Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп Бағасы келiсiмдi Абай аудандық қоғамдық-саяси апталық газетi



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата15.03.2017
өлшемі13,35 Mb.
#9473
  1   2   3   4   5

Адамзаттың  бәрін  сүй,  бауырым  деп

Бағасы  келiсiмдi

Абай  аудандық  қоғамдық-саяси  апталық  газетi

(Газет  2006  жылдан  шығады)

№ 21 (285) 16-22 маусым 2014 жыл

28 МАУСЫМ - ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БІРІНШІ КҮНІ!

Облыстық  ақпараттық  орталықта  облыстық  жастар

саясаты  басқармасының  басшысы  Ж.Сәрсебаев  өткізген

брифинг те  ө ңірімізд егі  жаста р  іс ін  қолда у  ба ғытында

атқарылып  жатқан  ауқымды  істер  жайында  айтылды.

Басқарма  басшысының  айтуынша,  жуықта  Ертістің  сол  жақ

жағалауындағы Комсомол аралында жаңа жастар қалашығы бой

көтермек.  Құны  38  млн.  теңгенің  айналасындағы  экологиялық

жобаның әлеуметтік маңызы зор. Қалашық ішінде жастар өздері

қалаған спортпен, өнердің түр-түрімен айналыса алатын көрінеді.

Жалпы, қала тұрғындары үшін бұл жер – рухани-мәдени маңызы

зор демалыс орны болмақ.

Алдағы аптада облысымызға Жапония елінің өкілдері келмекші.

Олар осы қалашықта бой көтеретін «Қамқорлық үйіне» қаржылай

көмек  көрсетеді.  Құны  18  млн.  теңге  болатын  жобаға  жапондар

жәрдемдеспекші. «Қамқорлық үйінде» мүмкіндігі шектеулі балалар

қолөнермен немесе өнердің тағы басқа түрлерімен айналыса алады.

Мүгедек  балалар  бұл  жерде  әртүрлі  үйірмелерге  қатысып,  өз

шеберліктерін  шыңдайды.  Алдағы  екі  жылдың  ішінде  қалашық

құрылысы толығымен аяқталмақшы.

Брифингте бұдан басқа жуықта тұсауы кесілетін IT-аймақ, Абай

ауданында  ашылып  жатқан  киіз  үйлер  қалашығы  туралы

айтылды. Басқосуға аудандық, қалалық жастар орталықтары мен

қоғамдық  бірлестіктердің  жетекшілері,  сондай-ақ,  «Дарын»

орталығы мен Назарбаев мектебінің оқушылары қатысты.



Ержан Қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ

хазрет,

Қазақстан  мұсылмандары

Діни басқармасының

төрағасы,  Бас  мүфти

Баршамызды  қасиетті  Рамазан

айына  аман-есен  жеткізген  Алла-

тағалаға сансыз шүкіршілік айтамыз.



Құрметті  мұсылман

бауырлар!

Әлем  мұсылмандары  мүбәрак

Рамазанда  Алланың  рақымына

бөленуді  үміт  етіп,  сауабы  мол  ізгі

амалдарды атқаруға ниетті. Сіздерді

бір ай бойы жалғасатын ұлық Рамазан

айының  келуімен  құттықтаймын!

Алланың  рақымы  мен  кешіріміне

бөлейтін,  әр  игі  амал  еселеніп

жазылатын Рамазанды асыға күткен

баршамызға  бұл  қасиетті  ай  құтты

болсын!


Құран-кәрімде айтылған Рамазан

айының ерекшелігі сол, бұл мезгілде

жасалған кез келген қайырлы амалдың

сауабын  санау  мүмкін  емес.

Сондықтан  айлардың  сұлтаны

болған  Рамазан  -  Алла

тағаланың  мұсылмандарға

берген сыйы әрі нығметі.

Қасиеті мен шарапаты

мол 


айда

күнәларымыздан  арылып,  сауап

жинауға,  ішкі дүниемізді  тазартып,

Жаратушыға  жақындауға  берілген

мүмкіндіктер 

көп. 


Мүбәрак

Рамазанның  құндылықтары  мен

қадір-қасиетін  жақсы  түсінген  ізгі

адамдар  оразаға  алты  ай  қалған

сәттен  бастап:  "Раббымыз,  бізді

Рамазан  айына  аман-есен  жеткізе

гөр!" 



деп 



дұға 

жасап,


Жаратушымызға  жалбарынған.

Өйткені, адамның осы айда ұстаған

оразасы,  қосымша  құлшылықтары,

өзгелерге жасаған қайырымдылығы,

барлық сауапты амалдары Алланың

мейіріміне  бөлеп,  разылығын  алуға

жақындата түспек.

Ораза  -  Алла  мен  адамның

арасындағы  риясыз  құлшылық,  тек

Раббымыздың  разылығын  көздейтін

ұлық  ғибадат.  Құдси  хадисте  Алла-

тағала:  "Аузы  берік  адам ішіп-жеуін

мен үшін доғарды. Ораза - Мені мен

құлымның арасындағы ғибадат. Оған

берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен

ғана  беремін. Аузы берік  құлымның

аштық  пен  шөлдегенде  шығатын

аузының  исі  мен  үшін  мисктен  де

артық",- дейді.

Рамазан  -  рухани  жаңару  айы.

Жерді мекен еткен аң мен құстың,

б ар лы қ   тірш ілік  иесін ің  жы л

мезгілдерінде жаңару, түлеу, өзгеру

ү дерісін ен  өтетін і  белгілі.   Ал

Алланың  адам  баласына  берген

шексіз  нығметі,  теңдессіз  сыйы

саналған  ораза  -  күнәға  бетпе-бет

келуден сақтайтын, жан-дүниемізді,

мінез-құлқымызды  жақсылыққа

тәр би елейтін,   р уха ни   тү леп

шығатын құлшылық. Ауыз бекітудің

адам  өмірін ізгілікке бастайтынын

білген  пенденің   од ан,   әсте  б ас

тартуы  мүмкін  бе?!  Олай  болса,

ора за   ұстап ,  ұ лы   ғи ба д атты ң

сауа бы на н  

қ ұ р 

қ алма й ық ,



бауырлар!

Иман  жолы  сабырлық  пен

тақуалықты талап етеді. Ораза нағыз,

шынайы  тақуалық  пен  сабырлыққа

жетелейді. Құранда Алла-тағала: "Ей,

мүміндер!  Сендерге  бұрынғыларға

парыз етілгендей ораза парыз етілді.

Әрине,  сақтанарсыңдар"  ("Бақара"

сүресі, 183-аят),  - деп бұйырған.

Биыл шіліңгір шілдеге  тұспа-тұс

келген оразада ауыз бекітуге күннің

ыстығы  немесе  басқа  да  себептер

кедергі  бола  алмайды  деп  сенеміз.

Себебі,  иманның  бал  дәмін  татқан

жан Алланың теңдессіз сыйынан шет

қалғысы 


келмейтіні 

хақ.


Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)

бір  хадисінде:  "Расында,  әр  адамға

өзінің ниет еткен нәрсесі беріледі", -

деген.  Бұл  -  адам  баласы  өзінің

ниетіне орай, мақсатына жетеді деген

сөз. Кімде-кім сауабын Алладан үміт

етіп,  ораза  ұстаса,  күнәлары

кешіріліп,  Оның  ризалығына

бөленеді.  Екі  дүниеде  де  Алланың

ризалығына кенелуден артық бақыт

жоқ.

Қадірлі  ағайын!

Қасиетті  Рамазан  айы  құтты

болсын!  Ұстаған  оразаларыңыз  бен

дұға-тілектеріңіз  қабыл  болғай!

Рамазан айында жасаған игі істеріңіз

сауаптан  жазылып,  Алла-тағала

елімізге,  жерімізге  берекесін,  мол

ризығын  жаудырғай!  Мұратымыз

асыл, дұғамыз қабыл болғай!

Облыс жаңалықтары

Елімізде  алғашқы  болып  өткен

аптаның қасиетті жұма күні

Өскеменде  «Жерлестер  форумын»

өткіздік  дүркіретіп.  Облыс  әкімі

Бердібек  Сапарбаев  тікелей

бастамасымен  ұйымдастырылып,

қатысуымен  іске  асырылған  игі

шараға  берісі  еліміздің  түкпір-

түкпірінен,  арысы  көрші  Ресейден

жетпістен  астам  жерлесіміз

жиналды.  Форум  барысында

олармен  жалпы  құны 6,5  млрд.

теңгеден  асатын  36  инвестициялық

жобаны  жүзеге  асыруға  келісім

жасалды.

Ұзын саны жетпістен асатын құрметті

қонақтардың 

қатарында 

Шығыс

Қазақстанда  туып-өскен,  қазірде  басқа



жақта тұрып жатқан  жоғары лауазымды

тұлғалар,  ғалымдар,  мемлекет,  қоғам

қайраткерлері, қалталы кәсіпкерлер және

басқалар  бар.  Атап  айтар  болсақ,  Ресей

Федерациясы  кеңесі  ғылым  және  білім,

мәдениет  және  ақпараттық  саясат

жөніндегі комитетінің төрайымы Зинаида

Драгункина,  Парламент  Сенатының

депутаты,  қоғам  қайраткері  Бірғаным

Әйтімова,  академик,  генерал-майор

Тоқтархан  Нұрахметов,  педагогика

ғылымдарының  докторы,  профессор,

Қазақстан  педагогикалық  ғылымдар

академиясының  президенті  Асқарбек

Құсайынов, Ресейдің Петербор қаласында

тұратын белгілі опера әншісі, халықаралық

байқаулардың  лауреаты  Әлия  Кикенова

( Құ сман ова ),   Омбы  

қаласындағы

«Мостовик» ғылыми-өндірістік бірлестігі

бас директорының орынбасары Валерий

Вихрев, «Road construkcion» ЖШС-нің бас

директоры Қуат Өзбеханов, «Қазақстанның

ядролық  қоғамы»  ассоциациясының

атқарушы  директоры  Наталья  Жданова,

генерал-майор Рүстем Қайдаров сынды бір

топ жерлестеріміз келді.

Шығыс-Ақпарат


16-22  маусым  2014  жыл

Рамазан 

айының 

реті 

Уақыты 

Таң 

намазы 

 

Күннің 

шығуы 

Бесін 

намазы 

Екінті 

намазы 

Ақшам 

намазы  

Құптан 

намазы 

28 Маусым, Сенбі 



 2:31 

4:31 


13:00 

18:17 


21:00 

 22:35 


29 Маусым, Жексенбі   2:31 

4:31 

13:00 


18:17 

21:00 

 22:35 


30 Маусым, Дүйсенбі   2:32 

4:32 

13:00 


18:17 

21:00 

 22:35 


1 Шілде, Сейсенбі 

 2:32 

4:32 


13:00 

18:17 


21:00 

 22:35 


2 Шілде, Сәрсенбі 

 2:33 

4:33 


13:00 

18:17 


21:59 

 22:34 


3 Шілде, Бейсенбі 

 2:34 

4:34 


13:00 

18:17 


21:59 

 22:34 


4 Шілде, Жұма 

 2:34 

4:34 


13:00 

18:17 


21:59 

 22:34 


5 Шілде, Сенбі 

 2:34 

4:34 


13:00 

18:17 


21:59 

 22:34 


6 Шілде, Жексенбі 

 2:36 

4:36 


13:00 

18:16 


20:58 

 22:33 


10 

7 Шілде, Дүйсенбі 

 2:37 

4:37 


13:00 

18:16 


20:57 

 22:32 


11 

8 Шілде, Сейсенбі 

 2:38 

4:38 


13:00 

18:16 


20:57 

 22:32 


12 

9 Шілде, Сәрсенбі 

 2:39 

4:39 


13:00 

18:16 


20:56 

 22:31 


13 

10 Шілде, Бейсенбі 

 2:40 

4:40 


13:00 

18:15 


20:55 

 22:30 


14 

11 Шілде, Жұма 

 2:41 

4:41 


13:00 

18:15 


20:55 

 22:30 


15 

12 Шілде, Сенбі 

 2:42 

4:42 


13:00 

18:15 


20:54 

 22:29 


16 

13 Шілде, Жексенбі 

 2:43 

4:43 


13:00 

18:14 


20:53 

 22:28 


17 

14 Шілде, Дүйсенбі 

 2:44 

4:44 


13:00 

18:14 


20:52 

 22:27 


18 

15 Шілде, Сейсенбі 

 2:45 

4:45 


13:00 

18:13 


20:51 

 22:26 


19 

16 Шілде, Сәрсенбі 

 2:46 

4:46 


13:00 

18:13 


20:50 

 22:25 


20 

17 Шілде, Бейсенбі 

 2:47 

4:47 


13:00 

18:12 


20:49 

 22:24 


21 

18 Шілде, Жұма 

 2:48 

4:48 


13:00 

18:12 


20:48 

 22:23 


22 

19 Шілде, Сенбі 

 2:49 

4:49 


13:00 

18:11 


20:47 

 22:22 


23 

20 Шілде, Жексенбі 

 2:49 

4:49 


13:00 

18:11 


20:47 

 22:22 


24 

21 Шілде, Дүйсенбі 

 2:52 

4:52 


13:00 

18:10 


20:45 

 22:20 


25 

22 Шілде, Сейсенбі 

 2:53 

4:53 


13:00 

18:09 


20:44 

 22:19 


26 

23 Шілде, Сәрсенбі 

 2:54 

4:54 


13:00 

18:09 


20:42 

 22:17 


27 

24 Шілде, Бейсенбі 

 2:56 

4:56 


13:00 

18:08 


20:41 

 22:16 


28 

25 Шілде, Жұма 

 2:57 

4:57 


13:00 

18:07 


20:40 

 22:15 


29 

26 Шілде, Сенбі 

 2:58 

4:58 


13:00 

18:07 


20:39 

 22:14 


30 

27 Шілде, Жексенбі 

 3:00 

5:00 


13:00 

18:06 


20:37 

 22:12 


 

 

 



Семей өңірі бойынша Рамазан айының ораза және намаз кестесі

2014 жыл- хижра 1435 жыл

Ескерту

1. Биыл яғни 2014 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 30 күн.

2. Шілденің 23-нен 24-не қараған түн қасиетті Қадір түні.

3. Сәресін ішу таң намазының кіруіне 15 минут қалғанда тоқтатылады.

4. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б жеміспен де ашуға

болады.


5. Тарауих намазы Құптан намазынан кейін оқылады, ал Үтір намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.

6. Пітір садақаны Рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады.

7. 28-шілде дүйсенбі күні Ораза айт мейрамы басталады.

8. Оразаға ниет: Алла тағала үшін мүбарак Рамазан айының оразасын ұстауға таңнан  күн батқанға

дейін ниет еттім.

9. Ауыз ашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел

еттім, Сен берген рызық- несібеңмен ауыз аштым. Иә кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-

кемшіліктерімді кешіре гөр.»

10. Ораза айт намазы 28-ші шілде сағ:07:00-де.

Күндізгі оразаның со-

ңына  таман  бауырдың

қайырмалы  күре  тамы-

рындағы  қанда  глюкоза

мен  инсулиннің  құрамы

төмендеп,  глюкозаның

түсуі  және  оның  бауыр

клеткаларымен  және

шеткі тіндерімен қоршалу

мүмкіндігі  азаяды.  Сон-

дықтан  да  бұл  кезеңде

ағзаны  глюкозамен  тез

арада қамтамасыз етудің маңызы зор. Сосын

ол сорылып алынғаннан кейін оның қайыр-

малы күре тамырдағы қанда қоюлығы дереу

артады да, алдымен бауыр жасушасына, со-

сын миға, қанға, нерв жүйесіне және бұлшы-

қетке түсе бастайды. Мұнымен май бөлшек-

терінің  қышқылдануы  тоқтап,  зиянды  дене

түйіршіктерінің қалыптасуына кедергі жасай-

ды. Бауырдағы глюкозаны жинақтау процесі

де тежеліп, амин қышқылдарының ыдырау-

ын тоқтатады. Сондай-ақ ағзадағы белоктар-

ды сақтайды.

Құрма ең бір глюкозаға бай өнім, сондық-



«Ей,  иман  келтіріңдер!  Сендерден

бұрынғыларға 

парыз 

етілгендей

тақуалыққа  жетулерің  үшін  ораза  ұстау

сендерге  де  парыз  етіледі»  (Бақара  сүресі,

183-ші  аят).



«Кімде-  кім  Рамазан  айында  шынайы

сеніммен,  сауапты  бір  Алла  Тағаладан

ғана  күтіп,  ораза  ұстаса,  бұрын-  соңды

жасаған  күнәлары  түгелдей  кешіріледі»

Хадис (Бұхари, Мүслім).

      Иә, әне-  міне  дегенше биылғы Рамазан

айы да келіп қалды. Жылдағыдан өзгешелігі сол,

биылғы  ораза  тұтар  уақытымыз  шілденің

шіліңгіріне дөп келіп отыр. Бұл бірінші мәрте

ораза  ұстауға  ниеттеніп  жүрген  кейбір

бауырларымыздың  көкейінде «Ми  қайнаған

ыстықта  қалай  ауыз  бекітемін» деген  сияқты

өзіне сенімсіздік, күдік- күмән ұялатуы мүмкін.

Олай болса, осы оразаны қалай жеңіл өткізуге

болады?


1. Оразаның алғашқы 2-3 күні ғана шамалы

ауырлау  тигенімен,  адам  ағзалары  аштыққа

үйреніп кетеді де, кейінгі күндері жеңіл өтеді.

Ең  бастысы  ораза  тұтқан  адам  әуелі  ниетін

туралауы  керек.  Пайғамбарымыз  (Оған

Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Амалдар



ниеттерге  қарай»,  деген.  Алла  разылығын

шын ниетімен көздеген адамға азаннан кешке

дейінгі  ашығудың көп  қиындығы  жоқ.  Егер,

шынайы ықыласпен Алла разылығын көздеген

болса, Алла өз жеңілдігін беріп қояды. Себебі,

ниет- құлшылықтардың негізгі факторы. Ниетті

туралау  үшін  ораза  тұтқандарға  Алла

Тағаланың  ақыреттегі  беретін  сыйы  жайлы

кітаптарды көбірек оқуы ләзім.

2.  Рамазанның  артықшылығын  түсініп,

сауаптарынан үміттену. Рамазан- Құран түскен

қасиетті ай. Бұл айда ораза ұстағандарға сансыз

сауап сыйланып, дұға- тілектері қабыл болатын

айы.  Алла  Елшісі (Оған  Алланың  игілігі  мен

сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Шынында,

Алла Тағаланың алдында сондай адамдар бар:

Алла  оларды  рамазанның  әрбір  күндізі  мен

түнінде Оттан босатады. Және шынында, әрбір

мұсылман рамазанның түнінде де, күндізінде

де өзінің дұғасына жауап алып отырады» (әл-

Баззар. Сахих хадис. «Сахих ат- Тарғиб» 1002)

3.  Рамазан  құлшылық  айы  болғандықтан,

басқа  еш нәрсеге алаңдамау керек. Сол үшін

жаздық кезекті еңбек демалысын осы Рамазан

айына туралап алуға тырысу және жаз мезгілі

т.б. жұмыстардың қызатын кезі болғандықтан,

ондай  жұмыстарды алдын-  ала  істеп  немесе

кейінге  қалдырып  қойған  жөн.  Себебі,

«ақыреттік істерге көбірек көңіл бөлген адамға

Алла өзі бұл дүниелік істеріне жеңілдігін жасап

қояды» дейді ғалымдар.

4.  Шілденің  аптап  ыстығында  базар

араламаудың  қамын  қылып,  керек-  жарақ

заттарын оразадан бұрын, яғни, қазірден бастап

алдын ала алған дұрыс.

5. 


Асқазаны 

ауыратын 

немесе

денсаулығында  басқа да  ақауы бар  адамдар



алдын ала емделіп алғаны абзал.

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)  былай  дейді:  «Ораза



ұстаған адамға екі қуаныш бар: бірі -  ауыз ашқан

уақытта, екіншісі Аллаһпен қауышқан уақытта».

Кешке жақын оразаны ашқанда оқылатын дұға:



Аллаһүммә    ләкә  сүмтү  уә  бікә  амәнтү  уә

галәйкә  тәуәккәлтү  уә  ғала  рызқінә  әфтартү  уә

лі-саумін  ғадін  мін  шәһрі  рамаданә  нәуәйтү

фагфірли я гаффарү ма кадәмтү уә ма аххіртү бі-

рахмәтікә я әрхаммаррахімин: (деп бет сипайсыз,

құрмамен немесе суменен т.б. ауыз ашуға болады).

Мағынасы:  «Я,  Алла,  Саған  ораза  ұстадым.



Саған  иман  келтірдім,  Өзіңе  сенім  арттым,

берген  несібеңе  ауыз  аштым,  рамазан  айының

ертеңгі  оразасына  ниет  еттім,  я  жарылқаушы

Аллаһ  ілгері-  кейінгі  күнәларымды  жарылқай

көр!  Ерекше    мейірімді  Алла,  Сенің

мәрхаметіңнен  үміт  етемін»(Қазақша  оқуға

болады).

тан  да  ағза  үшін  ең  жақсы  қорек  саналады.

Өйткені, оның құрамында қанттың көрсеткіші

жоғары  (75-87),  сондай-ақ  белоктар,  майлар,

кейбір мөлтек элементтер мен дәрумендер (А,

В2, В12) бар. Егер құрамында белок пен май-

дың мөлшері көп тағаммен ауыз ашса, онда бұл

заттарды қорыту, еріту және сору аралығында

көп уақыт өтеді де, олар ағзаның энергияға де-

ген қажетін тез өтей алмайды. Міне, құрмамен

ауыз  ашу  жөніндегі пайғамбарымыз  Мұхам-

медтің (с.ғ.с) данышпандық жарлығының мәні

осында.

М.ҚЫДЫРБАЕВА

6. Сәресін ішуді жіберіп алмауға барын салу.

Себебі,  сәресін  ішпеген  адам, оразасын  онан

ары жалғастыруға мәжбүр болады. Ал, мұндай

жағдай ораза ұстаушыға ауыр  тиері анық. Ол

үшін күндіз уақыт тауып тынығып алған және

шұғыл жұмыстарды түске дейін бітіргені  жөн.

Пайғамбарымыздың  (Оған  Алла  Тағаланың

игілігі  мен  сәлемі  болсын!)  бір  хадисінде:

«Сәресін  ішу  арқылы  күндіз  ұстайтын

оразаға,  түсте  ұйықтау (қайлулә)  арқылы

тәһажжүд  намазына  күш  жинаңдар»,-

делінген.

7. Қатты ыстықта салқын су құйынып, денені

салқындатып  алу.  Пайғамбарымыздың  (Оған

Алла Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!) бір

хадисінде:  «Алла  Елшісі  (оған  Аллаһ



Тағаланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)

шыжыған  ыстықтан  құтылу  мақсатымен

басына  су  құятын»,-  деп  айтылған.  «Әл-

Мууатта» кітабы, 1/294, Имам Мәлик. Әбу Дәуд

2365,  Ахмад  4/63.

8. Алдын ала, яғни, Шағбан айынан бастап

нәпіл  ораза  ұстау  –  оразаны  жеңілдететін

амалдардың бірі. Айша (р.л.ғ) анамыздан жеткен

хадисте:  «Алла  Елшісінің  Шағбандағыдай

көп ораза тұтқанын көрген емеспін»,- дейді.

Сондай-ақ, ораза кіргеннен кейін де, Құранды

көп  оқып,  дін  насихат  уағыздарын  тыңдап,

мүмкіндігінше  мешітте  болып,  құлшылық

амалдарын  көбірек  жасау,  тарауих  намазын

жіберіп алмауға тырысу.

9.  Рамазан  айындағы  игі  істердің  сыйы

еселенетін  ескеріп,  сауаптарды  құр  кетірмеу

үшін  мұқтаж  адамдарға  қайырымдылықты

көбірек  жасау  керек.  Нәпіл  (қосымша)

құлшылықтар адамның  иманын  көтереді.  Ал,

иманы көтерілген адам барлық қиындықтарға

төзіп, оразасы жеңіл өтеді.

10. Сапардағы адамдардың, жүкті әйелдердің

және  басқа  да  үзірлі  адамдардың  ораза

ұстамауына  рұқсат  етілген.  Алайда,  ондай

адамдар мүмкіндігінше жеңілдіктерді пайдалана

отырып,  ораза  ұстаса  сауапқа  кенелетіні

күмәнсіз.

Алла Тағала былай деді: «Ал біреу науқас,



не  сапарда  болса,  басқа  күндерде

оразасының  санын  толтырсын»  («Бақара»

сүресі, 185-  аят).

Ибн Омардан Пайғамбардың (Оған Алланың

игілігі  мен  сәлемі  болсын)  былай  дегені

жеткізіледі: «Ақиқатында, Алла Тағала Өзінің

тыйымдарының 

бұзылуын 

жек

көретініндей,  тура  сол  сияқты  Өзінің

түсірген жеңілдіктерінің қабылданғанын да

жақсы көреді». Ахмад 2/108, Ибн Хиббан 2742,

әл- Қадаи 1078. Хафиз әл- Мунзири

Міне,  осындай  ізгі  амалдардың  барлығы

адамға рухани күш- жігер беріп, оразаны жеңіл

өткізуге  жетелейді.  Алла  Тағала  біздің

құлшылықтарымызды жеңілдетіп, қияметте сауап

таразымызды ауырлатсын! Әмин!

Алмас АЙТКӘРІМҰЛЫ,

Өскемен қалалық  «Защита» мешітінің

Бас  имамы.

Сәресіге  тұрып,  тамақ  жеу  мүстәхаб.  Сүйікті

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с):  «Сәресіде  тамақ  жеңдер,



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет