Академиялық жазылымның ерекшелігі: 1) Ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы;
2) Жүйелілік;
3) Тақырыптың тұтастығы;
4) Арнайы етістік шақтарын қолдану;
5) Ғылыми стиль талаптарын сақтау.
Академиялық жазылымның негізгі талаптары:
Зерттеу тақырыбы.
Плагиат ережесін сақтау.
Ғылыми мәліметтерді қолдану.
Кіріспе, негізі бөлім және қорытынды бөлімдерінің болуы.
Түйіндеменің (abstract) болуы.
Академиялық мәтін тілі, ондағы тілдік бірліктерді қолданудың жолдарының сақталуы.
Академиялықмәтінгеқажеттіэлементтердің(титул парағы, мазмұны,мазмұндық бөлігі, әдебиет тізімі) болуы.
Академиялық жазылым пәнін оқу арқылы студенттер мыналарды меңгереді:
Зерттеу жүргізу негіздерін (өз бетінше ғылыми еңбектерді оқу, талдау);
Конспекті жасау ережелерін (тұтас мәтінді көшіру орынына қажеттіақпаратты жазып алу);
Өзінөзі басқару (мақалаларды оқу мен жазу үшін өз уақытын тиімдіпайдалану мен жоспарлау);
Ғылыми стиль дегеніміз не? Ғылыми стиль жанрлары
Ғылыми стильді ғылым және оқыту саласында қызмет көрсететін сөйлеу құралдарының жүйесі деп санау қабылданған. Ғылыми стильдің негізгі белгілері: абстрактілік және жалпылау, нақты белгіленген, логикалық, терминологиялық.Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет.
Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
Ғылыми стиль әдетте үш шағын стильге жіктеледі:
Таза ғылыми шағын стиль; Оқулық –ғылыми шағын стиль; Көпшілікке арналған ғылыми шағын стиль.
Таза ғылыми шағын стиль белгілі бір ғылым саласындағы зерттеушілер шығармаларының стилі болып табылады, олар сол әріптестеріне арнап жазылады. Қоғамдық –гуманитарлық ғылым саласындағы ғылыми еңбектер көпшілікке түсінікті болып келеді. Сонысына қарамастан, таза ғылыми стильге жатады. Оның басты себебі: ондай зерттеулерде, айталық, әдебиетті жақсы түсінетін мәдениетті оқырманды елең еткізерлік нақтылы теориялық тұжырымдар жасалып отырады. Оқулық –ғылыми шағын стиліндегі шығармалардың басты мақсаты –шәкірттерге нақтылы бір ғылымның негіздерінен білім беру немесе ғылымның жеке саласы бойынша тұрақты түсінік қалыптастыру. Осыған байланысты мектеп оқушыларына арналған оқулықтар ең бастысы «жеңілден –қиынға қарай, қарапайымнан –күрделіге қарай» деген ұстанымға сай келу керек. Көпшілікке арналған ғылыми шағын стильде жазылған еңбектер ілгерілерден өзгеше. Олар білім –ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға немесе білім алуға ұмтылған жастарға емес, жалпы қауымға, жасына интеллектуалдық дәрежесіне, ұлттық ерекшелігі мен наным – сеніміне қарамастан, кең аудиторияға арналады. Мақсаты –ғылым саласындағы жаңалықтар туралы немесе елдің ішкі, сыртқы жағдайы туралы көпшілікті хабардар ету.
Ғылыми стиль жанрларындағы ғылыми мәтіндердің мазмұнын ашатын лексикалық