-
зерттеу жұмысының, эссенің, жазбаша жұмыстың соңында пайдаланылған
әдебиеттер тізімін көрсетуге;
«
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
Академиялық жұмыс департаменті
Академиялық адалдық кодексі
Редакция: 3
26
беттің 2 беті
-
нақты және сенімді ақпарат көздерін пайдалануға;
-
басқа білім алушыларға өзіндік орындалған бақылау жұмыстарын ұсынбауға;
-
зияткерлік меншікті пайдалануға қатысты негізгі қағидаттарды құрметтеуге
және сақтауға ;
-
жұмыстың кез келген түрінде, ауызша және жазбаша түрде, ағымдағы және
қорытынды бағалауда этикалық ережелер мен қағидаларды сақтауға;
-
емтихандарда шпаргалкаларды, ұялы телефондарды, ақпарат және байланыс
берудің электрондық құралдарын және т. б. пайдаланбауға.
-
Академиялық адалсыздық көрсеткені үшін жауапкершілік туралы білуге және
білім алушыға осы Кодекс шеңберінде шаралар қолданылатынына дайын
болуға.
9.
Академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін қызметкерлердің,
оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің жауапкершілігі.
ПОҚ, ғылыми қызметкерлер және университет қызметкерлері Академиялық
адалсыздық көріністерін анықтауға, алдын алуға жауап береді. Білім беру
процесіне қатысушылар Академиялық адалдық қағидаларын бұзғаны үшін
моральдық жауапкершілік көтеретіндерін есте ұстаулары керек.
Университеттің ПОҚ, ғылыми жұмысшылары мен қызметкерлері міндетті:
1)
білім алушылардың назарына ағымдағы және межелік бақылау жүргізу
нысандары,
бағалау
өлшемшарттары
туралы
ақпаратты
пәндердің
силлабустарында көрсетуге және жеткізуге;
2)
бағалаудың валидті әдістерін қолдану;
3)
электрондық журналды толтыру үшін жауапты болуға, күн сайын үлгерім мен
сабаққа қатысуды ағымдағы бақылау нәтижелерін енгізуге;
4)
білім алушылардың емтиханға дайындалу мақсатында жаттығу тесттеріне,
жазбаша және ауызша емтихан сұрақтарының тізіміне (жауаптарсыз) қол
жеткізуін қамтамасыз етуге;
5)
білім алушыларды олардың жұмыстары тиісті бағдарламалық қамтамасыз
етудің көмегімен плагиаттың болуына тексерілетіні туралы хабардар етуге;
6)
білім алушыларды пән бойынша нақты және сенімді білім көздерін таңдауда
оқытуға және қолдау көрсетуге;
7)
сілтемелерді, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, басқа адамдардың сөздері мен
ойларын ресімдеу тәсілдеріне үйретуге;
8)
орындалатын жұмыстың барлық қатысушыларының авторлығын көрсете
отырып, қызметтің жобалық түрлерін қағаз, электрондық, цифрлық
жеткізгіштерде ресімдеу тәсілдеріне үйретуге;
9)
академиялық адалдықты сақтау мәселелері бойынша білім алушылармен
олардың бақылау іс-шараларын орындау алдында түсіндіру жұмыстарын
жүргізуге;
10)
осы Кодексте белгіленген талаптарды бұзудың кез келген мүмкіндігіне кедергі
келтіруге;
11)
осы Кодекстің бұзылуының әрбір жағдайын қатаң есепке алуға;
|