Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері болады: Күрделі


Сонымен қатар, академиялық хаттың ерекшелігі



бет2/4
Дата21.12.2022
өлшемі24,88 Kb.
#58592
1   2   3   4
Сонымен қатар, академиялық хаттың ерекшелігі:



Академиялық мәтін ешқашан субьективті болмауы тиіс. Мысалы, «Менің ойымша, академиялық жазылымның басқа жазылымдарға қарағанда 4 айырмашылығын көре аламын» деген сөйлемді обьективті түрде былай беруге болады: «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа жазылымдардан 4 түрлі ерекше айырмашылығын байқауға болады». Академиялық бағыттағы сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп, нақты ақпарат беруін көздейді. Сонымен, академиялық құрылыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті дәлелді етіп анық жеткізу.
Академиялық хат және ғылыми стиль. Академиялық хат – арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттердің өз бетінше зерттеу дұмысын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Тіл білімінде стильдің 5 түрі:



  • Ауызекі

  • Публистикалық

  • Әдеби

  • Ғылыми

  • Ресми іс-қағаздар.

Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптың бірі логикалық жүйелі ой түрінде жазылуы тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі.
Ғылыми стильдің өзіне тән түрлері де болады, олар:



  • таза ғылыми стиль

  • ғылыми-оқулық стилі

  • ғылыми көпшілік стиль.

Сонымен қатар, пәнді оқу арқылы өзін-өзі басқару, жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу, соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету сияқты дағдыларды қалыптастыруға болады.
Академиялық хаттың мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландырудемек ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді жазуға үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет