Академиялық жазу


Шолу қызметіндегі дәйексөздер



бет9/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
Академиялы жазу

1. Шолу қызметіндегі дәйексөздер. Мұндай қызметтегі дәйексөздер

белгілі бір ғылыми мәселенің, идеяның, я болмаса теорияның қарастырылу

тарихын жеткізу үшін пайдаланылады, ғылыми білімнің қаншалықты өсу

динамикасын бейнелейді, ғылыми-тарихи, хронологиялық, биографиялық

сипаттағы ақпаратты жеткізеді, қарастырылып отырған саланың қазіргі ахуалын

(мәтіннің жазылу кезіндегі) көрсетеді.

2. Мәселені қалыптастыру қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөз зерттеу

мәселесі бойынша түйінді мәселені алға шығарып немесе қалыптастырып,

соның мазмұнын ашуға қызмет етеді, бұрыннан бар білімді талдаудың негізінде

жаңа білімнің аумағын нақтылайды.

3. Құралдық немесе бағдарлық қызметтегі дәйексөздер. Бұл

дәйексөздер ғылыми айналымдағы бар зерттеудің әдістемесі мен әдістері,

оларды бағалау және сол арқылы зерттеушінің жаңа білім алудағы танымдық ісәрекетінің қалыптасуын көрсетеді.

4. Ғылыми ұғымдарды нақтылау қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөз

алдыңғы зерттеушілердің пайдаланған ұғымдарын түсіндіруді мақсат етеді, сол

ұғымдардың мазмұнын ашып, дәйексөз келтіруші автор мен басқа да ғалымдар

оларды бағалайды.

5. Дәйектеу қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөз дәйектеуші құрал

ретінде жаңа білімді негіздеу барысында дәлелдеу тетіктерін пайдалана отырып

қолданылады, сөйтіп, зерттеу нысаны туралы жаңа ғылыми білімнің мазмұнын

қалыптастырады

6. Болжау қызметіндегі дәйексөздер. Дәйексөздер автордың тың

тұжырымдарын бейнелеу мақсатында зерттеу саласының перспективаларын

көрсетуге қатысады. Мұндай қызметтегі дәйексөздер алдыңғы түрлеріне

қарағанда аз ұшырасады, солай бола тұра, ғылыми мәтіндерде кездесіп тұрады.

Дәйексөздерді рәсімдеу ережелері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет