Академиялық жазу және ғылыми зерттеулер негіздері 2022-2023 оқу жылы Студенттерге арналған пән силлабусы



бет10/21
Дата17.09.2022
өлшемі350,73 Kb.
#39352
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Тақырып 3. Ғылыми мәтіннің негізгі жанрлары
Тапсырма:
1. Бастапқы жанрларға қандай жанрлар жатады?
2. Монография, нұсқаулық, курстық жұмыс , диссертация жанрларына анықтама беріңіз.
3.Қайталама жанрлар деп қандай жанрларды айтамыз?
4.Тезис, конспект, реферат, аннотация дегеніміз не?
5.Мамандық салаңыз бойынша бір тақырыпқа реферат жұмысының жоспарын құрастырыңыз.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша):
Ұсынылған әдебиеттерді қарастырыңыз; өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап беріп, конспект жазыңыз.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].


Тақырып 4. Академиялық эссе.
Тапсырма:
1. Еркін тақырыпта академиялық эссе жазыңыз.
2. Берілген тақыптардың біріне академиялық эссе жазыңыз. «Латын әліпбиіне көшу –заман талабы», «Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры», «Пандемияның адамзаттың тұрмыс –тіршілігіне тигізген әсері»
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша):
Ұсынылған әдебиеттерді қарастырыңыз; өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап беріп, конспект жазыңыз.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].


Тақырып 5. Академиялық мәтіннің құрылымы
Тапсырма: Шағын мәтіндердің ақпаратты жеткізудің қай түріне жататынын анықтаңыз.
І. Фотосинтез - өсімдіктердің қоректенуінің негізгі әдісі. Фотосинтез барысында күн энергиясының әсерімен көмірқышқыл газы көмірсуларға дейін тотықсызданады. Жасыл өсімдіктерде электрондар доноры су болып табылады, сол себепті фотосинтез нәтижесінде оттегі пайда болады. Фотосинтез кезінде күн энергиясы хлоропластар арқылы тұтылып, ең ақырында көмірсулардың химиялық байланыстар энегиясына айналады: сіңірілген көміртегінің 1 грамм-атомына шаққанда, 144 ккал. энергия жинақталады.
ІІ. АҚШ. Калифорния штаты. Лос-Анджелес қаласы. Дүниежүзінің жасырын фармакология өнеркәсібін ашумен шұғылданатын әйгілі мамандар осы елдің Нью-Йорк қаласында халықаралық деңгейде жұмыс істеген фармакологиялық картельді тауып, олардың «шошқа тұмауы» Пандемиялық вирусының дүниежүзіне таралуын қамтамасыз ететін және сол вирусты дайындаумен, сондай-ақ оны жоюға қарсы егілетін вакцинаны таратумен айналысып келгенін әшкереледі.
II: Ақпаратты, мәліметті жеткізудің баяндау, хабарлау, сипаттау, пайымдау жолдарына мысал келтіріп жазыңыз.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқау (қысқаша):
Ұсынылған әдебиеттерді қарастырыңыз; өзіңізге қажеттісін сұрыптап алып, әрбір сұраққа жеке-жеке жауап беріп, конспект жасаңыз.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет