Академ и ясы



бет33/45
Дата14.09.2023
өлшемі6,15 Mb.
#107544
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (pdf.io)

Мектеп әкімшілігі, әдіскерлер
Оқу жылы ішінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру үшін (салауатты психологиялық ахуал, табысқа жету жағдайларын жасау, біліктілікті уақытылы арттыру, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, сабақ кестесін құружәне т.б.),сондай-ақорта білім беруұйымдарыныңтүріне қарамастан, білім алушылардың сабақтан тыс уақытта демалуы мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды.Бұл мәселені шешуде бірінші басшының әрбір білім алушымен оның үлгерім деңгейіне қарамастан құндылық тұрғысынан қарым-қатынас жасауын қамтитын принципті ұстанымы маңызды.
Барлық білім алушы үшін бірдей оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, түрлерін, құралдарын қолдануға болмайды, сараланған әдіс-тәсілдерді қолдану маңызды.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім сапасына үнемі мониторинг жүргізу, қорытындыларын тұжырымдай отырып, барлық оқу пәндері бойынша білімдегі олқылықтарды анықтау, алдын алу, түзету іс-шараларының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу қажет.Мектепішілік іс-шараларды (педагогикалық кеңес, жиналыс, мәжіліс) өткізу кезінде педагогикалық ұжымдыағымдағыжағдайментаныстырыпқана қоймай, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау, білім сапасын арттыру, шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша тиімді шараларды ұсыну маңызды.
Педагогтерге әдістемелік көмек көрсету тұрақты негізде жүзеге асырылуы тиіс. Анықталған себептерге (физиологиялық, психологиялық, әдістемелік, әлеуметтік және т.б.) сүйене отырып, үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жоспарлау қажет.
Педагогтер
Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және жүзеге асыру кезінде мұғалімнің оқушыларға, сабаққа, оқу нәтижесіне құндылық тұрғысынан қарым-қатынасы маңызды. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасауда әр оқушыға назар аудару маңызды.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыста педагогтер оқушы үлгерімінің төмендеу себебін анықтап, өз ұстанымдарын, әдістерін, құралдарын, оқытуды ұйымдастыру түрлері мен мазмұнын қайта қарауы, әрбір сабақта білім алушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтардың орнын толықтыру, оның ішінде зерделенген материалды қайталау, бекіту жұмыстарын жүргізуі қажет.

77
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері: жеке, топтық, ойын тапсырмалары, шығармашылық тапсырмалар, мультфильм/фильмді, оқу бейнематериалын қарау және талқылау, жауабын таңдау тапсырмалары, карточкалармен жұмыс (жеке жұмыс үшін, тренажер-карточкалар, информатор-карточкалар, шешім үлгілері бар карточкалар), білім алушыларға арналған жадынамалар және т.б.


Үлгерімі төмен білім алушыларға сауалнама жүргізу кезінде жауаптың үлгі жоспарын беру қажет; үйде жасалған жоспарды пайдалануға рұқсат беру; тақтада жауап беруге дайындалуға көбірек уақыт беру; алдын ала жазбалар жасау, көрнекі материалды және т.б. пайдалануға рұқсат ету қажет.
Материалды дәйекті түрде көрсетуге көмектесетін жетекші сұрақтар қою маңызды. Оқушы қандай да бір себептермен болмаған сабақ тақырыптары бойынша материалды меңгергенін уақытылы тексеріп отыру қажет. Сауалнама барысында және оның нәтижелерін талдау кезінде ізгі ниет атмосферасын қамтамасыз ету маңызды.
Сабақтарда және қосымша сабақтарда келесі тәсілдерді қолдану ұсынылады: іс-әрекет түрлерін әртараптандыру, оқу материалын ұтымды бөлу, сабақ материалын бірнеше рет қайталап айту және бекіту, іс-әрекетті алгоритмдеуге тырысу; кабинетті желдету, шынықтыру минуттарын өткізу; әр кез қажеттілік пен жеткіліктілік ұстанымын сақтауды естен шығармау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет