Семинар-сұхбат - оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасы.
семинар-сөз-жарыс - қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады
Семинар сабағын өткізудің тиімділігінің негізгі техникалары:
дәріс курсы мен семинар сабағының бірізділікте болуы;
семинар сабағының жоспарының болуы;
студенттің белгілі бір тақырыпты терең игеруіне қатысты кеңес беру үшін оқытушының әдебиеттерді көп білуі;
семинар сабағында студенттер жұмысына қатаң бақылау жасау;
Библиографиялық сілтемелер. Күрделі библиографиялық сілтемелерді құру
Сілтеме дегеніміз - жұмыс жазу барысында қолданылған, бұрын жарияланған немесе жарияланбаған, қағаз немесе электронды түрдегі мәтіндер. Қандай түрдегі мәтін болса да, оқырманыңыз оны қалаған кезінде қиындықсыз тауып алатындай етіп, дереккөздің толық библиографиялық сипаттамасын беру немесе жолын көрсету қажет.
Жұмысты жазу кезінде автор материалды немесе жеке нәтижелерді алған дереккөзге библиографиялық сілтемелер жасауы керек.
Библиографиялық сілтеме-құжатты жалпы сипаттау, сәйкестендіру және іздеу үшін қажетті және жеткілікті, мәтінде келтірілген, қаралатын немесе аталатын құжат туралы библиографиялық мәліметтердің жиынтығы.
Библиографиялық сілтеме жұмыстың нақты дұрыстығын растайды. Ол жұмыс мәтінінде келтірілген, қарастырылған, аталған құжат туралы оны анықтау және іздеу үшін қажетті және жеткілікті библиографиялық ақпаратты көрсетеді.
Кез келген сілтемелерде жарияланған және жарияланбаған құжаттардың барлық түрлері (оның ішінде жергілікті немесе қашықтан қол жеткізудің электрондық ресурстары), сондай-ақ олардың құрамдас бөліктері немесе құжаттар тобы библиографиялық сілтемені жасау объектілері болып табылады.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің талабы бойыңша-сілтеме мәтін ішінде төртбұрышты жақшаның ішінде беріледі, мысалы, [1,47]. Нүктежақшанын сыртына қойылады. Мұндағы бірінші сан дереккөздің библиографиялық тізімдегі реті, екінші сан - мәтіннің нақты фрагменті алынған бет нөмірі. Егер бір мезгілде бірнеше дереккөзге сілтеме жасасаңыз, олар үтір- нүкте арқылы ажыратылып беріледі. Мысалы: [1, 2-3]; [2, 37]; [3] немесе [1, 2-3; 2, 37; 3].
Библиографиялық сипаттаманың құрылымы мынадай элементтерді қамтиды: автордың тегі мен аты-жөні, атауы, кімнің редакциясымен шыққандығы, томы, бөлімі, шығарылымы, басылып шыққан орны, баспасы, жылы. Автордың тегі атау септігінде көрсетіледі. Аты-жөні тегінен кейін жазылады. Егер авторлар екеу немесе үшеу болса, барлық авторлардың тектері мен аты-жөндері дереккөздегі нұсқасымен беріледі. Басылып шыққан орны қысқартылып жазылады. Басылып шыққан жылы «ж.» әрпінсіз, толық көрсетіледі. Журналдар мен газеттерден алынған дереккөздерді сипаттау кезінде авторлардың тектері мен аты-жөндері, мақаланың атауы, содан соң екі қиғаш сызық (//), журналдың немесе газеттің атауы, нүкте, сызықша, жылы, сызықша, журналдың нөмірі немесе газеттің шыққан мерзімі, нүкте жазылады.Сілтемелер мен библиографиялық тізімді ресімдеудің қазақстандық стандарты бойынша пайдаланылған әдебиет тізімі үтірмен бөлініп, төртбұрышты жақшаның ішінде берілген сілтемелердің мәтін ішінде кездесу реті бойынша құрылады.