Шоқан уалиханов зерттеуші ғалым



Pdf көрінісі
Дата10.01.2017
өлшемі406,6 Kb.
#1596

УДК 947.4 /.9

ШОҚАН УАЛИХАНОВ ЗЕРТТЕУШІ -  ҒАЛЫМ

Такенов Т.Е., Темирханова А.

(М.Қозыбаев атындагы СҚМУ)

Сауатын  мұсылман  мектебінде  ашып,  артынан  орысша  оқыған,  1847  -   1853 

жылдары  Омбыдағы  Кадет  корпусывда  білім  алған  Шокан  Шыңғысұлы  Уалиханов  -  

эскери  шенді  қызметкер  болғанына  қарамастан  тарихта  артына  мол  мұра  қалдырған 

агартушы  ғальш  ретінде  бағаланатын  оқшау  тұлға.  Шокан  қазақ  сахарасындағы 

ақсүйектер  отбасысьшан  шыққан.  Ол  атақты  Абылай  ханның  тікелей  ұрпағы.  Кадет 

корпусында оқуға қол  жеткізе  алуыньщ  негізі  осында.  Жаратылысынан  қабілеггі,  тума 

талант  Шоқан  кадет  корпусындағы  негізгі  мамандыққа  қатысты  әскери  сабақтарымен 

қатар  жағрапия,  тарих,  батыс,  орыс  әдебиеггері  мен  философия,  физика  мен 

математика,  шетел  тілі  тәрізді  пәндерді  де  бар  ынтасымен  оқып,  ерекніе  меңгереді. 

Өзінің  ізденгіштігінің,  зеректігінің  нэтижесінде  азаматтық  Шоқанды  қараңғьшыққа 

шырмалған,  езгіде отырған туған халқының тағдыры ерекше толғандырады,  Сондықтан 

қызметтік тапсырманы орындай  жүріп  ел тарихына,  әдебиеті мен  мздениетіне қатысты 

құнды  мэліметтерге  мән  береді.  Кадет  корпусын  бітірген  соң  Шоқан  Сибирь  казак 

әскеріне  қызметке  жіберіледі.  Көп  ұзамай  оның  қабілеті  Батыс  СибирьдІц  генерал- 

губернаторы  Гасфорттың  назарын  аударады,  сөйтін  1854  ж  Шоқан  оньщ  адъютанты 

болып  тағайьнідалады.  1855  жылы  Шоқан  Уалиханов  Гасфорттъщ  Омбыдан  Іле 

Алатауына  бартан  сапарьшда  оған  ілесіп  жүреді.  Бұл  сапар  оның  қарапайым  халық 

өмірімен  кеңінен  танысуына, 

тарихи  мұраларды,  аңыздар  мен  эндерді  мол  жиьш, 

жазьіп  алуына  мүмкіндік  берді.  Шоқанның  жан-жақты  бірлігі  мен  істе  керсеткен 

қабілеттілігі  сапардан  қайтып  оралғаннан  кейін  жоғары  багаланды.  Ол  наградаға 

ұеынылды,  1856  ж.  өзінде  Шоқан  Уалиханов  екі  экспедидияға  қатысты:  бірінде 

Алакөлден  Ор галық  Тянь-Шань  мен  Ыстықкөлге  дейін.  екіншісінде  дипломатиялық 

тапсырмамен  Құлжаға барады.  1856-1857  жылдың  қысында ол  зкспедицияда болганда 

жинаған этнографиялық материалдарын өңдеумен шұғьшданды, сондай-ақ қазақтардың 

ертедегі  тарихы  жөнінде  бұрын  белгісіз  больш  келген  қызықты  материалын  табу 

мақсатымен  Омбы  архивіне  барып  жүрді.  1857  жылы  Уалиханов  тағы  да  .Алатау 

қырғыздарына  сапар  шегеді,  онда  көшпелілер  арасында  болып,  олардьщ  тұрмысымен, 

эдет-гұрыптарымен  жақсырақ танысып,  тарихын,  этнографиясын  жэне халықтьщ  ауыз 

эдебиетін  терең  зерттеуге  мүмкіндік  алады.  Осы  жолы  Шоқан  қырғыз  халқьшың 

энциклопедиялық  дастаны  «Манасты»  құмарта  тыңдап,  жазып  алады.  Уалиханов 

Шығыс  халықтары  мәдениетінің  ескерткіштеріне  ерекше  назар  аударды.  Ыстықкөл 

зкспедициясы 

кезінде 

тапқан 


ежелгі 

суландыру 

жүйелерінің 

қалдықтары, 

архитектуралық  ескерткіштер,  ертедегі  қалалардьщ  орындары  қырғыздардьщ  бағзы 

замандағы  ата-бабаларының  өміріне  оның  ой  жіберуіне  мүмкіндік  берді.  осы 

ескерткіштерді  зерттеу  негізінде  ол өткен  ғасырларда бұл территорияда отырықшылық 

жэне  бірқатар  қалалар  болған  деген  қорытындыға  келді.  Қазақ  даласына  көрші 

халықтардьщ тарихын зерттеу Уалихановтың туған  қазақ халқыньщ ертедегі жэне  орта 

ғасырлардағы 

тарихыньщ 

көмескі 


жақтарьив 

аіпуына 


көмектесті. 

Ыстықкөл 

экспедициясы  кезінде  Шокан  Уалиханов  ғылыми  деректер  мен  қатар,  ерте  замандағы 

көптеген 

коллекцияларды  жинады. 

«Ыстықкөл  саиарьшың  күнделігі»,  «Қытай 

империясының  батыс  провинциясы  және  Құлжа  қаласы»,  «Қырғыздар  туралы

77


жазбалар»  деген  тарихи-этнографиялық  шығармалар  жазды.  Уалихановтың  гылыми 

кызметі  Орыс  географиялық  қоғамының  назарын  аударды.  1860  жылы  Қашқарияны 

зерттеуші  Шокан  әскери  министрліктің  шақыруы  бойынша  Петербургке  барды,  мұнда 

ол  ержүрек  саяхатшы  жэне  Орта  Азия  халықтары  мен  Қазақстанның  өмірін  жете 

білетін 

ғалым 


ретінде 

қарсы 


алынып, 

орденмен 

наградталды 

жэне 


шені 

жоғарылатылды.Уалихановтың  Петербургте  аз  уақыт 

болуьшың  өзі  оны  идеялық 

жағынан  қалыптастырып,  демократиялық  көзқарастарын  нығайтты. 

Ол  кезде 

Петербургте  басқа  жерлердің  қай-қайсысьшан  болса да революциялық  жағдай  мықтап 

өріс  алғанды.  Шоқан  Уалиханов  қоғам  өмірінің  қайнаган  ортасына  барып  түсті  де, 

ғылыми  жүмысқа  беріле  кірісті;  Бас  штабтың  әскери  -ғылыми  комитетінде,  Азия 

департаментінде,  географиялық  қоғамда  жұмыс  істеді.  Орта  Азия  мен  Шығыс 

Түркістанның  карталарын  жасау,  Риттер  еңбектерін  басып  шығаруға  әзірлеу, 

энциклопедия  шығаруға  қатысу,  шыгыс  қолжазбаларын  зерттеу,  орыс  географиялық 

коғамында шығыс тарихы жөнінде лекциялар оқыды.  [  1; 6 ]

1864  жылдың  көктемінде  Уалиханов  Черняевтің  экспедициясына  қатысты,  бұл 

экспедицияньщ мақсаты Қоқан хандығының езгісінде қалып келген Оңтүстік Қазақстан 

территориясын  Россияға  қосу  еді.  Қоқан  хандарының  тепкісіндегі  қазақтарды  азат  ету 

Уалихановтың негізгі мақсаттарының бірі болған, мұны оның  1864  жылғы оқиғалардан 

көп  бұрын  бастап,  аяқталмай  қалган  «Қоқан  хандығы  туралы  жазбалар»  деген  еңбегі 

дәлелдейді.  Қоқан  хақцығы  езгісінен  бірнеше  қорғандарды,  оның  ішінде  Әулие  атаны 

азат  еткеннен  кейін,  бас  командованиеде  аудармашы  болып  істеп,  орыс  өкімет 

орындары мен  жергілікті  халық  арасындағы  достық  қарым-қатынас  орнатуға,  сондай- 

ақ  қазақтар  мен  қырғыздар  арасындағы  жер  дауын  әділ  шешуге  үлес  қосқан  штабс- 

ротмистр Шоқан Уалиханов отрядты тастап, Верныйға қайтуға,  одан соң албан руының 

аға султаны Тезек төре ауылына баруға мэжбүр болды.  Сірә, сол кездің өзінде-ақ  оның 

науқасы  меңдеп  кетсе  керек,  ол  Тезек  ауылынан  әкесіне  жазған  хатьшда  өзінің  әбден 

қалжырап,  қуатының  тайғанын,  өмірден  күдер  үзір  отырғанын  ашыгі  айтады  да:  «Бүл 

менің ақырғы хатым.  Қош болыңдар, бэрінді де қүшамын» деп аяқтайды.  [ 5;  91  ]

Шекараларының  ауқымы  барынша  кеңейген  Ресей  империясының  жағдайы 

басқарудың  экімшілік  жүйесін  енгізуге  қолайлы  болады.  Крепостниктік  кұкық 

жойылғаннан  кейін  Ресей  үкіметі  земстволардың,  сот  жэне  қалалардың  жэне  т.б. 

әлеуметтік -  саяси өмірініц  ағымын түбегейлі  өзгерткен  бірқатар  реформалар  жүргізді. 

Капитализм,  «тереқдеп»  әрі  «кеңінен  аукым  альш»  дами  бастады.  Осындай  жағдайда 

Ресей  Қазақстанды  басқарудың  бұрынғы  жүйесін  түбірімен  өзгерту  міндет  қойды. 

Қазақ  даласын  басқару  туралы  заң  жобасын  дайындау  үшін  үкімет  1865  ж.  Дала 

комиссиясы  дегенді  құрды.  Реформаны  дайындау  кезінде  халық  бұқарасының  көңіл  -  

күйі  ескерілмеді.  Ш.  Уалиханов  қазақтардың  материалдық  жағдай  мен  тұрмысын 

жақсартуға  ықпал  ететін  радикалды  реформалар  жүргізуді  жақтады.  Ол  Қазақстанда 

халықтың  өзін  -   өзі  басқаруы  негізіндегі  экімшілік  баскару  жүйесін  енгізуді  ұсынды. 

«Сот  реформасы  туралы  хатында»  ол  қазақ  халкы  үшін  әлеуметтік  -   экономикалық 

жаңалықтар  енгізу  деп  есептеді.  1867  ж.  11  шілдеде  Александр  II  -   Жетісу  мен 

Сырдария  облыстарын  басқару  туралы  Ережелер  жобасынан; 

1868  ж.  21  -   қазанда 

Торғай, Орал, Ақмола жэне Семей облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына кол 

қойды. 

Сонымен, 



Қазақстанды 

басқару 


жөніндегі 

«үкіметтік 

шенеуніктердің 

ойластыруы  негізінде  Седалин,  Шыңғыс  Уалиханов,  Мұса  Шорманов  сұлтандардың 

жэне басқалардың белсенді қатысуымен патша өкіметі эзірледі».

Ш.  Уалихановтьщ  ғылыми  мұрасы  Қазақстанның  және  көп  ұлтты  Ресейдің  басқа 

да халықтары проблемаларының  өзекті  тұстарьш  қамтиды.  Шоқанның  қазақ халқьшың 

күрылуы,  XVII  -   XIX  ғасырдың  бірінші  жартсьшдагы  Қазақстанның  әлеуметтік  жэне 

саяси  тарихы,  қазақтардың  Ресей  бодандығын  қабьшдауы,  Орта  Азия  мен  Шығыс

78


Түркістан 

халықтарының 

рухани 

жэне 


материалдық 

мәдениетінің 

тарихи 

проблемаларына арналған ғылыми зерттеулері Орта Азия мен Қазақстан халықтарының 



тұрмысын  зерттеуге  аса  бағалы  үлес  болып  қосылып,  замандастарының  орасан  зор 

ынтасын туғызды.

Ғалым Қазақстанның  Россияға қосылуы туралы мәселеде прогресшіл позициясын 

ұстады.  «Азиятшьшдық»  үстемдік  еткен  Орта  Азия  мен  Қытай  емес,  тек  игі  ықпал 

жасап,  қазақ  халқының  мәдениеті  артуьша 

жэрдемдесе  алатынына  ол  кэміл  сенді. 

Революцияға  дейінгі  Россия  жағдайында  Шоқан  Уалиханов  орыс  халқын,  оның 

мүддесін  патша  өкіметінің  Қазақстандағы  реакциялық  саясатьшан  ажыратып  қарап, 

айқын  гүсіне  білді.  Мұндай  көзқарасьш  ол  XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  Орта 

Азия дамуының нерснективаларына қатысты еңбектерінде негіздеді.

Қазақ жэне қырғыз халықтарының  құрылу процесін зерттеуге зор көңіл бөлді.  Ол 

кезде Шыгысты зерттеушілердің көпшілігі  (Гумбольт, Риттер жэне т.б.) қырғыздар мен 

қазақтардың  арасындағы  айырмашылықты  ажырата  білмейтін.  Ал  Шоқан  болса, 

қырғыз  халқы  мен  қазақ  халкын  этникалық  қүрамы  жагынан  да, 

әлеуметтік 

экономикалык құрылысы жагынан да ажырата білу қажет деп санады.

Шоқан  қазақтардың  «халық  болып  қалыптасуы»  бір  мезгілде  Қазақстан 

территориясында  үш-  жүз  құрылды  деп  санайды,  Бұдан  кейін  бұлардың  әрқайсысы 

кірген  тайпалар  құрамын  анықтайды.  Ұлы  жүз  немесе  орда  негізінен  басты  4  рудан: 

дулат,  жалайыр,  албан  жэне  суаннан  кұрылды,  олардың  барлығын  жинақтап  алғанда 

күшті  үйсін тайпасының атымен үйсін деп  аталады.  Орта жүздің негізгі рулары:  арғын, 

қыпшақ,  қоңырат,  найман  еді.  Мұндай  рулар  қазақтың  жеті  рулары  деп  аталады.  Кіші 

жүздің негізгі руларьгәлім ұлы жэне бай ұлы.

Ш.Ш.  Уалиханов  қазақ  халқының  әдебиетін,  тілін  терең  зертгеп,  кең  талдау 

жасап,  тарихи  өмірімен  байланыстылыгын,  идеялық  -   көркемдік  қасиеттерін  ашқан, 

жанрланрына  анықтама  берген  түнғыш  филолог  галым.  Оның  «Қазақ  халық 

позициясының түрлері жөнінде»,  «Тэңірі»,  «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан», 

«Жоңгария  очерктері»,  «Қазақ  шежіресі»,  «Қазақтардағы  шамандықтьщ  қалдығы», 

«Профессор  И.Н.  Березинге  хат»,  Профессор  И.Н.Березиннің  «Хан  жарлықтары»  атты 

кітабын  оқығанда»,  «Жамиғ  ат-тауарихтан»,  «Тарихи  Рашидиден»,  т.б.  зерттеулері, 

мақалалары  ғалымньщ  филолог ретінде  биік  ой-тұжырымдарын,  терең  білімдарлыгын, 

халқыньщ көркем сөз қатынасын, тілін ерекше сүйгендігін және басқа халықтар рухани 

қорынан еш кем түсиейтін қадір-қасиеттерін жогары бағалагандығын танытады.

Шығыс  деректемелеріяе  сын  көзбен  талдау  жасап,  оньщ  өзі  жақсы  білетін  әрі 

жоғары  бағалайтьш  қазақ  халқының  ауыз  эдебиетіндегі  деректермен  салыстыра, 

салғастыра  отырып  зерттеу,  Уалихановтың  қазақ  халқының  қүрылу  проблемаларына 

қатысты бірқатар мәселелер жөнінде белгілі бір қорытындылар жасауына мүмкін берді.

Қазақ  агартушысы  көрші  халықтар:  қырғыздардың,  өзбектердің,  ұйғырлар  мен 

қалмақтардың  тагдырына  да  зор  қүрметпен  қарады,  олардың  тарихын,  этнографиясы 

мен  тұрмысын  сүйсіне  зергтеді.  Ол реформага дейінгі  Россиядағы  эр  түрлі  қогамдық 

ағымдарды  мұқият  қадагалап  отырды,  батыс  үлгісімен  түбегейлі  кайта  қүрылыстар 

жасауын  жақтады.  Уалихановтың  ойынша,  қазақ  халқы  прогрестік  Россия  жолымен 

жүріп  отырганда  ғана  толық  цивилизациялы  ел  бола  алады,  яғни  өзінің  ғасырлар 

бойындағы  мешеулігінен  арылып,  феодалдық-патриархалдық  қалдықтарды  жоя  алады.



3

;

23

 ]

Ш.  Уалихановгың  ғылыми  мұрасындағы  ең  ірі  еңбегі  -   «Алты  шэрді  немесе 



Қытайдың Нан-Лу провинциясындағы шығыстың алты қаласының жайы туралы».  Осы 

елдің  әлеуметтік-экономикалық  жэне  саяси  өмірі  жөніндегі  бағалы  деректер  шыгыс 

тану  ғылымына  қосылған  елеулі  үлес  болды. 

Уалихановқа  дейін  бірде-бір  ғалым 

Қашқариядан  аман-есен  оральш,  жұртшьшықты  осы  өлкенің  тарихымен,  саяси-

79


экономикалық  жагдайымен  таныстыра  алмаған  еді.  Ол  жерде  кейіннен  болуына  тура 

келген 


немесе 

ол 


елді 

зерттеумен 

шұғылданған 

адамдардьщ 

бәрі, 

ең 


алдымен,Уалихановтьщ  еңбегін  оқып,  қажетті  мэліметтерді  содан  алып  отырды.  ХҮІІ 

ғасырдың  аяғы  мен  ХҮІІІ  ғасырдьщ  басында  Қашқарияны  маньчжурлық  Қытай  басып 

алды да,  сол кезден  бастап ол  саяси жағынан  алғанда сыртқы дүниеден мүлдем оқшау 

қалды.  XIX  ғасырдың  орта  шенінде,  ұлы  жүз  қосылғаннан  кейін,  Россия  шекарасы 

Қашқарияға  тиіп  тұрды,  сондыктан  Россияның  көрші  халықпен  саяси  жэне 

экономикалық  қатынастар  орнатуға  ұмтылуы  табиғи  жай  еді. 

Бұл  мэселені  патша 

үкіметі  1857  жылы  нақты  тұжырымдады.  Бірақ  Қашқариядағы  істердің  шын  жайы 

туралы  сенімді  деректері  болмаған  орыс  үкіметі  бұл  бағытта  ешқандай  да  батыл 

шаралар  қолдана  алмады.  Патша  үкіметі  қажетті  деректер  жинап  қайту  үшін 

Қашкарияга  тәжірибелі  де  сенімді  адам  жібермек  болды.  Ол  адам  ержүректігі  мен 

батылдығына  коса  шығыс  тілдерін  жақсы  білуге,  ал  ішіндегі  жағдайдың  бүкіл 

күрделілігін  жете  түсініп,  Россиямен  экономикалык  жағынан  да,  саяси  жағынан  да 

жақьшдасу үшін  негіз  даярлауға тиіс  болды.  1858  жылы жаздың  аяғында қауіпсіз  болу 

үшін  татар  саудагерінің  киімін  киінген  Уалиханов  Қашқарияға  беттеген  керуенге 

қосыльш,  алыс сапарға шықты.  Қашқария халықтарыньщ өмірі мен тарихын толығырақ 

білу  үшін  Уалиханов  жазба  дерекмелерді  оқып,  зерттеумен  бірге,  ұйғыр  тілін  үйрене 

бастады.  Асқан  зор  лингвистік  қабілетінің  және  көптеген  Шығыс  халықтары  тілін 

білуінің  арқасында  ол  ұйғыр  тілін  тез  арада  үйреніп  алып,  халықтың  барлық 

топтарымен сөйлесетін.  Сол кезге дейін үйғыр тілі Европа галымдары мүлдем беймәлім 

еді,  ал  Шоқан  Уалиханов  тұңғыш  рет  ұйғыр  тілінің  сөйлесу  сөздігін  жасады.Талай 

қауіпке ұшырап, Тянь-Шанның қарлы шыңдарыиан асудың бүкіл ауыртпалығын бастан 

кешірген керуен Қытай провинциясының жеріне келіп жетті. Мұнда Уалихановты оның 

өзі жол-жөнекей Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстан жерінен көрген өсімдікке бай кең 

жазира  дала  мен  шабындықтан  мүлдем  өзгеше  жагдай  бірден  тан  қалдырды.  Өсімдігі 

сирек  қүмдауыт  жер,  көңілсіз  көрініс  Қашғар  қаласына жеткенше  үзілмеді.  Шоқанньщ 

қалаға алғаш аяқ басқанда алған эсері де көңілсіз болды:  «Қала биік балшық қорғанмен 

қоршалған,  -  деп  жазды  ол.  -   Қакпа  жанынан  өтетін  жолға  екі  жағынан  аллея  сияқты 

етіп  сырғауылдар  кағылған,  оларда  1857  жылғы  көтерілістен  кейін  дарға  асьшған 

қылмыстылардың басы салынған торлар ілінген».  [  1;  37 ]

Шоқан  Уалиханов  коллекциясына  Қашқарда эйгілі  «Тарихи  Рашидидің»  жалғасы 

болыи 


табылатын 

қожалар 


тарихы 

(«Тазкирян 

ходжигяи») 

сьгады 


бағалы 

қолжазбалармен  жэне  Шығыс  Түркістан  мен  Орта Азия  халықтары  туралы  аса  бағалы 

тарихи деректер бар басқа да толып жатқан кітаптар косылды.

Уалихановтың  Қашқардағьі  зерттеушілік  қызметі  көптеген  мэселелерді  қамтиды. 

Ол 

елдің 


тарихымен 

қатар, 


халқыньщ 

этнографиясын, 

сауда-саттығы 

мен 


экономикасын  зерттейді,  керуен  жолдарының  маршруттары  мен  сауда  заттарын 

анықтайды.  Оның  ар  іүрлі  елдердің  Қашқарға  келген  көпестер  мен  эрдайым  қарым- 

қатынас  жасап  отыруы  көп  жәрдемін  тигізді.  Саудагер  регінде  ол  көпестерден  жол 

бағыттарының  егжей-тегжейін,  статистикалық  мэліметтерді  жэне  өзін  қызьщтыратын 

басқа деректерді біліп отырды.

Шығыс  Түркістанньщ  шаруашылыгын,  өнеркэсібін,  сауда-саттығын,  элеуметтік 

қатынасы  мен  тап  күресін  дэйекті  түрде  баяндайтын  мейлінше  көп  мәселелерді 

қозғады.  Оның үстіне мұньщ  бэрінде  ол істі  жетік білумен  ғана шектелмей,  сонымен 

қатар  ғылыми  жағынан  жақсы  негізделген  қорытындылар  да  жасады.  Қашқарияның 

ауыл шарушалығына  талдау жасай келіп, Уалиханов онда егіншілік -  халыктың негізгі 

кәсібі деген қорытындыға келеді.  Қашқария  ауыл  шарушалығында өндіргіш күштердің 

даму дзрежесінің томен  екенін  айкын  аңғарды.  Бұл  елдің халқы отырықшылыққа Орта 

Азияның  басқа  халықтарынан  ертерек  көшті,  алайда  жер  өңдеу  техникасы  томен

80


дэрежеде  қала  берді.  Елдің  өнеркәсібінің  нашар  дамуы  мен  экономикасының  тоқырал 

қалуының себептерін талдау зерттеушінің «шамадан тыс салықтар өнеркәсіп пен сауда- 

саттықтың  табыска  жетуін  тежеп  отыр»  деген  қортыныды  жасауына  мүмкіндік  береді. 

Шоқан  Уалиханов  қазақтардың  тікелей  көршісі  болған  Орта  Азия  хандықтарының 

тарихы  мен  сол  кездегі  жағдайын  зерттеуге  көп  көңіл  бөлді.  Ол  бұл  мемлекеттердің 

саяси  құрылысы  мен  экономикасын  зерттеуге  баса  назар  аударды,  өйткені  Оңтүстік 

Қазақстан  халықтарының  едәуір  бөлегі  ездерін  XIX  ғасырдың  басында  жаулап  алған 

Орта Азия  хандықтарының  езгісінде  болатын.  Уалиханов  зерттеушілерінің  құндылығы 

мынада:  Орта  Азия  мемлекеттерінің  сол  кездегі  жағдайы  туралы  көзімен  көргендерін, 

естігендерін  жай  ғана  суреттеп  шыққан  өз  ізашарларынан  айырмашылығы  ІДоқан  бұл 

елдер  экономикасының  артта  қалу  себептерін  ашып  көрсететін  талдау  жасайды.  Орта 

Азия  мемлекеттері  артта  қалған  аграрлы,  өнеркэсібі  нашар  дамыған  елдер  еді.  Хан 

үкіметі  өзінің  салық  саясаты  арқылы  бұқараның  өнеркәсіпті  дамыту  жөніндегі 

инициативасын  тұншықтырып  отырды.  Шоқан  бұл  елдердің  экономикалық  жағьшан 

элсіздігінің  саяси  басқарудың  хан  өкіметі  сияқты  ескірген  формаларымен  ұштасып 

жататындығын  өте  дұрыс  көрсетеді.  Шоқан  Уалиханов  Орта  Азиядағы  хан  өкіметінің 

жагдайы  туралы  мәселеге  тагы  да  демократтың,  еңбекші  бұқара  мүдделерін 

қоргаушының,  ол  өкіметті  жоюдьщ  және  оны  басқарудың  жаңа  формаларымен 

алмастырудьщ тарихи қажеттілігін тусінетін адамның нозициясынан келеді.

Шоқан  Шыңғысұлы  Уалиханов  тарихи  прогресс  және  шынайы  патриотизм 

идеясын  дүрыс  түсінді.  Ол  өзінің  туған  қазақ  халкының  жэне  керші  елдер: 

Қырғызстанның,  Қашқарияньщ  жэне  Орта  Азияның  тарихын  зерттеу  мәселелерімен 

байланысты.  Уалихановтың  тарих  женіндегі  еңбектерінің  негізгі  арқауы,  ортақ 

мақсатты  -   шығыс  халықтары  тарихын  бүкіл  дүние  жүзілік  тарихы  дамуымен  коса 

а л ь т   көрсетуге  ұмтылыс  еді.  Қазақстан  тарихы  мен  саяси  құрылысын  Римнің  және 

Персияның  дамуымен  салыстыра  келіп,  Уалиханов  адамзат  қогамы  дамуының  жалпы 

заддылығын  атап  көрсетті.  Ғалым-демократ  ретінде  ол  толын  жатқан  маңызды 

мәселелерді  дүрыс  шеше  білді.  Шоқан  Уалихановтың  калдырган  гылыми  мұрасы  оны 

Россиянин  аса  көрнекті  ағартушы  демократтарымен  жэне  ғалымдарымен  бір  қатарга 

қояды,  оның  қалдырған  мүрасы  қазак  және  орыс  халықтарының  достығьш  нығайтуда 

игі роль атқарды.

Ш. Уалихановтың тарих ғылымына қосқан орасан зор үлесі  оны қазақтың түңгыш 

ағартушысы,  қогам  қайраткері  жэне  ойшысы  деп  кана  емес,  сонымен  катар  аса  ірі 

тарихшы -  ғалым ден атауға негіз болады.



Әдебиеттер:

1.  Дулатова.  Д.  « Шокан -  тарихшы ».  Алматы.  1976.

2.  Ш.  Уалиханов  «  Тандамалы  ».  Алматы.  1980

3.  Сәтпаева Ш.  Қ.  « Шокан Уалиханов  филолог ».  Алматы.  1987

4.  Қазақстан тарихы  III том.  Алматы.  2002.

5.  «Акиқат» ұлттық қоғамдық -  саяси  журналы.  №11. 2008.

6.  «Ақикат» ұлттық қоғамдық -  саяси  журналы. № 3. 2009.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет