Академиялық жазу



бет7/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
Академиялы жазу

Аббревиатура (итал. abbreviatura, ab - қысқару, brevio - қысқа сөзінен) - негізгі сөз тіркестеріне енетін бастапқы сөздер дыбыстарынан немесе бастапқы әріптерден жасалған сөз.

Аббревиатура ежелден жазба тілі бар барлық халықтың жазба материалдарында қолданылды. Қысқартудағы басты мақсат мәтіндік ақпаратты тасымалдаушыларда (керамикалық тақтайшалар, жарғаққа жазылған жазулар, т.б.) орынды үнемдеумен және жиі қолданылатын сөздер мен сөз оралымдарын жазуда шапшаңдық танытумен байланысты болған. Алғашқы деген қысқартулар қатарында антикалық жазбалар танылады, кейіннен қолжазбаларда да тарала бастады. Ежелгі римдік аббревиатуралар немесе «тиротандық таңбалар» жүйесі римдік тахиграфияның негізі болып табылады. Кейіннен латын тілімен бірге орта ғасырларға жетіп, ең алдымен қолжазбалар мен тиындарда көрініс тапты. ХІ ғ. бастап мадақтамаларда көрінген аббревиатуралар XVI ғ. дейін өз қолданысын жойған жоқ. Бұл кезеңдегі латын қолжазбалары мен тиындарындағы аббревиатуралар негізінен сөз қалдырудан, әсіресе әріптер қосылысынан тұрады. Ал соңғы римдік қаріптерде аббревиатуралардың барлық түрі дерлік кездесіп отырған. Орта ғасырларда өз жалғасын заң, медицина және діни мәтіндерде тапты.

Әріптік аббревиатура — негізгі сөз тіркестеріне енетін сөздердің бастапқы әріптер әліпбилік атауларынан жасалған аббревиатура (Мысалы: қаз. ҚР - Қазақстан Республикасы, ГФР - Герман Федеративтік Республикасы, ҰҒА - Ұлттық Ғылым Академиясы).

Әріптік-дыбыстық аббревиатура - негізгі сөз тіркестеріне енетін жартылай сөздердің бастапқы дыбыстарынан, жартылай бастапкы әріптерінен жасалған аббревиатура (Мысалы: ҚазҮУ- Қазақ Үлттық Университеті); Күрделі-қысқартылған сөз.

Дыбыстық аббревиатура - негізгі сөз тіркестеріне енетін сөздердің бастапқы дыбыстарынан жасалған аббревиатура (Мысалы: қаз. ұжымишр - ұжымдық шаруашылық).[2]

Инициалдық - қысқартылып жазылған сөз тіркесіндегі басқы әріптерден немесе дыбыстардан ғана құралады. Мыс., ҚР (Қазақстан Республикасы), ҰFA (Ұлттық ғылым академиясы). Сондай-ақ, т.б. (тағы басқалары), т.с.с. тағы сол сияқты қолданылады;

'Буындық - сөз тіркесіндегі сөздердің бастапқы буындарынан немесе алғашқы сөздегі бастапқы буын мен соңғы сөздің түтастай тіркес тірілуінен құрылады. Мысалы, Қазақиарат (Қазақ акпарат агенттігі), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық). Аббревиатура ғылымда. әдебиетте, баспасөзде, ресми құжат- тарда көп қолданылады. Арабтік көр­кем әдебиетте де кездесіп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет