Лекция Комплексонометрия әдісінің маңызы. Комплексондар. Металлхромды индикаторлар және оларға қойылатын талаптар



бет1/6
Дата08.04.2023
өлшемі236,66 Kb.
#80498
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 лекция Комплексонометрия (2)


9 лекция


Комплексонометрия

1. Комплексонометрия әдісінің маңызы. Комплексондар.


2. Металлхромды индикаторлар және оларға қойылатын талаптар.
1. Комплексонометрия әдісінің маңызы. Комплексондар.
Комплексонометрия комплексон деп аталатын органикалық реактивтермен комплекстік қосылыстар түзетін иондарды анықтау реакцияларына негізделген әдіс. Мұнда ете берік, суда жақсы еритін комплекстік қосылыстар түзіледі. Әдіс тездігімен және жоғарғы дәлдігімен ерекшеленеді.
Комплексондар аминополикорбон қышқылдарының туындысы болып табылады
( 1-кесте).
Комплексиметриялық титрлеу ертеректен белгілі (150 жылдан астам). Алғашқы жұмыстар иодид иондарын анықтауға жатады.

KJ + Нg(NО3)2 К2 [HgJ4 ] + 2КNО3


1851 ж Либих цианидтерді күміс нитраты ерітіндісімен комплексиметриялық анықтау туралы жазды:
КСN + АgNO3 ↔ К [Аg(СН)2 ] + КNO3
Бейорганикалық титранттар қазіргі уақытта шектеулі қолданылады. Оларды ішінен ең кең тарағаны хлоридтерді, бромидтерді, роданидтерді, цианидтерді және тиомочевинаны меркуриметриялық титрлеу әдісі.
4КХ + Нg(NO3)2 ↔ К2[НgХ4] + 2КNО3
Органикалық титранттар айтарлықтай көп таралған. Соңғы уақытта тиолдар, купферон, дитизон және басқалар қолданылып жүр.
1-кесте

Олардың комплекстерге қарағанда артықшылығы арнайылығында. Органикалық комплекс түзушілерді қолданатын титриметриялық әдістерде эквиваленттік нүктесін металлохромдық индикатормен анықтайды (немесе, электрохимиялық әдіспен).


Комплексонометрия реакцияларына қойылатын жалпы талаптар барлық титриметриялық әдістегілерге ұқсас:— олар тез, соңына дейін, қосымша процестерсіз және т.с.с. өтуі керек.
Комплексонометриялық әдістің сұрыпталуы (селективтігі) әдетте үлкен емес, және қандай донорлық атомдар катионмен әрекеттесуде қатысатынына байланысты. Иодидтер кейбір элементтермен ғана (Нg2+, Ag+ РЬ2+, ВI3+) тұнба және комплекстер түзетін болғандықтан, калий иодидімен титрлеу жоғары сұрыпталуға алып келеді. Аммиак және полиаминдердің де, әсіресе, комплексондарға қарағанда сұрыпталуы жоғары. Мысалы, тетраэтиленпентаминді қолдану әрекеттесу сұрыпталуы бойынша ерекшелігі үлкен, себебі ол элементтердің аз санымен тұрақты комплекстер түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет