-80
жасқа келген ғалымдардың бірен-сараны
бол ма са, басым көбінің күнбе-күн өзгеріп
жатқан жаңа технологиялардың барлығын
сарап та мадан өткізіп, елеп жатпайтыны
белгілі. Ал ескі техникамен дәріс алған жас
маман түрлі зауыттардағы жаңа
станоктарға жақындай ала ма? Егер оны
қалай қол
да
нуды білмесе, зауыт
басшысының да ондай маманды жұмысқа
алмайтыны айдан анық.
Міне, осындай себептерге байланысты
еліміздің экономикасының дамуы үшін
ауадай қажет болып отырған техникалық
саланың сапалы мамандарына зәру болып
отырмыз. Сондықтан тиісті орындар жо ға-
рыдағы көтерілген мәселелерді ескеріп,
мұны шешудің кешенді шараларын қолға
алса, дұрыс-ақ болар еді.
Орталық Азия университетінің Машина
жасау және көлік институты директоры,
техника ғылымының докторы, профессор
Жұмажан Жаңбыровтың айтуынша, бұл
саланы дамыту үшін БАҚ өкілдері әншілерді
қалай жұлдыз қылып көтерсе, инже нер-
лерді де солай ардақтауы қажет. Онсыз
болмайды. Қазір екі өлең айтса, кез келген
әнші жұлдыз болып шығады, ал бәлен жыл
уақытын сарп етіп, жаңалық ашып, ғы лым-
ға үлес қосып, жаңа технология ойлап
тапқан өнертапқышты ешкім танымайды.
Табысы да аз. Сондықтан бұл жерде қо-
ғам дық көзқарас өзгеруі керек. Өнер тап-
қыш
тардың әрбір ашқан жаңалығын
көрсетіп, жарнамалап, ал өндіріске енбей
отырған ғылыми жұмыстардың өмірге енуі
үшін БАҚ өкілдері, жалпы қоғам барынша
атсалысуы қажет. Сонда ғана ғылым да-
миды, өндіріс алға басады.
Серік ЖҰМАБАЕВ
АЛАШ-АҚПАРАТ
Таяуда «Қазақ қоршаған ортаны қорғау» ұйымының бас бо-
луымен Алматы қаласындағы шағын өзендердің тазалығына
байланысты дөңгелек үстел болып өтті. Осы ретте шараға
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, эколог ғалымдар, Түрксіб
және Жетісу аудандық әкімдігінің қызметкерлері қатысты.
Қала тазалығына тұрғындар
да атсалысса...
Басқосуда Алматы өзендерін тазалау
шарасын ұйымдастырған Амангелді Ыс қа-
қов сөз сөйлеп, тазалық акциясына ша һар-
дағы үш бірдей жоғарғы оқу орнының 800-
ден астам студенті қатысқанын тілге тиек
етті. Шара барысында жастар 16 шар шы
шақырым жерді тазартып, 486 тонна қоқыс
шығарған. Қоқыстың басым бөлігі
тұрмыстық қалдықтар екенін айта кетуіміз
керек. Шараны ұйымдастырушылар Кіші
Алматы, Есентай, Басқарасу өзендерінің
Райымбек даңғылынан төменгі жағының
тазалығы сын көтермей тұрғанын айтып,
қын жылыс білдірді. Қаланың бұл айма ғын-
да жеке үйлер көп орналасқандықтан, оның
тұрғындары осыған дейін айналасын аямай
ластап келген. Әрине, бір ғана ак ция мен
Алматы өзендерінің тазалығы ше
шімін
тауып кетпейтіні белгілі. Осындай пікір ге
тоқтаған жиынға қатысушылар Ал
маты
қаласындағы 22 өзеннің тазалығын қа таң
сақтау үшін қалалық әкімдікпен қо сы ла
қала тұрғындары да белсенділік та ныт са
екен деген тілегін білдірді. Сонымен қа тар
ұйымдастырушылар қор шаған ор та ны
ластаған азаматтарға айыппұл салып, мә-
селенің түйінін тарқату мүмкін еместігін еске
салып, қала тазалығына әрбір тұр ғын ның
жауапты болатынын халықтың сана сы на сі-
ңірудің маңызы зор екенін жет кіз ді.
Серік ЖҰМАБАЕВ
Мен бір айдан кейін сәбилі болғалы отырмын. Заңды некедегі өмірлік жолдасым жоқ.
Баланы жалғыз тәрбиелейтін боламын. Кейбір себептерге байланысты баланы өз тегіме
жаздырғым келмейді, биологиялық әкесінің де атына жаздыруды қаламаймын. Осы
орайда менің білгім келгені, баланы басқа бір текке жаздыруыма бола ма?
Зулфия ГАЛИУЛЛИНА, Алматы облысы
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Рес-
пуб ли касының 1998 жылғы 17 желтоқ сандағы
№321-І заңының 49-бабы бойынша:
1. Бiр-бiрiмен некеде тұратын әке мен ана туу
туралы жазбалар кiтабына олардың кез келгенiнiң
арызы бойынша баланың ата-анасы болып
жазылады;
2. Егер ата-ана бiр-бiрiмен некеде тұрмаса,
баланың анасы туралы жазба анасының арызы
бойынша, ал баланың әкесi туралы жазба
баланың әкесi мен анасының бiрлескен арызы
бойынша немесе баланың әкесiнiң арызы
бойынша (осы заңның 46-бабының 4-тармағы)
жүргiзiледi немесе әкесi соттың шешiмiне сәйкес
жа зы лады;
3. Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте,
ата-ананың бiрлескен арызы болмаған жағдайда
немесе әке болуды анықтау туралы сот шешiмi
болмаған жағдайда туу туралы жазбалар
кiтабында бала әкесiнiң тегi анасының тегi
бойынша, бала әкесiнiң аты-жөнi бала анасының
көрсетуi бойынша жазылады.
«Ағайын тату болса, ат көп...»,
ал араз болса ше?..
Орын алған оқиғаны басынан баяндап
берейін. Біз отбасымызбен күн көру мақ-
са тында «Қажыбай» шағын шаруа қо жа-
лығын ашып, бірнеше адамның малын
бақтық. Ауызша келісімшарт жасасып,
«жо ғалтсам, ит-құсқа жегізіп алсам, тө-
лей міз, ал ауырып қалса, уақытында хабар
беріп шақыртамыз» деп келістік. 2007
жылдан бастап Сләмбек Әзімхановтың 10
бас ірі қарасын, ал 2008 жылдан бері
Қонысбек Ақжасаровтың 15 бас ірі қара
және жеті жылқысын қосып алдық. Сон-
дай-ақ Клара Ахатованың сегіз бас ірі
қарасын да бақтық. Клараның күйеуі мар-
құм Ә.Жа
ғазин мен менің жолдасым
Қасенжан екеуі бұрындары дос болған-
дықтан, одан ақы алмадық.
2010 жылы біздің өңірде қыс қатты бо-
лып, қорамыздың іші суға толып кетті. Түн-
де аяз тұрып, біраз малдан айырылып қал-
дық. Ол жайында біз мал иелеріне дер
ке зінде хабар беріп тұрдық. Алайда сол
күндері біздің ауылға қатынау қиындап
кеткен болатын. Сол себепті де Қ.Ақ жа са-
ров тың арам өлгелі жатқан алты бас сиы-
рын союға мәжбүр болдық. Ол жайында
Ақ жа са ровқа хабар бердік. Бірақ түрлі
себеп термен ол келе алмай қалған-ды. Ал
С.Әзімханов болса өліп қалған сиырын сол
күндері алып кетті.
Дау жаз айларында басталды. Сол
жыл дың мамыр айында біз үйде жоқ кезде
Қ.Ақжасаров қасындағы бір топ адаммен
(арасында тәртіп сақшысы бар) үйге баса-
көктеп кіріп, жалғыз қалған ұлымыз
Мейірді қорқытып, қорадан таңдаған ма-
лын айдап әкетеді. Сонда қалай, үй иелері
жоқта біреудің қорасындағы малды айдап
әкеткенін ол қылмыс деп ойламаған ба?
Бұл аздай, ол өліп қалған малын есепке
ал май, әу бастағы мал санын, яғни 15 ірі
қа ра мен жеті жылқыны түгендеп алып
кеткені былай тұрсын, оған қоса, тағы үш
сиы рым ды иеленіп кете барған. Сонда 22
емес, 27 мал алып кеткен болып тұр ғой.
Оны көрген «Айдабол» қыстағының тұр-
ғы ны жылқышы Адасбек те растап отыр.
Осы оқиғадан кейін жолдасым жүрек қан-
тамырлары ауруына шалдығып қалды.
Қазір оның тілі күрмеліп, есту қабілеті на-
шарлап кетті. Кейін күйеуім есін жиған соң,
малын бағуға бергендердің бәрін
шақырып, не істейтінімізді ақылдастық.
Белгілі болғандай, Ақсуат ауылының тұр-
ғы ны Е.Әмірғалиевтің өгіздері мен А.Әділ-
баевтың төрт бас малы жоқ болып шықты.
Олар Қ.Ақжасаровтың үйіне барған екен,
ол малының біраз басын біреуге бағуға
таратып жіберіпті. Алайда олар бәрін бол-
маса да, бірнеше бас малын тиісті орын-
дардың араласуымен қайтарып алған.
Сонымен не керек, бірінен кейін бірі
бір неше сот отырысы болды. Біріншісінде
сот Қ.Ақжасаровтың пайдасына «15 ірі
қара болмаса 2 320 000 теңге бе руіміз»
туралы шешім шығарды. Екінші кезекте
К.Ахатоваға сот үкімі бойынша сегіз ірі
қара не 1 111 000 теңге қай таруымыз ке-
рек. Осы тұста айта кетейін, біз Аха тованың
малын, жоғарыда атап өткенімдей, тегін
бағып қана қоймай, марқұм болып кеткен
досымыздың жұбайы ғой деп төрт бас
малын арада бірнеше жыл өткенде се гіз ге
көбейтіп қойған едік. Енді ол төрт емес,
сегіз бас мал талап етуде. Ал С.Әзім ха-
новқа сот барлығы 896 880 теңге қай-
таруымыз туралы үкім шығарды. Бұл тұста
айта кетерім, оның малының арам өл ген-
дігін және оларды көміп тас тағанымызды
көргендер бар. Неге екенін қайдам, сот
оты рысына куә ретінде олар шақы рыл-
мады.
Сонымен не керек, біз меншігіміздегі
бас панамыз бен жерімізді сатып, ақшасын
жо ғарыда аты аталған азаматтарға қай та-
рып бермек болдық. Біз сот үкімін орын-
даймыз. Заң бәрімізге ортақ. Жауап кер-
шіліктен қашып отырғанымыз да жоқ.
Алайда «Құдай бір айналдырса, шыр ай-
налдырады» демекші, С.Әзімханов «сен-
дер сатқалы отырған жылжымайтын мү-
лік ті «арестке» қойдым» дейді. Сөйтіп,
жар ты ақшасын беріп қойған сатып алу-
шы ны да айнытып тастаса керек. Бәрі аз-
дай, сөз болып отырған сатып алушы Мұ-
қи тан Ғилым 1 500 000 теңгесін 3 000 000
теңге етіп қайтар деп қиғылық салып жүр.
Ал біз одан алған қаржыны сот үкімін
орындау үшін таратып жібердік емес пе?
Есептегенде, біздің берешегіміз К.Аха то ва-
ға – 1 111 000, С.Әзімхановқа – 896 880,
Қ.Ақжасаровқа – 2 343 200 және Мұқитан
Ғилымға – 3 030 000 теңге, яғни барлығы
7 381 080 теңге. 24 мың зейнетақы мен
көп балалы ана ретінде алып отырған 9
мың теңге кіріспен осынша қарызды қалай
қайтарамыз? «Шарадай басым шақшадай
болды» деген осы, міне. Соттың куәларды
шақыртып, табиғи апаттың салдарынан
өлген малды шегеріп тастамағандары,
шыны керек, қабырғамызға қатты батты.
Өз үйіміз өзімізге пана болмай, үрейменен
күнелтіп жатырмыз. Осының барлығының
басы-қасында жүрген ұлымыз Мейір қо-
рық қанынан болар, үйден қашып кетті,
қазір қайда жүргенін білмейміз де. Оның
жоғалып кеткендігі «күндіз күлкіден, түнде
ұйқыдан» айырды.
Сөз соңында айтарым, қазақ әуелден
бауырмал, береке-бірлігі жарасқан халық
емес пе? Қиындыққа тап болған адамға
қол ұшын беріп, жанашырлық танытпаушы
ма е дік? Отбасымызбен қырсық шалып,
осын дай адам айтқысыз кесапатқа тап
бол ғанымызда бөтен емес, таныс та ры-
мыз
дың тиынына дейін қайтармасаң,
райларынан қайтар ойы жоқ екендігін
көрген қиынның-қиыны екен... Бәлкім,
жа найқайға толы осы жазғандарым бі-
реуге болмаса біреуге ой салар деген
үміттеміз.
Дәлелхан ДАЛАБАЕВА,
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы,
Шыбынды ауылының тұрғыны
Құрметті редакция, сіздерге хат жолдау арқылы тиісті
орындардан әділдік сұрап, отбасымызбен түгелдей тәлкекке
түскен тағдырымызға араша болар деген үміттеміз. Айта кетсем
артық болмас, өзім өмірге тоғыз бала әкелген «Батыр анамын».
Бүгінгі күні біз бала-шағамызбен сергелдеңге түстік.
Астана қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» КМК
хабарласыңыз. Тел.: 519291, 519294, 519580
СІЗГЕ ЖҰМЫС КЕРЕК ПЕ?
Басы 1-бетте
ЖО
Б
А
Қарағандының іргесіндегі Спасск бауырластар қорымында
әлемнің түкпір-түкпірінен қазақ даласына құйын тағдыр қуалап
келген мыңдаған жан жерленген. Жыл аралатып Көкөзек
қолатының осы тұсында бой көтерген ескерткіштер қатары мо-
лайып келеді.
Белорустар ескерткіш
қоймақшы
Жақында Қарағандыдағы «Спадчына»
белорус мәдениеті қоғамдық қоры қо-
рымдағы таңбалы айшық-ақа орнына үл-
кен ескерткіш қою жайында бастама кө-
терген болатын.
Әл-әзір жергілікті шеберлер ескерткіш
тастың үлгі-жобасын жасап қойған. Үлкен
таңбалы таста белорус жұрты пір тұтатын
Еросинья Полоцкаяның барельефі бе дер-
ленбек. Ал «Спадчына» қорының төрағасы
Александр Хуканың жинастырған деректері
бойынша Қарағанды маңындағы ерекше
тәртіптегі №4 «Степной» лагерінде 878
белорус азаматы тұтқында болған екен.
Сонымен, Көкөзек сайындағы Спасск
қо рымы төрінен тағы бір ескерткіш ста-
линдік қуғын-сүргін жылдарында қаза тап-
қандарға тәу етер белгі ретінде қойылмақ.
Ескерткіштің құны 1 миллион 200 мың
теңге болмақшы. Қазір мәдени қор ел
көлеміне сауын айтып, ағайын-жұрттан
қаражат жинауды бастап кетті.
Б
А
С
ТАМА
Бұл – семейлік жастардың пікірі. Олар Семейді дүниежүзіндегі
ең үлкен қалалардың бірі деп санайды. Санап қана қойған жоқ,
жақында бір топ жас ынталы топ құрып, Гиннесстің рекордтар кіта-
бына өтініш жолдады. «Семейді әлемдегі ең үлкен қала деп
тануларыңызды сұраймын». Өтініш мазмұны – осындай. Семейлік
жастардың бұл қадамы «атың шықпаса, жер өртенің» кебі ме, әлде
шынайы дерек пе, оны уақыт көрсете жатар. Бұл маңызды емес.
Маңыздысы – Гиннесс рекордтар кітабының өтінішті қабылдау-
қабылдамауында.
Достарыңызбен бөлісу: