Лексикология пәні және оның зерттелу объектісі
1. Лексикология пәні, және оның лингвистикалық басқа салалармен байланысы.
2. Лексикологияның зерттеу объектісі
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика (гр.Іехікоз — сөздік) немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу кабілетін кұнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология (гректің Іехікоз- сөздік+logos-ілім сөздерінен) деп атайды. Лексикология - сөз байлығын қарастыратын тіл білімінің бір саласы. Тілімізде қанша сөз болса, солардың жиынтығын лексика немесе сөздік құрам делінеді. Лексикологияның зерттейтін обьектісі - сөз. Белгілі бір заттың, оқиға, құбылыстың, қимыл, түр-түстің және тағы да басқа ұғымның атауын сөз дейміз. Сөз белгілі бір тілде сөйлеуші халықтың барлығына бірдей ортақ түсінікті болып табылады. Адам өзі түсінген, таныған заттарына,ұ ғымдарына атау тағады, оны күнделікті тұрмыста қарым-қатынас жасау, пікір алысу үшін қолданады. Тілдегі әрбір сөз белгілі бір ұғымның түсінікті атауы болады. Әрбір сөздің білдіретін ұғымы сөз мағынасы делінеді.
Сөздің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология деп аталады.. Қазақ тілінің лексикологиясы - қазақ тілінің сөздік құрамын тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің лексикологиясы — қазақ тілінің сөздік құрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Сөздік құрамдағы сөздерді жалпылама қолданыстағы сөздер және қолданыс аясы шектеулі сөздер деп, шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады. Жұртшылықтың бәріне ортақ жалпылама қолданыстағы сөздерге зат, құбылыс, оқиға атаулары, адамның әр алуан сезім-күйлерін бейнелейтін сөздер, субъективті мәнді бағалауыштар тәрізді әдеби тіл аясындағы лексика-фразеологиялық бірліктер жатады. Қолданыс аясы шектеулі, жалпақ жұртшылық жалпылама қолдана бермейтін сөздерге: термин сөздер, кәсіби сөздер, жергілікті сөздер жатады. Мұндай сөздерді талғаусыз кез келген жерлерге жұмсауға болмайды, белгілі бір мақсатпен ғана қолданылады. Қолданылуы қарым-қатынас жағдаятына тәуелді болып келетін сөздерді таңдап, саралай білу қажет. Өйткені бір алуан сөздер сөйлеу жағдаятына бейтарап болса, қайсыбір сөздер кез келген сөйлеу жағдаятына талғаусыз жұмсала бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |