Академиялық жазу және ғылыми зерттеулер негіздері 2022-2023 оқу жылы Студенттерге арналған пән силлабусы



бет11/21
Дата17.09.2022
өлшемі350,73 Kb.
#39352
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
акад жазу силлабус 2022-2023

Тақырып 6. Жазбаша жұмыс жазу. Кіріспе мазмұны мен құрылымы
Тапсырма:
1.Мәтін құрылымы дегеніміз не?
2.Жұмыстың өзектілігі дегеніміз не?
3.Жобаның мақсаты мен жобаның міндеттері арасындағы айырмашылық неде?
4.Зерттеу (жоба) нысаны мен пәні қалай ерекшеленеді?
5.Зерттеу әдісі мен әдістемесі дегеніміз не?
6.Зерттеудің (жобаның) әдістемесі мен әдіснамасының айырмашылығы неде?
7.Мамандық бойынша жазылған дайын жазбаша жұмыстың құрылымына талдау жасаңыз.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша):
Ұсынылған әдебиеттерді қарастырыңыз; өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап беріп, конспект жасаңыз.
Әдебиет:[негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6. ]


Тақырып 7. Ғылыми мақала.
Тапсырма 1:Терминдерді түрлеріне қарай жіктеп, түсіндіріңіз.
Экожүйе, экологиялық таза өнім, экологиялық дағдарыс, экологиялық алапат, экологияландыру, экологиялық тепе-теңдік, экологиялық төтенше жағдай белдемі, антропогендік ластану, жергілікті (локальное) ластану, тозу (деградация), биотехнологиялық, бәсекелестік, трансшекаралық ластану, түр әралуандығы, төзімділік (толерантность), қышқылды жаңбыр, озондық қабат, улылық, атмосфералық айналым, минералдық тыңайтқыш, ғаламдық жылыну, көшеттілік эффектісі, экологиялық мониторинг, қуаңшылық, азоттық қышқыл, ауа қысымы, экобағалау субьектісі, ауа қысымы, қоршаған орта, ауа бассейні, биологизациялау, биопрепарат.
Тапсырма 2: Мәтіннен терминдерді теріп жазып, түрлеріне қарай және жасалу жолына қарай жіктеп, түсіндіріңіз.
Қазақтың сусыны – қымыз
Қазақ халқы үшін төрт түлік малдың орны ерекше. Дегенмен, жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі жоғары бағаланатын. «Жылқы малдың – патшасы, түйе – малдың қасқасы» деген мақал осыған айғақ. Мереке -қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен басқа да ауыр күндерде бұл түліктер адамның жан серігі, айрылмас досы болған. Жылқының бір қасиеті – оның сүті. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат беретін – қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның ағзасына жақсы сіңеді. Бие сүтінде С дәрумені мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе, туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны ұйымдастырушы В.Толстиков деген дәрігер: «қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады»,-деп жазған екен.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша):
Ұсынылған әдебиеттерді қарастырыңыз; өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап беріп, конспект жазыңыз, сөйлемдерге талдау жасаңыз.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6..].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет