Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен



бет2/2
Дата04.05.2023
өлшемі26,16 Kb.
#89750
1   2
 ұйықтады-ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.
— Міне жігітім сазайың! — деп, өзінің істеген ісіне көңілі толып қуанып, төсегіне келіп жатып, ұйқыға кетеді.
Таңертең бай орнына« турып жатып, Алдарға айтады:
— Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Сенің атың болу керек жарылып қалған. Сорлы, атыңды бақпай қазан бағып жүрген не қылған адамсың! — деп қарқ-қарқ, күледі.
— Алдар тұрып:
— Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса менікі болар, бор қасқа болса сіздікі болар, — дейді,
Бай құдайдың ұрғанын біледі де, орнынан тура жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.
Бай күйіп кетіп, Алдарға келіп:
— Жоғалт қараңды сұм! Мен сені енді көрмеймін, — деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен қатынына:
— Тез жөнелт, — дейді. Бай анадай, жерге шыққан кезде жақындап барып, Алдар:
— Етігім жыртылып шұлғауым шығып жүр, Бізіңді беріп кет дейді Байдың бергісі қелмейді. Алдар жабысып жібермейді: Ақыры болмаған соң:
— Ә, алсаң алшы, аңтұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір — дейді.
Алдар «алғысты жаудырмалатып, күліп, қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:
— Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, — дейді.
— Е, не үшін?

Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.
— Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, — дейді.
— Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал деп, сыртқа шығып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:
— Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең, — дейді.
— Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, — деп айқайлайды бай.
— Әні, естідің бе? — дейді Алдар қасында тұрған әйелге.
— Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа беріп құтырған ба? — деп, таң қалады әйелі.
Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.
«Алдардың ойыны осылай болады» деп, еліне тартып отырады.

Ұлы жеңіс - жасасын! (тәрбие сағаты)



Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа,акт құралы .
Түрі: кездесу
Өтілу барысы:
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 78жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 78 жылдығы.

Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Мұғалім: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Мұғалім: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес.

Мәншүктің хатын оқу. (оқушы)
«Әлия - Мәншүк» (тақпақ).
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Солдаттар жаралы майданнан оралады.
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлықтарымен,
Тарланбоз батыр ағаларым
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. 1 минут еске алу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет