салыстыру - ұқсас бірліктерді (мысалы, тіл білімінде) салыстыра зерттеу;
салғастыру - әртүрлі тілдік бірліктерді, мысалы, түркі семьясының қыпшақ тобындағы қазақ тіліндегі фразеологизмдерді үнді-еуропа семьясының герман тобындағы ағылшын тіліндегі фразеологизмдермен салғастыра зерттеу;
сипаттамалы әдіс (синхронды) - ғылыми құбылысты қазіргі заман тұрғысынан зерттеу;
тарихи әдіс (диахронды)-ғылыми құбылыстардыңтарихи тұрғыдан
дамуын, өзгеруін зерттеу.
Тәсіл – тілдік материалды жинақтағанда қолданылатын картотекасын жасау, ғылыми пікірлерді жинақтау, олардың хронологиялық тәртібін сақтай отырып, қажетті жүйеге түсіру, перфокарталар құрастыру сияқты жұмыстар.
Зерттеу нысанын белгілеген соң, соған ортақ терминдердің тезаурустық қатарын құру.
Практикалық тапсырмалар. 1. Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Ғылыми мағлұматтар жинауда ғылыми-зерттеу әдістері қандай
рөл атқарады?
2. Ғылымның дамуында болжам (гипотеза) әдісінің маңызы
қандай?
3. №1 семинарда өзіңіз таңдап алған мақалада қолданылған әдіс-тәсілдерді анықтаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
№ 3 дәріс. Академиялық жазылым үдерісі
Тақырып таңдау
Ақпарат іздеу
Жазылым үдерісі
Жазба жұмысын жоспарлау
Тақырып таңдау Тақырып таңдау жазба жұмысын жазу үдерісінің ең маңызды кезеңі болып саналады. Мәселен, эссе тақырыбын таңдау қарапайым болып көрінгенмен, біршама ойлануды талап етеді. Сондықтан оған үстірт қарауға болмайды. Себебі оқырман эссе мазмұнын толық оқымас бұрын эссе тақырыбын оқиды. Олар тақырыпқа қарап эссенің қандай бағытта жазылғанын түсінеді. Осы жайттарды ескере отырып, жазба жұмысы тақырыбының қаншалықты маңызды екенін және оны қанша адам оқитынын аңғаруға болады.
Жазба жұмысы белгілі бір пәнге қатысты зерттеу тақырыбын қозғайды, ал зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау оның мақсат-міндетін айқындап алумен тікелей байланысты.