Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін білім беру жүйесін сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойды. Осы аралықта білім беруді басқару мен қаржыландырудың құқықтық-заңнамалық базасы қалыптасып



Дата25.11.2023
өлшемі14,07 Mb.
#125958

Мұғалімнің сыни ойлауы неден көрінеді?
Жақсылық Ақжүніс,Төлеутай Алтынай,Усенбекова Аида
Сын тұрғысынан ойлау — бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау үлкен мүмкіндіктер береді. Сыни ойлау жаңа идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау
Сыни тұрғыдан ойлаудың
мақсаты:
Барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Сабақ барысында оқушылар – сыни тұрғыдан ойлауды үйреніп, жаңа ақпаратты қабылдап, оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізуі қажет. Оқушылар ақпаратты және идеяларды өз бетімен түсініп қабылдап қоймай, өзіне пайдалысын алу керек.
01
02
03
04
АҚШ профессоры Д.Клустер сыни ойлауды былай деп анықтайды
Сыни тұрғыдан ойлау бұл – өзіндік, жеке ойлау;
Сыни тұрғыдан ойлауда ақпарат тұйықталушы емес аттандырушы пункт болып табылады;
Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;
Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;
Сыни ойлаушының ерекшеліктері мынандай болады деп тұжырымдауға боларлық:
- кез келген проблема не ақпарат бойынша нақты сұрақтар қояды;
- ең маңызды жәйттерді бөліп шығарады;
-проблема не ақпаратқа қатысты деректерді қолданады;
-дәлелді қорытынды мен шешімдер келтіреді;
- өз пікірі мен көзқарастарына деген жоғары жауапкершілігі бар;
- қарастырып отырған мәселені басқаларымен салыстырады;
- балама ұсыныстар мен көзқарастарды тұжырымдайды;
- икемді болады: өз ойлары мен пікірлерін өзгерте біледі, қателерін мойындап, оларды түзейді; - себеп-салдарды анықтайды;
- талдайды, тұжырым жасап, қорытындылайды;
- мәселеге ауқымды тұрғыдан қарап, бірінші мезетте тек қомақты жәйттерді бөліп қарастырады;
- шешім қабылдауда басқалармен тиімді түрде ынтымақтасады;
- әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпарат табады, оның мазмұнын, бағытын, мақсатын өздігінше түсінеді;
Мұғалімнің сыни ойлауының 8 элементі:
1.Мақсат
2.Сұрақтар
3.Ақпарат
4.Интерпретация
5.Концепция
6.Пайым
7.Салдар
8.Пікір

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет