Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мыналарды меңгереді:
Зерттеу жүргізу негіздерін (өз бетінше ғылыми еңбектерді оқу, талдау);
Конспекті жасау ережелерін (тұтас мәтінді көшіру орынына қажетті ақпаратты жазып алу);
Өзін-өзі басқару (мақалаларды оқу мен жазу үшін өз уақытын тиімді пайдалану мен жоспарлау);
Жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу;
Соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету.
1-практикалық сабақ:
Академиялық жазылым түсінігі жайында түрлі әдебиеттерден пікірлер мен анықтамаларды жинап, ол туралы өздері түсінген пікірлермен бөлісу.
Академиялық мәтіннің түрлері, формалары: зерттеу туралы есеп, оқу жұмысы, эссе, реферат, ғылыми мақала, ғылыми жоба.
Академиялық мәтінде екі жақты мәселені талдау жолдары. Мәселені шешудің жолдарын ұсыну бағытында жазылатын ғылыми жұмыстардың құрылымы.
1-студенттің өзіндік жұмысы
Ғылыми журналдардағы академиялық бағытта жазылған жұмыстарға талдау жасау. Олардың құрылымын айқындау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Оразбаева Фаузия Шамсиевна. Тіл әлемі [Текст]: мақалалар, зерттеулер.- Алматы: Ан-Арыс, [278 б] 2009.- 368 б.
Короткина И. Б. Возможности использования зарубежного опыта развития академических языковых навыков в российском образовании // Вестник Московского государственного областного педагогического университета. – 2009. – № 4. – C. 81-84.
Чеканова А. Э. Обучение написанию аналитической статьи на английском языке как средство развития словесно-логического мышления студентов // Педагогическое образование в России. – 2011. – № 1. – С 176-183.
Oshima, A. and Hogue A. Writing Academic English (The Longman Academic Writing Series, Level 4) 2005, Pearson PTR Interactive
Sowton, C. 50 Steps to Improving Your Academic Writing Study Book Imprint: Garnet Education, 2012.